Қорғалжың қорығы


Slide 1

Қ О Р Ғ А Л Ж Ы Ң ҚОРЫҒЫ

Slide 2

Қорғалжың қорығы

Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз-Қорғалжың көлдер жүйесінің біразы енеді. Жер аумағы 258, 9 мың га.

Slide 3

Географиялық жағдайы

Еуразия континентінің ортасында, Атлант және Тынық мұхиттарының жағалауларынан тең аралықта, әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатын ел Қазақстан Республикасы орналасқан. Ауданы 2724, 9 мың метрді құрайтын Қазақстан Еуразиядағы жер көлемі жағынан төртінші орынды иеленіп, бір уақытта мемлекеттің террриториясына Еуропаның Франция, Испания, Швеция, Германия, Финляндия, Италия және Ұлыбритания секілді ірі жеті мемлекетін орналастыруға болады.

Slide 4

Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еңгізілді. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті

Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еңгізілді. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті. Қорғалжын қорығының аумағын қазіргі 259 мың гектардан 544 мың гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр. Ал Наурызым қорығының аумағы 191 мың гектар. Онда шиқылдақ қаз, қызыл жемсаулы қарашақаз және сирек құстың бірі - ақтырналар мекендейді.

Slide 5

Климаты

Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42 ° С суық болса, шілдеде температура 38-39 °С-қа жетеді. 125-130 күндей аязсыз жайма шуақ күндер болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.

Slide 6

Фауна

Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай.

Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т. б. мекендейді. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар кездеседі. Кейде қорықтың аумағынан көршілес Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің ормандарын мекен ететін сілеусін, қодас, бұлғын сияқты сүтқоректілерді байқауға болады. Қорғалжың көлдеріне 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т. б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Бір ғана Теңіз көлінің өзінде бір мезгілде 15 млн-ға жуық құс қоныстанып, қоректене алады.

Slide 7

Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген құстар:

Slide 8

Қара дегелек

Сидамсирақтылар отрядына жататын құс. Дене тұрқы 100 см шамасыңда, қанатының ұзындығы 52-59 см, құлашы 200 см-ге жуык, салмағы 3-4 кг. Сирақтары, тұмсығы, көзінің айналасындағы жалаңаш тері қызғылт келеді. Түсі жасылқара, бауыры ақ. Мойынын созып, сирақтарын жинамай ұшады. Жартасқа салған ұясын бірнеше жыл бойы пайдаланады. Талшіліктен құрастырып, түбіне мүк төсейтін ұясының биіктігі 40 см, 2-5 жұмыртқа салып, 35 тәулік басады. Қазақстанда орманды, таулы аймақтарда таралған, кейде тіпті ағашы жоқ жартасты тауды да, жазықты да мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 300-дей, негізгі мекендейтін жерлері - Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань таулары. Ұя маңындағы мазасыздыққа төзе алмайды. Бұл құсты сақтау үшін ұяның айналасынан радиусы 0, 5 шақырымнан кем емес тыныштық аймағын ұйымдастыру керек

Slide 9

Тұрпан Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген.

Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу қажет.

Slide 10

Қоқиқаз

Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 - 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

Slide 11

Қоқиқаз (Phoenicopterus) - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.

Slide 12

Аққұтан - Қазақстанның оңтүстік аймағында таралған. Жайық бойын, Қамыс - Самар өзендері, Балқаш - Алакөл ойысында жатқан көлдер жағалауларын мекендейді. Түсі ақ, салмағы 1, 5 кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады. Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп құрады. Мекиені 3-5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны екеуі кезектесіп басып шығарады. Балапандарын 45 күн ұяда асырайды. Ақ құтан балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді. Аққұтан - жыл құсы. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір А құтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап қалады. Бір кезде Ақ құтандар қауырсынына бола көп ауланған. Аққұтан - сирек кездесетін құс

Slide 13

Аққу - үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (текАвстралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара) . Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу - жұп құрып тіршілік етеді.

Slide 14

Қарашақаз Қазақстанда Солтүстік Қазақстанда, Зайсан ойпатында, Сілеті көлінің маңында, Наурызым қорығы мен Алматы қаласының маңындағы сарқынды су қоймасы - Сорбұлақ көлінде кездеседі. Қарашақаздың екі түрі: дара қаз - ТМД елдерінде, тундра мен орманды-тундрада; ақ бетті қараша қаз - Жаңа Жердің Оңтүстік аралында таралған. Канадтық қарашақаз ТМД елдерінің жерінде ұялайды. Олар тундраның құрғақ жерлерінде сирек шоғырланып орналасады. Ақ бетті қарашақаз Қызыл кітапқа енгізілген

Slide 15

Бірқазан Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1, 8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 - 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді

Slide 16

Дала суыры, байбак (лат. Суыр bobak) -суыр туысының сүтқоректісі. Дене ұзындығы 60 см, құйрық 15 см, салмағы 6, 5 кг. Еуропада далалық жерлерінде және Солтүстік Қазақстанда эндемик. Тoп түзіп терең індерде жанұясы мен тіршілік етеді. Ін айналасындағы қазылған жер үлкен аймақта өсімдіктер құрамын өзгерте алады. Белсенділігі таңертен және кешке байқалады. 6 айға ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 4-5 ұрпақ табады. Еуропа жағында соңғы уақытқа дейін оба қоздырушысының тасымалдаушы болғанымен қазіргі уақытта қорғаудағы жануар

Slide 17

Қояндар - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0, 1 - 4, 5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді.

Slide 18

Ақбөкен


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Қазақстанның қорықтары
1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны
Жануарлар дүниесін қорғау
Табиғат ескерткіштері
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Қорғалжың қорығы - Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық
Наурызым ормандары
Қорықтың аты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz