Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшілігі, баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын талаптар




ДЕНЕ тірегі не?
Қаңқа - біздің денеміздің негізі және тірегі. Ол сүйектерден тұрады. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Сүйектер өзара буындар арқылы байланысады. Сүйектерде бұлшық еттер орналасқан. Бұлшық ет пен қаңқа бірігіп, денеге пішін береді. Қаңқасыз дене бос қап сияқты болар еді. Қаңқа ішкі жұмсақ ағзаларды жарақаттанудан сақтайды.

Сүйектің құрылысы
Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпа, ішкі бөлімі - борпылдақ ұлпадан құралады.
Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі.
Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі
1 - сүйек ұлпасының жасушалары;
2 - жілік майы жасушалары;
3 - сүйектің кемікті бөлігі;
4 - жілік майы;
5, 6 -қантамырлары; 7 - сүйектің тығыз бөлігі; 8 - сүйек қабы

Сүйек үш қабаттан тұрады. Сыртында ең мықты, жоғары қабаты - сүйек қабығы болады. Ол қатты болу үшін кальций, фосфордан және ауыр салмақ түскен кезде аздап майысу үшін коллагенталшықтарынан тұрады. Ары қарайғы қабат - араның кәрездеріне ұқсайтын ұсақ ұяшықтары бар кемікті дене. Бұл қуыстар сүйектің жеңіл болуы үшін қажет. Осы қуыстар арқылы қан тамырлары мен жүйкелер өтеді. Ең ортада жаңа жасушалар түзетін сүйек кемігі орналасады.

Остеон - сүйек заты
Остеоцит - сүйек жасушасы
Органикалық заттар - иілгіштік қасиет
Бейорганикалық заттар - беріктік қасиет
Ең көп кездесетін химиялық элемент - Ca

Буын
Буындар сүйектерді өзара біріктіреді де, қаңқаның қозғалысын қамтамасыз етеді. Әр сүйектің екі ұшы бар. Бір сүйектің төмпешігі екінші сүйектің ойығына кіріп тұрады. Бұл сүйектердің байланысуы үшін керек.

БАССҮЙЕК

ТҰЛҒА ҚАҢҚАСЫ

ОМЫРТҚА ЖОТАСЫ
Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7
мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар
Омыртқа жотасының бөлімдері:
а) 1 - мойын бөлімі (7) ;
2 - арқа бөлімі (12) ;
3 - бел бөлімі (5) ;
4 - сегізкөз бөлімі (5) ;
5 - құйымшақ бөлімі (4-5) .

ОМЫРТҚАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
денесі
доғасы
буындық қанаттары
арқа қанаты
бүйір қанаттары
омыртқа тесігі.

Омыртқа жотасының ауруы
Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі (қисаюы) - сколиоз ауруына әкеп
соқтырады Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:
а) орындықта түзу отырмау;
ә) жазу үстелі мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі;
б) көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
в) сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.
Омыртқа жотасының иілімдері:
1 - мойын иілімі; 2 - арқа иілімі; 3 - кеуде (көкірек) қуысы; 4 - бел иілімі; 5 -сегізкөз иілімі; 6 -құйымшақ; 7 -жамбас сүйегі

КЕУДЕ ҚАҢҚАСЫ
Кеуде қуысының қаңқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы
жағын жалғыз төссүйек құрайды.
Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан.
Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың жұптарымен өзара қосылып доға түзеді.
Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы жартылай қозғалмалы байланысады.
Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек болмағандықтан алдыңғы
Шеттері бұлшықеттердің
арасында бос жатады
Кеуде (көкірек) қуысы
1 - қабырғалардың шеміршекті
шеттері; 2 - қабырғалар; 3 - төссүйек;
4 - омыртқа жотасы


ҚОЛ ҚАҢҚАСЫ
Иық белдеуі және қол сүйектері:
1 - бұғана; 2 - жауырын; 3 - тоқпан жілік; 4 - шынтақ сүйек; 5 - кәрі жілік; 6 - білезік сүйектері; 7 - алақан сүйектері; 8 - саусақ сүйектері
Білезікте 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің басбармақтан басқасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал
басбармақта екеу болады


ЖАМБАС БЕЛДЕУІ
Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды.
Жамбас белдеуін құрайтын сүйектер:
1-мықын; 2-шат; 3-шонданай; 4- сегізкөз

АЯҚ СҮЙЕКТЕРІ
Жамбас және аяқ сүйектері
1-жамбас сүйегі; 2-ортан жілік; 3-асықты жілік; 4-шыбық (садақ) сүйек; 5-өкше сүйек; 6-толарсақ сүйектері;
7-табан сүйектері; 8-башпай сүйектері
Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек - шыбық (садақ) сүйек
деп аталады.

Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0, 006-0, 097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.

Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0, 1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм) .
Матаның массасы - матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000, 0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0, 07г/см3, брезент-0, 6-0, 7г/см3) .
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%) .
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2) .
.

Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16, 2г/м2, табиғи жібек сағатына-4, 62г/м2, капрон сағатына-1, 09г/м2 бу өткізедіт. с. с. ) .
Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт->90%, мақта матадан жасалған мадополам->18%, жеңілдетілген драп->17, 2%, табиғи жібек->16, 5%, репс->7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс->1, 2%, капрон->5, 7%, лавсан->0, 5% т. с. с. ) .
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz