Ана тілің – біліп қой, -
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой, -
Мақтанышың, елдігің.

Басқа қамың түк емес,
Тілдің қамы тұрғанда.

Тілің болса, үнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ...
Қадыр Мырза Әлі
Толығырық



Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.

Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен.
Ғабиден Мұстафин
Толығырық



Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Тәрбие басы – тіл.

Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы. Өсіп-өніп, түрлене білетін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытов
Толығырық



Ана тілін жақсы біліп тұрып, төтенше жақсы сөйлесең, бұл сүйеніш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.
Халел Досмұхамедұлы
Толығырық



Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.

Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Мөңке би Аманұлы
Толығырық



Әдепті қыз, ақылды ұл –
Өкпе-бауыр, жүрегің...
Байсерке абыз
Толығырық



Байдалы би:
- Алыста не алыс?
- Тәттіде не тәтті?
- Жақында не жақын? –
деген үш сұрағына Мұсаның қайтарған жауабына қанағаттанбай:
- Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ;
- Жаннан тәтті жоқ;
- Ажалдан жақын жоқ, - деген екен өзі.

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.

Атаңның ботасын алма,
Батасын ал,
Бота өліп қалады,
Батадан бағың жанады.
Есей би Алдамұратұлы
Толығырық



Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.

Баланы жастан жұмсап, жүгіртіп істете беру керек. Еңбекшіл азамат содан қалыптасады.

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Әзілхан Нұршайықов
Толығырық



Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.

Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
Мұзафар Әлімбаев
Толығырық



Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты эұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов
Толығырық



Құлақ екеу, ауыз біреу.
Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.
Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?
Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай.
Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай?
Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай.
Ахмет Байтұрсынов
Толығырық



Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Білмей тұрып билік айтудан аулақ болғын.

Өз ұлтын сүю - өзге ұлтты жек көру емес.

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.
Бауыржан Момышұлы
Толығырық



Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
Толығырық



Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Толығырық



Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді.
Толығырық



Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.
Толығырық



Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.
Толығырық



Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.
Толығырық



Күншығыстың діни дерті – религиозный митицизмде байқалады, ұлтшылдықта да сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді.
Толығырық



Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан – Абай.
Толығырық



Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.
Толығырық



Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті.
Толығырық



Жалпы адамзат қоғамының жаңа нәсілінің, асыл нәсілінің өкілі болуға жараған буындар туды дей аламыз.
Толығырық



Бүгінгі қазақ баласы – қырық жылғы қазақ баласы емес.
Толығырық



Адам өзгерумен бірге қауым, халық өсумен ілесе біздің өлкеміз де өзгерді.
Толығырық



Пәндер