Ғаламдық экономикалық – экологиялық проблемаларды шешу жолдары


Slide 1

Тақырыбы: Ғаламдық экономикалық - экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Slide 2

Мазмұны:

I. Елдердің экологиялық - экономикалық типтері.

II. Жаңа геоэкологиялық стратегия.

III. Тұрақты даму концепциясы.

IV. Елдердің экологиялық - экономикалық типтері және олардың ерекшеліктері.

V. Шикізат қорының шектеулігі.

VI. Энергетикалық проблема.

VII. Шикізат тапшылығын жою жолдары.

VIII. Қорытынды.

Slide 3

I. Елдердің экологиялық - экономикалық типтері.

Шаруашылықтың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында өндірістің аумақтық салалық құрылымын өзгерту, жаңа технологияларды енгізу, қалдықтарды өңдеу мен залалсыздандыру шаралары жүргізілуі қажет. Экономикалық даму деңгейінің әртүрлі болуы елдердің экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндігін де түрліше етеді. Іс жүзінде елдің экологиялық саясатының нақты экономикалық жағдайға тәуелді болатыны белгілі.

Осы уақытқа дейін табиғи байлықты өте ысырапсыз пайдаланудың салдарынан табиғаттың тепе - теңдігі бұзылды. Әсіресе біздің республикамыз экологиялық апатты аймақ болып табылатындықтан ғаламдық тұрғыдағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, табиғаттың тепе - теңдігін сақтау мақсатымен бағдарлама жасау керек.

Жалпы алғанда, дүниежүзілік шаруашылықтың қоршаған ортаға тікелей әсер етуінен болатын шығын әлемдік ЖІӨ - нің 5 - 8% - ын

құраса, табиғатты қорғау мен қалпына келтіруге бөлінетін қаржы әлемдік ЖІӨ - нің бар болғаны 1% - ын ғана құрайды. Әрине, бұл көрсеткіш елдер бойынша алшақтық жасайды. Бұл Б. Н. Зимин ұсынған елдердің экологиялық - экономикалық топтамасынан айқын көрінеді.

Slide 4

II. Жаңа геоэкологиялық стратегия.

Экологиялық апаттың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру табиғатты тиімді пайдалану үрдісіне жаңа көзқарасты талап етеді. Жоғары дамыған елдердің ХХ ғасырдың 70 - жылдарынан бастап ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді.

Көптеген ғалымдар дамушы елдер жағдайында “батыстық үлгіні” қаз - қалпында енгізу мүмкін еместігін айтады. Бұл елдердің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейлерінің әртүрлі болуымен және тұрғын халықтың өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Сондықтан дамушы елдердің өзіндік экологиялық саясатының балама жолдарын қарастыруы сөзсіз.

Ресурс сақтаушы және қалдықсыз технологияларды дамушы елдерде жаппай енгізу шаруашылықтың салалық жіне аумақтық құрылымын түбегейлі өзгертпейінше мүмкін емес. Бұл ақыр соңында еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің экологиялық қауіптілігін азайтуға себепші болар еді.

Slide 5

III. Тұрақты даму концепциясы.

Адамзат өрекениеті дамуының материалдық негізі болып

табылатын дүниежүзілік шарушылық қоршаған ортаға барған

сайын күшті әсер етуде. Жекелеген елдердің қоршаған ортаға

зиянды ықпалының ауқымы, ең алдымен, экономикасының

даму деңгейімен анықталады. Соңғы онжылдықтарда дамушы

елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бұл өз

кезегінде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде.

Қазіргі таңда дүниежүзі қауымдастығы қоршаған ортаны қорғау

мәселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.

Сонымен тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан

үш құрамдас бөліктің: экожүйелерді пайдалану, тиімді

экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Ал тұрақтылық

принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді

біртұтас жүйе ретінде қарастырады.

Slide 6

IV. Елдердің экологиялық - экономикалық типтері және олардың ерекшеліктері.

Елдердің экологиялық - экономикалық типтері.

Ерекшеліктері

1.

Экономикалық дамуы өте төмен деңгейдегі мешеу елдер

“Экологияландыру” ұғымын елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер есебінен жүргізілетін табиғат қорғау шараларымен ғана байланыстыруға болады. Экологиялық талаптарды орындауға шақыру жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылық тудыруда

2.

Экономикалық даму деңгейі төмен елдер

Табиғат қорғау шаралары шетелдіктер көмегімен ғана жүзеге асырылады. Экологияға қарсылық ресми тұрғыда емес, жекелеген аудандардағы наразылық түрінде көрінеді. Бұл топтағы елдер экологиялық шараларға, әдетте, ЖҰӨ - нің 0, 4% - ын жұмсайды

3.

Экономикалық даму деңгейі орташа елдер

Табиғатты қорғау және ресурстар қорын сақтауға қатысты әрекеттерді қаржыландыруға ЖҰӨ - нің 0, 5 - 1, 3% - ын бөледі.

4.

Экономикалық даму деңгейі жоғары елдер

Бұл елдерде экологиялық шараларды қаржыландыру үлесі 1, 3% - ды құрайды. Экономикалық жағынан тиімді болатын табиғат қорғау шаралары ғана жүргізіледі.

5.

Экономикалық даму деңгейі өте жоғары елдер

Өндірісті түгелдей дерлік экологиялық тиімді жаңа технологияларға көшіруге, ластану көздерін залалсыздандыруға қаржысы жетеді.

6.

Табиғатты қорғау және ресурстарды сақтаушы технологияларды енгізудің озық тәжірибесі бар елдер

Қалдықсыз технологияға толығымен көшкен. Швейцария тәрізді кішігірім елде мүмкін болған бұл тәжірибе шаруашылық құрылымы өте күрделі үлкен елдерге қолданыс таба алмайды

Slide 7

V. Шикізат қорының шектеулілігі.

Адамзат қоғамының даму тарихы - бұл ең алдымен, алуан түрлі ресурстарды пайдалану тарихы. Табиғат қоғам дамуының барлық кезендерінде адамның мекен ортасы болумен қатар, оны тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін шикізат көзі болып келеді. Адамзаттың шикізатты пайдалану ауқымы мен деңдейі қоғамның әлеуметтік - экономикалык қажеттіліктерімен анықталды, яғни шикізат турлеріне сұраныс Жер шарында халық санының өсуімен, өндірістің қарқынды дамуымен байланысты жылдан - жылға арта түсуде.

Қазіргі кезде аса маңызды энергетикалық және минералды шикізат түрлерінің қоры шектеулі екендігі белгілі болып отыр.

Slide 8

VI. Энергетикалық проблема.

Жер шарындағы энергетикалық және минералды шикізат қоры

Шикізат түрі

Қоры

Пайдалану болашағы

1.

Мұнай

270 - 300 млрд т

Жылына 3 млрд т жұмсалады. Қоры 30 - 50 жылға жетеді

2.

Табиғи газ

145 трлн м3

Жылына 2300 млрд м3 жұмсалады. Қоры 30 - 60 жылға жетеді

3.

Көмір

1, 5 трлн т

Жылына 5 млрд т жұмсалады. Қоры 200 жылдан астам мерзімге жетеді

4.

Шымтезек

150 млрд т

Күлі көп және өндіру процесінің зиянды болуына байланысты мардымсыз пайдаланылады

5.

Атом ыдырауы мен ядро синтезі кезінде бөлінетін энергия

Қоры іс жүзінде сарқылмайды

Өндіру және қалдықтарды залалсыздандырудың сенімді жолы табылғанша қауіпті

6.

Су энергиясы

Қоры шектеулі

Қарқынды пайдаланылуда. Пайдаланылу мүмкіндігі дамушы елдерде жоғары

7.

Күн радиациясы

Қоры іс жүзінде сарқылмайды

Болашақта пайдаланылу мүмкіндігі жоғары

8.

Мыс, қорғасын, күміс, алтын

Қоры таусылуға жақын


Ұқсас жұмыстар
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ - ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері
ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Ресурстар проблемасы
Адамзаттың ғаламдық
Халықаралық қатынас
Экологиялық пирамидалар
Жаһандық проблемалар және болашақ мәселесі
Экологияның бөлімдері
Жер геосфералары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz