Эссе 2017


Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?

Тезисі: «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы.

Аргументтері:

1. «Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан, Қай қылығың қалқаның ұмытарсың»- деп Ғалияның сұлу мүсіні;

2. «Ақсұңқарды бөктергі іле ме деп, Ерегескен дұшпанды жерге тықтым» деген жолдардан махаббаты;

3. «Сексен сұлу сылаңдап тұрса-дағы, Ғалияның алмаймын кірпігіне» -деген жолдардан махабатына беріктігі.

Қорытынды: Өмірге махаббатпен Адам болып келеміз, ендеше махаббатпен өмірді танып, құштарлық сезіммен жетіле бергенге не жетсін!

Көркем шығармадағы жылқы түлігінің түр сипаты

Тезисі: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде жылқы малының түр сипаты, ерекше қасиеттері жан-жақты ашып суреттелген.

Аргументтері:

1. С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасынан;

2. «Қобыланды батыр» жырынан;

3. «Алпамыс батыр» жырынан;

4. Е.Раушанов «Қаракөк айғыр туралы баллада» атты өлеңінен.

Қорытынды: Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті...

Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттер жүктер едіңіз?

Тезисі: Қазақта қара нар деген ұғымның мәні мен маңызы.

Аргументтері:

1. Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгі;

2. Қазіргі уақытта «Қара нарға» артылар міндеттер

Қорытынды: «Қара нарлардың» аңсағаны-бүгінгі ұлт бейнесі, «Мәңгілік ел».

Менің арманым – мемлекет мұраты

Тезисі: Арман алысқа жетелейді.

Аргументтері:

1. Дәрігер-өте маңызды қызмет иесі, адам өмірін арашасы, адамдар өз өмірін сеніп тапсырады, дәргерге сенім артады.

2. Ұзақ өмір сүрудің сыры.

Қорытынды: Менің де мемлекетімнің де мұраты-дені сау, табиғи денсаулығы мықты халық.

Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.

Тезисі: Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады.

Аргументтері:

1. Атақты «Қарқаралы» әні: «Саяңнан сайғақ құрлы сая таппай, Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы»- деген өлең жолдарынан туған жеріне деген сағыныш;

2. «Қаракесек» өлеңінде: «Сұрасаң руымды Қаракесек, Досымнан дұшпаным көп қылған өсек»-деген өлең жолдарынан ақынның жалғыздығы.

Қорытынды: Мәдидің бүгінгі ұрпағына қалдырып кеткен баға жетпес бай мұрасы мен өнегелі өмірі.

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?

Тезисі: "Дүние-ау", «Айнамкөз», "Зәуреш" Мұхиттың уақыт, қоғам, өмір туралы өлеңдері.

Аргументтері:

1. «Зәуреште» обадан опат болған отыз ұлдан қалған жалғыз тұяқ-Зәурештен айырылған әке мұңы.

2. «Айнамкөз» өлеңінде: «Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы, Біреудің мен де өзіңдей бозтайлағы...»- деген өлең жолдарындағы адам жанының таза махаббаты, асыл қасиеті, ынтық, нәзік сезімі.

3. "Дүние-ау" өлеңінде: «Алғаның болса жаман бажылдаған, Кірерсің күнде көрге, дүние-ау, қазылмаған...»- жанұядағы сыйластықтың жоқтығы, адамдар арасындағы рухани теңсіздік.

Қорытынды: Сезім сырларын қозғар асқақ ән мен әнші дәстүрі бүгінмен жалғасып жатыр.

Сүйінбай мен Қатаған


«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың :
...Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды, - деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

Тезисі: Айытыстың маңыздылығы

Аргументтері:

1. Сүйінбай ақындық айбаты;

2. Сүйінбайдың жеңу себептері.

Қорытынды: Айтыстың түйіні

Үкілі Ыбырай

Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.

Тезисі: «Қалдырған» әні – жасы «қарттыққа жеткен», «кәрілік тізгінін ұстаған», «аппақ шұнақ шалдың» өнерлі жасқа қалдырған аманаты.

Аргументтері:

1. «Алпысқа келіп ән салып, Атын бір қойдым «Қалдырған»»-дей отырып, бұл әннің жасы егде тарта бастағанда дүниеге келгені;

2. «Қартайғанда дүние-ай, Қайдасың Ыбырай демедің»-деп жетіп келген кәрілікке емес, алыстап кеткен жастыққа наз айтқандай;

3. «Сендерге тізгін көшкен күн» деп өкініш білдірсе де, «Жастар гүлдеп өскен күн» деп өз орнын басар жастарға тілек тілеп, бата бергендей;

4. Өлеңнің соңы:
««Қалдырғанды» тастадым,
Сұрағанға аманат»-деп өнерді тастай салмай, жастарға аманат ретінде қалдырады.

Қорытынды: Аманатқа қиянат жасамайтын халықпыз, дәстүрлі өнеріміз, аманатымыз Мәңгілік Елмен бірге жасай бермек

Шығыс Қазақстанның (флорасы мен фаунасы)

Тезисі: Табиғаты тамаша, көрікті жерлер мен қорықтарға бай өлке.

Аргументтері:

1 Ақын Сырым Мәуленовтың өлеңі;

2. Жануарлар мен өсімдіктердің қорғайтын екі қорық;

Қорытынды: Әлем қызығар шығыстың табиғаты.

Қашаған Күржіманұлы

Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңмен дәлелдеп жазыңыз

Тезисі: «Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін, наданның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.

Аргументтері:

1. «Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ, Шамасы ұялатын иман да жоқ...»- деп Есқали келінінің бойындағы рухани байлығының жұтаңдығы, надандығы;

2. «Сыйлар едің қампаңдап, Қолын қысып жампаңдап» -деп материалдық байлықты ерекше бағалайтын, дүние құмар сұпының бет-пердесін жиылып қалған ел-жұрттың алдында ашып беруі.

Қорытынды: Материалдық байлықты рухани байлықтың қанжығасына байлап берген ақын.
Автор: Гулнара Кунафина
email: Kunafina65@mail.ru
Әрбір эссенің бағасы: 2 000 теңге
whatsapp: +7 777 614 50 20
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь