Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласындағы Шакарім атындағы мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Орындаған: Мәмиев А. Қ

Тобы: ВС-403

Тексерген: Мурзалимова А К

Тақырыбы:

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

- Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар

- Ерекше қорылатын табиғи территориялар қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

- Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Slide 3

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.

Slide 4

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік ұстанымы бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксізұстанымы, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты дамуды жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Slide 5

Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстарды айтады.

Slide 6

Елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы орынды. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:

туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы;

өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;

экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен «тұрмыстық» қажеттілік мақсатындағы «табиғатты пайдалану» сипаты арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы;

Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Мектеп, гимназия, колледждер және басқа да оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.

Slide 7

Ерекше қорылатын табиғи территориялар қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз - белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған кезеңде түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық және биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи территориялық ұйымдардың маңызы зор .

Slide 8

Ұлттық паркке экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылығы бар табиғи кешендер мен объектілер жатады. Ұлттық паркте табиғатты қорғау мақсаттары экологиялық білім берумен, туризммен және халықтың демалуымен үйлеседі. Яғни ұлттық парк рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Әлемде 2000-дай ұлттық парк бар, ал Қазақстанда - 8-ғана. Ұлттық паркте экотуристерді жаратылыс ландшафт, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар қызықтырады.

Баянауыл мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

Іле Алатауы мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

«Көкшетау» мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

Қарқаралы мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

«Бурабай» мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

Катонқарағай мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

Шарын мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі

Slide 9

Қорық - аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті-табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді), осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеу. Қорық-қорғалатын аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықта табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қорықтарда ғылыми зерттеу жұмыстары жылдар бойы жүргізіледі. Табиғаттың қорғалатын бұл аймағы - ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық байланыстарды сақтайды/3/. Қорықтар-табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайқалған шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Біздің елімізде қорықтарды ұйымдастыру ісінің негізі өзінің арнасын 1921 жылы 16қыркүйекте В. И. Ленин қол қойған «Ескерткіштерді, бау-бақшаны және парктерді қорғау» туралы деректен алды.

Slide 10

Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар

Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк

табиғи қорығы

Алматы мемлекеттiк

табиғи қорығы

Наурызым мемлекеттiк

табиғи қорығы

Барсакелмес мемлекеттiк

табиғи қорығы

Қорғалжын мемлекеттiк

табиғи қорығы

Slide 11

Марқакөл мемлекеттiк

табиғи қорығы

Үстірт мемлекеттiк

табиғи қорығы

Батыс Алтай мемлекеттiк

табиғи қорығы

Алакөл мемлекеттiк

табиғи қорығы

Қаратау мемлекеттiк

табиғи қорығы

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық мәселелер
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар - 2 нұсқа
Мемлекеттік корықтың аймақтар
Қоршаған табиғи ортаны өндіріс және тұрмыс қалдықтарынан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz