- Мақал-мәтелдер /
- Алаш қайраткерлерінің тіл туралы қанатты сөздері
Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».
(М.Дулатов)
Толығырық
(М.Дулатов)
Толығырық

Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын.
(М.Шоқай)
Толығырық
(М.Шоқай)
Толығырық

Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.
(М.Шоқай)
Толығырық
(М.Шоқай)
Толығырық

Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр уақытта жаңа сөздер пайдаланудан шығып қалып отырады. Сонымен қатар өзінің бастапқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болатын сөздер де кездеседі. Бұл – барлық тіл атаулыға тән құбылыс.
(М.Шоқай)
Толығырық
(М.Шоқай)
Толығырық

Түркістанда түрік қалады. Оны жоғалту ешкімнің қолынан келмек емес. Біз бұған кәміл сенеміз. «Мемлекет аппараттарын ұлттандыру» жүзеге асырыла қалған күннің өзінде, біздің тіліміз өз жерімізде екінші орынға ығысады. Бұл ретте біздің ана тіліміз «ұлы орыстың рухани мәдениетін таратушы техникалық құралдың» рөлін ғана атқаратын болады.
(М.Шоқай)
Толығырық
(М.Шоқай)
Толығырық

Халықтың басы қосылған орында қазақ тілінің маңызын, тілін жүзеге асыратын курстарға қолынан іс келетін таза жігіттерін жіберсін. Халықтың ұмтылуы, ел ынтасы деген осындай ретпен табылады. Істің бәрін жоғарыдан күтіп отырып, өзіне берілген құқықтарын пайдалана алмаған ел еш уақытта қатарға кірмейді. (М.Тұрғанбаев)
Толығырық
Толығырық

Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің тілің үкімет тілі болып отыр. Сол үкіметтің толық құқықты нағыз мүшесі болып отырсың. Қазақтың келесі буындарының алдында өздеріңе қара деген таңба қалдырма! (М.Тұрғанбаев)
Толығырық
Толығырық

Ана тілі – халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы; һаман өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешірген дәуірлерін, дүниеге көзқарасын, нанымын – айманын, қайғысын, қуанышын, қысқасы жанының барлық толқындарын тұқымынан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын – сол халқының тілі.
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық

Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек.
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық

Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсәфәсін де меңгереді.
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық

Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық

Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған.
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық
(Ж.Аймауытұлы)
Толығырық

Қазақ тілінде артықша ымыра бар: Қазақ тілін басқа түркі тілімен салыстырып тексерсек: Қазақ тілі жат тілдердің ықпалынан аман сақталып, еркінше өсіп алға кеткенін көреміз.
(Е.Омарұлы)
Толығырық
(Е.Омарұлы)
Толығырық

Барлық халықтарға ортақ сөздерді жатырқамау керек – деген дұрыс, бірақ жат сөздерді жалпыға бірдей деп, жат түрінде алуға болмайды, қазақ тілінің заңдарына келтіріп, қазақтың өз сөзіне ұқсатып алу керек. (Е.Омарұлы)
Толығырық
Толығырық

Жазудың, әдебиеттегі қызметі: тілдің өзгерісіне әсер беру емес, сол өзгерістен қалмай еріп отыру, - болған өзгерісті қаттап таңбалап отыру.
(Е.Омарұлы)
Толығырық
(Е.Омарұлы)
Толығырық

Тілдің заңына келмейтін жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, - тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы заңдары бұзылады.
(Е.Омарұлы)
Толығырық
(Е.Омарұлы)
Толығырық

Тіл – мәдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден, рухани, мәдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз, ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз.
(Т.Шонанұлы)
Толығырық
(Т.Шонанұлы)
Толығырық


Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.
(М.Жұмабаев)
Толығырық
(М.Жұмабаев)
Толығырық

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!
(М.Жұмабаев)
Толығырық
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!
(М.Жұмабаев)
Толығырық

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
(М.Жұмабаев)
Толығырық
(М.Жұмабаев)
Толығырық

Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші.
(М.Жұмабаев)
Толығырық
(М.Жұмабаев)
Толығырық

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.
(М.Жұмабаев)
Толығырық
(М.Жұмабаев)
Толығырық

Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. ...Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.
(М.Жұмабаев)
Толығырық
(М.Жұмабаев)
Толығырық

Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
(С.Торайғыров)
Толығырық
(С.Торайғыров)
Толығырық

Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz