Батырлығың не керек?
Байсалдылық болмаса,
Ақындығың не керек?
Айтарлығың болмаса.




Ерді асы үшін сыйлама,
Басы үшін сыйла.




Қайқы қылыш — ер сәні,
Қалі кілем — жер сәні.




Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды жардың ішінде
Алтын айдар ұл жатар.




Жортуылшы жолда өлер.




Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.




Жаудың тысында болма, ішінде бол.




Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.




Гүрілдеп келген жаудан
Күлімдеп келген жау жаман.




Жауға барсаң, бәрің бар,
Дауға барсаң, бірің бар.




Үндемесең, дау алар,
Жата берсең, жау алар.




Ұрыс болса, ырыс қашады.




Татулыққа не жетсін?!
Тәуекелден не кетсін?!




Қамданған қапы қалмайды.




Ер елінде кәдірлі,
Гүл жерінде кәдірлі.




Ердің айнасы — елі,
Жердің айнасы — көлі.




Ел жүрген жер — береке,
Ер жүрген жер — мереке.




Бөрі азығы жолында,
Ер азығы қолында.




Дұспанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.




Ер өтірік айтпайды,
Жоқтық айтқызады,
Ер асылық айтпайды,
Тоқтық айтқызады.




Шындық — қамал бұзар.




Шеберді шебер қолынан таниды,
Батырды батыр жонынан таниды.




Жауынан қашқан жарға паналар,
Жаудан қашқан қайда паналар.




Аңғал батыр алдырады —
Аяғынан шалдырады.




Тізерлеп өмір сүргеннен
Тіке тұрып өлген артық.




Пәндер