Аудармашыға қойылатын талаптар


Slide 1

Аудармашыға қойылатын талаптар

Slide 2

Аударма процесінде аударма өніміне және аудармашыға қойылатын талаптарды да ғалымдар түрліше атайды. Мысалы, Л. К. Латышев аударма қызметінің өніміне - аударылатын мәтінге қойылатын бірінші және басты талап турасында былай дейді: «. . . ол (мәтін) шығыс мәтінге коммуникативтік тұрғыда балама болуы керек, яғни адресатқа (тыңдаушыға немесе оқушыға) әсер етуі шығыс (аударатын) мәтіннің әсерімен бірдей болуы керек; ШТ (шығыс тіл) адресаттары мен КТ (кіріс тіл) адресаттарының мәтіннің екі нұсқасын да қабылдаудағы және оларға жауап берудегі (реакция) алғышарттар объективті түрде бірдей (яғни олардың жеке қасиеттеріне байланыссыз) болуы қажет». Ал екінші талап - ШТ мен КТ мәтіндердің барынша мүмкін болған семантика-құрылымдық жақындығы (әрине мұны «таза» буквализмге бару деп ұқпау керек) . Бұл жақындық аудармада автор (тұпнұсқа авторы!) ойының сәйкестігін барынша сақтауға, шығыс тілдегі мәтіннің аударылатын тілдегі мәтінде дұрыс «орналасуының» ауқымын (диапозон) арттырады (сәйкесінше шығыс тілдегі мәтіннің кіріс тілдегі мәтіннің «орынбасар» болуына, яғни дұрыс аударылмауына алып келетін жағдайлардың санын азайтады), аударма процесінің және аудармашылық шешімнің объективтілігін арттырады [3, 26 б., 33 б. ] . Бұл аталған талаптар әрине аударма жанрының барлық түріне жалпы қойылатын басты талаптар болып табылады. Негізінде аударманың түрлеріне байланысты (мысалы, көркем, ғылыми, саяси, ресми, жарнама т. б. ) бұдан өзге де «қосымша» талаптарды көптеп атауға болады (Мұнда біз қосымша деген сөзді тырнақшаға алып отырған себебіміз: аударманың бір саласында қосымша саналатын талап екінші түрінде негізгілердің қатарына жатуы мүмкін) .

Slide 3

Аударма өніміне қойылатын тағы бір талап - коммуникативті-функционалдық баламалылық. Алайда бұл талап аударма өнімінің коммуникативтік тиімділігіне байланысты болады. Аудармашы жасайтын мәтін аударма қызметінің өнімі болып табылады және төмендегі шарттарға негізделген болуы тиіс:

- коммуникативті-функционалдық тұрғыдан шығыс мәтінге балама болуы тиіс;

- шығыс мәтіннің семантика-құрылымдық тұрғыдан барынша мүмкін болған деңгейде ұқсас болуы керек (әрине бұл бірінші шартқа қайшы келу дегенді білдірмейді) ;

- шығыс тілдің мәтінінен аударма талаптарының шегінен шығып кететін ауытқулар болмауы тиіс.

Slide 4

Аудармаға қойылатын талаптарды Х. Савори төмендегіше санамалайды:

1. Аударма түпнұсқаның сөздерін беруі керек.

2. Аударма түпнұсқаның мағынасын беруі керек.

3. Аударма түпнұсқа тәрізді оқылуы керек.

4. Аударма аударма тәрізді оқылуы керек.

5. Аударма түпнұсқаның стилін беруі керек.

6. Аударма аудармашының стилін беруі керек.

7. Аударма түпнұсқаға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.

8. Аударма аудармашыға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.

9. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) сөздер болуы мүмкін.

10. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) сөздер болмауы керек.

11. Өлең аудармалары қара сөз түрінде аударылуы тиіс.

