Ақша қаражаттары


Slide 1

Тақырыбы: Ақша қаражаттары

Орындаған: Қуанғалиева М.

Тобы: УА - 405

Slide 2

Ақша қаражаты деп - бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз. Барлық кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі.

Slide 3

Ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалар арсында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

- Есеп айырысу шоттары - шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

- Ағымдағы шоттар - жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

- Бюджеттік шоттар - Қазақстан Респбуликасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

- Корреспонденттік шоттар - корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.

Slide 4

Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмасы, чектер, аккредетивтер, төлем талап-тапсырмалары, вексельдермен есеп айырысу.

Ақша қаражаттары мен есеп айырысу арасындағы шартпен айқындалады.

Субъектілердің арасындағы келісім бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді есептеу жургізілуі мүмкін.

Slide 5

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім - шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.

Slide 6

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс.

Slide 7

Кассир - материалды жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

Slide 8

Кассадағы операциялар активті жинақтаушы шоттарда:

1010-«Кассадағы ақша қаражаты» шотында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Slide 9

Кассада ұлттық валюта түрінде қолма-қол ақшаның есебі ҚР-ның ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізеді. Кассаға нақты ақша банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды.

Slide 10

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелері мен акт беруге жазылған өтініштер, шоттар мен басқа да құжаттармен рәсімделеді. Осы ордерде атауы, нөмірі, оны кімнің және қашан бергені көрсетіледі. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын теңгені-жазумен, ал тиынды-санмен көрсетеді.

Slide 11

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесі) қоса тіркейді.

Slide 12

Кіріс және шығыс касса

ордерлері мен оның орнына

жүретін құжаттарды

бухгалтерия

дәл әрі айқын етіп сиямен

немесе түтікше қаламмен

жазып береді.

Slide 13

Тиісті заңдарға сәйкес барлық субъектілер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражаттарын сақтауға міндетті.

Slide 14

Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:

- шотты ашуға берілетін өтініш;

- қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілері мен карточкалары;

- субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;

- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

- жарғы көшірмесі;

- құрылтай шартының көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте) .

Slide 15

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар қолданылып жүрген заңдармен реттеледі және әдетте, ақша қаражаттары еркін қалдығының шегінде шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің акцептік келісуі бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің төлем талап-тапсырмалары бойынша ақша қаражаттарын есептеп шығару жүзеге асырылады.

Slide 16

Қаражаттарды шот иелерінің келісімінсіз есептен шығару бюджетке қосымша төленетін салықтарын, айыппұлдарын өндіріп алу кезінде және өндіріп алушылар өкімі бойынша қаражаттарды есептен шығарудың даусыз тәртібі белгіленген жағдайларда жүргізіледі.

Slide 17

Банктегі есеп айырысу шоты мен басқа да шоттар операцияларын рәсімдеулерге мына құжаттар қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР
Ақша қаражаттары есебі
Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі
Негізгі капитал және айналымнан тыс активтер бір ұғым
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері
Экономика және экология. 6 сынып
Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі
Мемлекеттік несие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz