Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен.
Жақсыға жақсы қосылса,
Күн туады айменен.
Толығырық



Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.
Толығырық



Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Толығырық



Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.
Толығырық



Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.
Толығырық



Жақсы жанның
Майлығы мен сулығы бірдей.
Толығырық



Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Толығырық



Жақсыға барсаң —
Жазылып қайтарсың.
Бақсыға барсаң —
Қағынып қайтарсың.
Толығырық



Жақсыны көрмек үшін,
Сұлуды сүймек үшін.
Толығырық



Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.
Толығырық



Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына
Толығырық



Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.
Толығырық



Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Толығырық



Жақсы дос —
Басыңа дос
Жаман дос —
Асыңа дос.
Толығырық



Аға болар жігіттің
Етек-жеңі кең келер.
Арғымақ болар құлынның
Жал, құйрығы дөңгелер.
Толығырық



Жақсы жігіт,
Бір мінез ат дос сақтайды.
Жақсы әйел,
Бір ішер ас сақтайды.
Толығырық



Алмасты алмас кеседі.
Толығырық



Жақсылыққа жерік кісі —
Уәдесіне берік кісі.
Толығырық



Екі тентек кездессе,
Төбелеспен тарқайды.
Екі мылжың кездессе,
Ерегіспен тарқайды.
Екі жақсыкездессе,
Елжіресіп тарқайды.
Толығырық



Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.
Толығырық



Жақсының өңі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.
Толығырық



Алғаның жақсы болса,
Бұл дүниенің шырағы.
Мінгенің жақсы болса
Бұл жалғанның пырағы.
Толығырық



Асылдың сынығы —
Айдынның тұнығы.
Толығырық



Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Толығырық



Жоқтыққа жүйрік жетпейді.
Толығырық



Пәндер