12. Өлең аудармалары өлең түрінде аударылуы тиіс

Slide 5

Аударма қаншалықты шығармашылық әрекет десек те, аудармашы ойына не келсе, соны істей береді деген пікірден аулақ болуымыз қажет. Аударма түпнұсқаның мазмұнын толық жеткізіп, қабылдаушыға (оқырманға) дәл сондай әсер ету керек екені, әрине, сөзсіз. Аударма әрекеті - аудармашының когнитивті-коммуникативті іс-әрекеті болғандықтан, оның туындысы - аударма - түпнұсқаның мазмұны мен эмоционалдық, стильдік реңін бұзбай жеткізуі қажет.

Сонымен, нақты айтсақ, аудармаға қазіргі таңда қойылатын талаптар қандай? Қазіргі аударматануда аударманың (қандай түрі болмасын, барлығына тән) сапасын бағалайтын бес негізгі критерий белгіленген.

Біріншіден, мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнындағы олқылықтар деректік қате деп саналып, оның сапасына үлкен нұқсан келтіреді.

Екіншіден, аудармаға деректік сәйкестіктен басқа да талаптар қойылады. Олардың негізгісі - аударма тілінің ереже, заңдылықтарына сай болу. Аударма мәтінде тілдік қателер болса (жазылым жағынан - орфографиялық, сөйлем құру жағынан - синтаксистік, сөздердің септелу, жіктелу жағынан - морфологиялық, сөздерді қолдану жағынан - лексикалық т. б. ), ондай аударма да қанағаттанарлық деп саналмайды.

Slide 6

Үшіншіден, жоғарыдағы екі көрсеткіш орындалған күнде түпнұсқа авторының коммуникативтік мақсаты аудармада дәлме-дәл болып шықпаса, оның сапасы төмендейді. Мұндай олқылықтар (түпнұсқа жарық көргенде автордың алға қойған негізгі мақсаты аудармада сәл өзгеріп кетсе) кейбір сөздердің, сөз тіркестерінің, идиомалар мен қанатты сөздердің астарлы мағыналарын түсінбегендіктен, яғни екінші тілді жаратқан халықтың ұлттық мәдениетін жете білмегендіктен пайда болады.

Төртіншіден, аудармада түпнұсқа тілінің нейтралды, қалжың, ысқақ т. б. реңін сақтауды көздеген жөн. Ол үшін мәтіннің коннотацияларын жеткізу қажет.

Бесіншіден, аударма түпнұсқада белгіленген автордың көзқарасын аудармашы онымен келіспесе де сақтап қалу керек. Олай болмай, мәтіннің жалпы идеясы түпнұсқаға сай болмай, сәл де болса, бұрылып кетсе, оны аударма деп санауға болмайды.

Бұл талаптар, әрине, жалпы, негізгі, аударманың барлық түріне ортақ. Ілеспе аударманың тағы бір жалпы талабы бар. Ол ілеспенің ауызекі тілге негізделетініне байланысты. Нақты айтсақ, ауызекі тіл арқылы қатынас құру дегеніміз сөйлеуші мен қабылдаушының сөйлеу кезінде бірімен бірі байланыста болып, сөйлеуден әсер алуы. Түпнұсқа авторы тыңдаушыларына сөйлеу арқылы қандай әсер етсе, ілеспе аудармашы да өз тыңдаушыларына (аударма тілін қабылдаушыларға) сондай әсер етуі керек.

Slide 7

Аударма мәтінінің басты қызметі адресатқа әсер ету болғандықтан, негізінен эстетикалық және танымдық қызмет атқарады. Ол қызметтерді төмендегіше санамалауға болады:

1) интеллектуалды-ақпараттық қызмет;

2) эмотивті қызмет;

3) эстетикалық қызмет;

4) қозғау салу, бұйыру қызметі;

5) ерекше мән берілетін қызмет;

6) байланыстырушылық қызмет (контактная функция) .

Slide 8

Біз аударма жанрларының барлық түріне қатысты талаптарды төмендегіше топтастырамыз:

1. Дәлдік. Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада жеткізуі тиіс. Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы тиіс, сонымен бірге айтылған ойдың ньюанстары мен белгілері де сақталуы тиіс. Автордың айтқан ойларын жеткізе отырып, сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе қосуға, толықтыруға және оны түсіндіруге тиіс емес.

2. Ықшамдылық. Аудармашы көп сөзді болмауы керек, ойлары барынша ықшамды және мәнерлі (үйлесімді) түрде мазмұндалуы тиіс.

3. Айқындылық. Аудармада тілдің жеңілдігі мен ықшамдылығы аса қажет. Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі және екі ұшты оралымдардан бас тартқан жөн. Ой қарапайым әрі айқын, баршаға түсінікті тілмен жеткізілуі тиіс.

4. Әдебилік. Аударма әдеби тілдің жалпыға бірдей тұтастай нормасына сай жасалуы қажет. Әрбір сөйлем түпнұсқаның синтаксистік құрылымындағы аударма тіліне жат ешқандай тұспалдау байқатпай, нақты және табиғи түрде айшықталып тұруы тиіс. Шетелдік сөздерге калька жасаудан бойды аулақ салып, сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттің көмегіне сүйене отырып, аударма тілінде балама терминдер табуға тырысу керек.

Slide 9

Аударма -

қазақ ісқағаздарын

қалыптастыру жолдарының бірі

Slide 10

Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуына байланысты ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін жеке стильдік тармақ ретінде формалды түрде аталып келген қазақ ресми-іскери стилінің функционалдық стильдер қатарындағы орны мен рөлі жоғарылады. Дегенмен қазақ ісқағаздары осы кезде ғана пайда болған жанр деп айтуға болмайды. Өйткені қазақ - бағзы заманнан шешен сөйлеген, сөйлесе, «қара қылды қақ жарған» халық. Яғни ұлттық тілдің өзі ресми қарым-қатынас тілі ретінде қолданылғандығы белгілі.

Slide 11

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің тарихы Р. Сыздық, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, Б. Әбілқасымов, Б. Момынова, Л. Дүйсенбекова және т. б. сияқты қазақ ғалымдарының еңбектерінде қарастырылды. Ғалымдардың зерттеулерінде қазақ ресми тілінің тарихы «жазба кітаби тіл» материалдарынан басталады. Біздің ойымызша, біріншіден, қазақ ісқағаздарының тарихын руна жазбаларынан бастаған жөн сияқты. Өйткені онда жазылған ақпараттың иесі (адресат) белгілі, қандай да тарихи мәлімет берілген, кімге арналғаны (адресант) да айқын жазылған. Екіншіден, би-шешендеріміздің ауызша ресми тілі қалыптасқаны да ісқағаздарының дамуына үлкен ықпалын тигізді деп ойлаймыз. Қазақ ісқағаздарының қалыптасуының үшінші арнасы - қазақ хандарының өзара немесе орыс патшаларымен жазысқан хаттары. Ал қазақ ісқағаздарының даму тарихындағы қазіргі кең таралып отырған үрдіс орыс тіліндегі құжаттарды аудару екендігі баршаға мәлім. Сондықтан бұл үрдісті қазақ ісқағаздарының төртінші қалыптасу көзі деп санаймыз.

Slide 12

Қазіргі кезде қазақ тілінде ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т. б. ) бастап, нормативтік-құқықтық құжаттарға (жарғы, жарлық, ереже, келісім, заң және т. б. ) дейінгі үлгілері болғанымен, олар түгелге жуық аударма процесі (кейбір құжаттардың ағылшын тілінен тікелей аударылатынын қоспағанда, негізінен орыс тілінен аудару) арқылы жүзеге асырылады. «Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының дерегіне сүйенсек, әр жыл сайын бір мыңға жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады екен. Қазірдің өзінде мыңға жуық заң, жиырма мыңға жуық нормативтік заң актілері бар. Осының бәрі орыс тілінде жазылып, содан соң барып мемлекеттік тілге аударылады…» [1] . Бұл ертеректе келтірілген дерек болғанымен (Ана тілі, 2003 жылғы 4 желтоқсан), бұдан кейінгі жағдай күрт өзгерді деп айта алмаймыз. Қабылданып жатқан нормативтік-құқықтық құжаттарды, стандарттарды және т. б. орыс тілінде әзірлеп, қазақ тіліне аудару жалғасып келеді. Түпнұсқасы қазақ тілінде жазылып, қабылданған заңнамалық құжаттар саусақпен санарлық. Сондықтан қазақ ісқағаздарын қалыптастырудағы аударманың рөлін зерттей түсу лингвистикалық тұрғыдан өзекті мәселенің бірі ретінде қалып отыр.

Slide 13

Бұл мәселе турасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен процесі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру керек», -делінген [2, 89] . Бұдан кейінгі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» аталған: «Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс. . . . Халықаралық кездесулер өткізіп, шарттарды, келісімдерді және өзге де халықаралық актілерді ресімдеу кезінде мемлекеттік тіл негізгі тіл болуға тиіс» ­деген міндеттер қойылды [3] . Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Десек те, қазақ ісқағаздарын, ғылым тілін қалыптастыруда аударма оң әсер ететін (әрине біліксіздік пен немқұрайдылықтан туындайтын теріс әсерді есептемегенде) құбылыс ретінде саналады.

Slide 14

Қазіргі кезде ісқағаздарын орыс тілінен аударудың себептерін филология ғылымдарының докторы, профессор Л. С. Дүйсембекова былайша түсіндіреді: «Бұған бірінші себеп біздің мамандарымыз бен ісқағаздарын жүргізушілеріміздің бірден қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге дайын еместігі, екінші себеп ісқағаздарын қазақша жүргізуде белгілі бір тәжірибенің, қалыптасқан жүйенің болмауы. Осыған байланысты бүгінгі таңда ісқағаз мәтіндерін түгелдей орыс тілінен аударып, бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібермей тізіп отыру, іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылығына орай қалыптастыру құбылысы белең алып отыр»[5, 112] . Ғалым қазіргі қазақ ісқағаздар тілін қалыптастыруда аудармаға қатысты қалыптастыра алмай, ретке келтіре алмай жатқан тұстарымызға мысалдар келтіреді. Мәселен, жоғары оқу орындарында «Введение в политическую науку» деген пән бар, оны диплом қосымшасында «Саяси ғылымға кіріспе» деп жазып жүрміз. «Саясаттану ғылымына кіріспе» немесе қысқа да нұсқа етіп «Саясаттануға кіріспе» деп алсақ дұрыс болар еді. Сондай-ақ «О переводе студентов на последующий курс обучения» деген бұйрық «Студентті курстан курсқа көшіру туралы» деп аударылып жүр. Сөзбе-сөз аударсақ «Студентті оқытудың келесі курсына көшіру туралы» болады. Дұрысы «Студентті келесі курсқа көшіру туралы» сияқты, орысша нұсқасында обучение деген сөз болғанымен, қазақша нұсқасына оқытудың деген сөз қажет емес, себебі мұнда студент деген сөздің болуының өзі-ақ мәселенің оқу туралы екендігін білдіріп тұр.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Аударма сапасына қойылатын талаптар
АУДАРМАШЫ ЭТИКАСЫ
Аударма үрдісінің психологиялық ерекшеліктері
Жас аудармашыға нұсқау
Аударма кәсібінің лингвистикалық қырлары
Өртке қарсы қорғау жүйелеріне қойылатын талаптар
Жаппай жұмысты уйымдастыру
Аударма үрдісінің лингвистикалық ерекшелігі
Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Бақылау сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz