Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.




Өліспеген көріседі.




Өлімнен басқаның бәріне асық.




Мысықтың өлімі – тышқанға той.




Өлім байдың малын шашады,




Жоқтың артын ашады.




Ажал ажарға қарамайды.




Өлімнен басқанын ертесі жақсы.




Бірге тумақ болса да,
Бірге өлмек жоқ.




Өлім деген – ұзақ жолдың алысы.




Көңіл жақсы болғаны –
өмір жақсы болғаны.




Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.




Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды.




Өмір озады, ажар тозады.




Пәндер