Топографиялық карта шартты белгілер түсінігі және түрлері Жер бедері және бедер түрлері Шартты белгілер


Slide 1 Slide 2

Топографиялық карта шартты белгілер

түсінігі және түрлері

Жер бедері және бедер түрлері

Шартты белгілер

Slide 3

Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйе болып табылады.

Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырады.

Slide 4

Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардың саны, темір жол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштер т. с. с. белгіленеді. Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. б. ) түрінде болады. Кейде белгінің суреті бейнелейтін заттың пішініне ұқсас болады. Шартты белгінің мөлшері картада бейнеленетін объектінің мөлшерін немесе мәнін (маңызын) сипаттайды.

Slide 5

Топографиялық карталардың барлығында объектілердің орнын және олардың формасын оқуға жеңіл болу үшін арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Әр түрлі масштабтағы топографиялық карталарда шартты белгілердің барлығы бірдей болып келмейді. Ал негізі барлығы бір-біріне ұқсас болып тұрады. Барлық шартты белгілерді алғанда оларды үлкен 4 топқа бөлеміз:

Slide 6

Контурлық

шартты белгілер

Сызықтық

Шартты

белгілер

Масштабтан

тыс

шартты

белгілер

Қосымша немесе

түсіндірме

шартты белгілер

Контурлық шартты белгілер

дегеніміз картаның масштабына

түсетін объектілердің

контурларын көрсету үшін

қолданылады.

Сызықтық шартты белгілермен сызықтық объектілерді көрсету үшін қолданады. Мысалы: темір жол, тас жол, электр энергия торабы, өзендер, горизонтальдар және т. б.

Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабына ілікпейтін кішкене объектілер үшін қолданылады.

Мысалы: құдық, бұлақ, шіркеу және т. б.

Қосымша немесе түсіндірме шартты белгілерге карта бетіндегі барлық жазулар мен цифрлар жатады.

Slide 7

Топографиялық карталар бірнеше түсте жасалынады, жеке түстермен жер бетінің обьектілерінің біркелкі топтары боялады. Мысалы, (өзендер, көлдер, бұлактар, құдыктар және т. б. ) Ормандар мен жеміс бақшалары орналаскан жерлер жасыл түспен, табиғи жер бедер пішіндері - қызыл-қоңыр түспен, ал жасаңды жер бедер пішіндері (казындылар, үйінділер, карьерлер, корғаңдар және т. б. ) кара түспен бейнеленеді. Шоссе жоддарын бейнелеуге кызыл түс, ал жақсартылған топырақ жолдарға -сары түс қолданылады.

Каріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір акхгарат алута мүмкіншілік жасайды. Мысалы, калалар немесе кала типтес поселкелер аталуларыньвд басәрпі ерекшеленбей жазылады (әріптердің бәрінің көлемі бірдей болады), мұнда калалар тура қаріппен жазылса, поселкелер оңға карай көлбеуленген каріптермен жазылады.

Slide 8

Контурлық шартты белгілер картаның масштабына ілінетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады. Орманның, батпактың, бақшаның, елді коныстың, т. б. с. с. объектілердің жер бетіндегі пішін кескіні сақталып және элементтерімен контуры горизонт жақтарына сәйкес бағытталған калпында картадан орын алады. Объектілердің контуры картада сызықтармен белгіленеді де, ортасы осы объектіге тиісті шартты белгілермен толықтырылады. Белгілердің орналасу тәртібімен мөлшерлері өте дәл берілген оған өзгешелік енгізуге болмайды.

Slide 9

Жер бедерін көрсетудің неғұрлым айқын көрнекті және дәл тәсілі - көлденеңдер тәсілі. Көлденеңдер - теңіз деңгейінен бір биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын, жабық қисық сызықтар. Оларды пайдаланып, жер нүктесінің биіктігін анықтауға болады.

Биік және төмен жерлерді ажырату үшін бергштрихтар қолданылады. Бергштрих - қысқа сызықша, жердің төмендеу жағына қарай көлденеңге перпендикулярлы орналасады. Жерді көлденеңдер тәлісімен көрсету кезінде құламаның тіктілігі көлденеңдер жағына қарай жақындаумен немесе созылғандықпен білдіріледі. Олар қаншалықты жақын болса, баурай соншалықты тік.

Жер бедері. Жердің бетінде табиғи объектілер - дала, ормандар, теңіздер, өзендер, көлдер, таулар мен адамдар жасаған объектілер- қалалар, тұрғылықты жерлер, әр түрлі инженерлік құрылыстар орналасқан.

Slide 10

Жер бетінің формасы мен көлемі бойынша алуан түрлі кедір- бұдырлығының жиынтығын бедер деп атайды. Жер бетінде орналасқан, табиғи немесе адам жасаған объектілерді жергілікті заттар деп атайды. Бедер мен жергілікті заттарды топографиялық элементтер деп атайды. Бедер негізінен формасы мен көлемі бойынша әр түрлі оң және теріс кедір- бұдырлардан қалыптасады. Бедердің алты негізгі формасын ажыратады: тау, шұңқыр, жота, алқап, ойпат, жазық.

Тау - баурайы барлық бағытта төмендейтін мұнара тәріздес биік.

Шұңқыр - жабық ағынсыз ойдым.

Жота - бір бағытта созылған биік. Жотаның баурайын бөлетін және оның ең биік нүктелерінен өтетін сызықтар суағарлар деп аталады. Арналар немесе өзендер ағатын кең алқаптар алаптар деп аталады.

Ойпат - екі қарама- қарсы бағыттағы жер төмендейтін, және екі оларға перпендикулярлы жер биіктейтін, жотаның төмендетілген бөлігі. Тау жотасы немесе сілемдер арқылы өту үшін мүмкін болатын неғұрлым төмен ойпаттар асулар деп аталады.

Slide 11

Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардыңсаны, теміржол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштерт. с. с. белгіленеді.

Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. б. ) түрінде болады. Кейде белгінің суреті бейнелейтін заттың пішініне ұқсас болады. Шартты белгінің мөлшері картада бейнеленетін объектінің мөлшерін немесе мәнін (маңызын) сипаттайды.

Slide 12

Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша аныктама беру үшін түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің терендігі мен түбі, елді қоныстағы үй саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандыктары және түрі т. б. Түсіндірме шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі. Топографиялык карталардың шартты белгілері-шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.

Slide 13

Мемлекеттік геодезиялық тор пункттері.

Олардың шартты белгісі - кішкене тең бүйірлі үшбұрыш. Үшбұрыштың ортасында геодезиялық пункттің картадағы орнын көрсететін нүкте бейнеленген: оның картадан алынған координаталары нүктенің жер бетіндегі орнына сәйкес келеді. Белгінің жанына қойылған цифрлар геодезиялық тор пунктінің абсолют биіктігін (биіктік белгісін) көрсетеді. Елді мекендер құрылыс салынған бөлігінің пішінін көрсе-тетін кескіндермен бейнеленеді. Түрлі түспен отқа төзімді және отқа төзімсіз құрылыстардың кварталдары, сонымен бірге жеке құрылыстар бейнеленеді. Атаулардың жазулары әр түрлі шрифтімен беріледі. Олар елді мекендердің түрлерін - қалаларды, қала және село үлгісіндегі поселкелерді бейнелейді. Село үлгісіндегі елді мекен атының жанындағы цифрлар селодағы үйлердің санын көрсетеді.

Жекелеген жергілікті заттар (өнеркәсіп және әлеуметтік-мәдени объектілер) масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Олар - заводтың, су диірмен мен ағаш тілетін заводтың, электр станцияның, пайдалы қазбалар өндірілетін орынның т. с. с. белгілері.

Slide 14

Тақырыптық карталарды кескіндеудің басқа да әдістері қолданылады. Оларға: сапалық түс әдісі, изосызықтар мен қозғалыс сызықтары әдістері жатады.


Ұқсас жұмыстар
Геоморфологиялық карталар
ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ пәні
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Геодезия және топография ғылымдарының даму тарихы
Карта
Шартты белгілер
Компаспен бағдарлану
Карталар классификациясы
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі
Топографиялық карталар - шкала картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz