Пайданы есептеу түрлері
Презентация қосу
Пайданы есептеу түрлері.
Орындаған: Сейсембинова М.О
Топ: ЛД-211
Тексерген:Тойкин С.Х
Мақсаты – пайданың мәнін неғұрлым толық
зерттеу, пайданы максималды ету, сонымен
қатар оған әсер етуші факторлардың алдын-алу
шараларын қарастырады.
Міндеті – пайданы нарықтық экономиканың
негізі ретінде қарастыра отырып, оның
теорияларын, мәнін, қызметін және
экономикадағы пайданың нысандарын толықтай
ашу.
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны
білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын.
Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал
ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса,
кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы
тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер
банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады.
Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен
шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп
отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да
қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа
ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы
істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды.
Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер
бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын
зерттеп білгені дұрыс.
Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және
қарама-қайшы мәселелердің бірі болып
табылады. "Пайда” сөзі түсіндірме сөздіктерде
"көбею” деген мағынаны білдіреді екен. Демек,
бастапқы капиталға жұмсалған үстеме болғаны.
Пайданы зерттеген атақты экономисттер көп,
бірақ олардың арасында көзге түсетіндер Карл
Маркс, П. Самуэльсон, Дж.М. Кейнс және тағы
басқа бірқатар атақты да ұлы экономисттер
болып саналады.
Бұл категорияның анықтамасы қазіргі батыс
экономистер бойынша түрлі варианттардың
келісімді бірігуі болып табылады. оның ішінде
негізгілері төмендегілер:
- пайда - бұл барлық өндіріс факторлардан
алынған табыс, яғни рента, процент,
жалақы;
- пайда — бұл кәсіпкерлік қызмет үшін
марапаттау және техникалық жетістіктерді
енгізуге төлем;
- пайда — бұл тәуекел және белгісіздік үшін
төлем.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі
бағытта жасалынады: кейнсиандық,
институционалды - әлеуметтік және
неоклассикалық.
Кейнсиалдықтар пайданың жиынтық
тұжырымдамасын макроэкономика деңгейінде
ұсынады.
Институционалды әлеуметік ілімде пайда
әлеуметтік, сыртқы экономикалық факторлар
жағынан түсіндіріледі: қоғамның барлық
мүшелерінің игілігіне және тағы басқаларына
қамқорлық жасау.
Неоклассикалық ілімде пайданы неғұрлым толық
зерттеудің негізгі мақсаты - пайданы
максималды ету және жетілген және жетілмеген
бәсекелестік жағдайында әрекет ететін жеке
фирмалар деңгейінде жүргізіледі.
Пайданы бөлудің принциптері мен
қызметтері
Шығындар құрамына не енетініне
байланысты экономистер бухгалтерлік
және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда - бұл жалпы табыс пен
өндірістегі бухгалтерлік шығындар
арасындағы айырма.
Экономикалық пайда - бұл жалпы табыс
және экономикалық шығындар арасындағы
айырма. Дәл осы экономикалық ілімді
зерттеудің пәні болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234-ІІІ,
28.02.2007 ж.
Международные стандарты финансовой отчетности: Пер. Полного
официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008г. –
М.:Аскери – АСС, 2008
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, №185 2007 жылдың 23
мамырдағы ҚР қаржы Министірінің бұйрығымен бекілілген.
Назарова В.Л.,Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі.
Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.
Назарова В.Л (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) Шаруашылық жүргізуші
субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.
Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006
Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., Ш.Датар. управленческий учет, Питер,2007
Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.
Алматы, Экономика,2008
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz