Ресейдегі аударма тарихы


Slide 1

Ресейдегі аударма тарихы

Орындаған: Калимбек Толқын Ерболатқызы

Тексерген: Тулекова Меруерт Қыдырбекқызы

Slide 2

Ресейдегі аударма.

Тарихы және дамуы

Slide 3

Русьтегі ІX- XVІІ ғасырдағы аударма.

Ресейдегі аудармашылық қызметтің тарихы терең деп айтуға болады, өйткені оның бастамасы Киевтік Русь кезінде қаланған болатын. ІX-ғасырдың өзінде Русьте бір уақытта жазу өнері, әдебиет пен аударма пайда болды. 864 жылы грек монахтары Кирилл мен Мефодийді Византия императоры славян халықтарының арасында христиан дінін насихаттау мақсатында жібереді. Олар өздерінің қызметін әліпби (әлі күнге «кириллица» деп аталатын) жасаудан бастады, оның көмегімен грек тілінен ескі шіркеулік славян тіліне бірқатар діни мәтіндерді аударды. Бірінші аудармалардың арасында «Новый Завет», «Псалтырь» және «Молитвенник» болды. 988 жылы Русь шоқындырылғаннан кейін жаңадан келіп қосылғандарды жаңа діннің философиялық және этикалық ережелерімен, сондай-ақ шіркеулік салт-дәстүрлермен таныстыру мақсатында бірқатар аудармалар пайда болды. Олар «Жития святых», «Притчи», «Хроники» және т. б. сияқты әртүрлі жанрлардағы мәтіндерді қамтыды. Мұндай аудармалардың көпшілігі Болгарияда орындалып, Русьте өз жалғасын тапты.

Slide 4

XVІ ғасырда Мәскеу қаласы Ресейдің саяси, сонымен қатар аудармашылық орталығына да айналды. Бұл кезеңде аудармашылардың есімдері аталған жоқ, бірақ тіл мен мәдениетті дамытуда аудармашылардың рөлі қоғамдық мәнге ие бола бастады. 1516 жылы Мәскеуге грек өкілдігімен қатар Максим Грек келді. Ол негізінен діни кітаптарды, сондай-ақ бірқатар діни емес мәтіндерді аударумен де айналысты. Бұрын жасалған аудармаларға түзетулер енгізіп, оларға түсінік беріп отырды. Алғашқыда ол не орыс тілін, не көне славян тілін білмеді, оның аудармалары екі кезеңнен тұрды: бірінші ол грек тілінен латын тіліне аударды, содан кейін оның көмекшілері латын тілінен көне славян тіліне аударды. Ескі аудармаларды түзете отырып, ол бұрыннан қалыптасқан дәстүрлерді жиі бұзды. Соның салдарынан оған діннен азғандық және қорлаушылық деген айыптар тағылды. Максим Грек танымал жазушы, педагог әрі философ болды. Оның жазбаларынан аударма өнері туралы көптеген ой-тұжырымдарды кездестіруге болады. Максим Грек түпнұсқа мазмұнын түсіну үшін, оны жан-жақты талдаудың қажеттігін атап өтеді.

Slide 5

XVІІ ғасырдан бастап көптеген аудармашылардың есімі танымал бола бастады және олардың көпшілігі діни емес мәтіндердің аудармашылары еді. Ғылыми аудармалардың тақырыптық аясы астрономия, астрология, арифметика, геометрия, тәнтану мен медицина мәселелерден және әртүрлі жануарларды сипаттаудан тұрды. Кейбір аудармаларды беллетристика жанрына жатқызуға болады. Бұл кезеңде алғаш рет аудармашыға көмек ретінде латын-грек-славян, орыс-латын-швед және т. б. сөздіктер дүниеге келді.

Slide 6

XVІІІ ғасырда поэтикалық аударма пайда болды, кейіннен Ресейде аталмыш аударма түрінің мәні ерекше арта түсті. В. К. Тредиаковский П. Тальманның «Махаббат аралына саяхат» романының аудармасы арқылы көпшілікке танымал болды. Ол туындыға орыс ырғағымен аударылған көптеген өлеңдерді қосты. Әсіресе, латын, неміс, француз, грек тілдерінен аударылған М. В. Ломоносовтың көптеген аудармалары болды. Аудармаларында ол баламалылыққа жетудің, сондай-ақ тұпнұсқаның еркін нұсқаларын құрудың керемет үлгілерін көрсете білді. М. В. Ломоносов тұпнұсқаның ритмикалық ұйымдастырылуына көп көңіл бөлді. Сол уақытта орыс поэзиясы енді ғана қалыптасып, силлабикалық өлең құруға негізделді. М. В. Ломоносовтың жаңашылдығы оның шығармашылығын толықтырып отырды, ақын поэтикалық жанрлар мен метрикалық жүйелерді қолдануда жаңа нормалар мен дәстүрлерді қалыптастырды.

Slide 7

XІX ғасырдағы Ресейдегі аударма.

Орыс аудармасының алтын ғасыры он тоғызыншы ғасыр болып саналады.

Жаңа орыс аударма мектебі ең алдымен, мәдениеттің танымал қайраткерлері тарихшы Н. М. Карамзиннің және ақын В. А. Жуковскийдің арқасында қалыптаса бастады.

А. С. Пушкин әрқашан аудармашылық проблематикаға үлкен қызығушылық тудырып отырды және оның аударма туралы сыни ұсыныстары шынайылығымен, тереңдігімен ерекшеленді. Ол аударма үшін әдеби туындыларды дұрыс таңдаудың қажеттігін атап өтеді, ал тұпнұсқаға адал болу мен аудармашының әдеби стилінің көркемдігіне қойған талаптары XІX және XX ғасырлардағы Ресейдің ең үздік аудармашыларына ерекше әсер етті.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Шоқан мен Ыбырайдың орны
ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕР
Аудармашыға қойылатын талаптар
М. Әуезов - қазақ драматургиясының негізін қалаушы
Топырақтану ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
АУДАРМА СӨЗДІК
Мәдени мұра бағдарламасы
Бизнес жоба
Бос уақыт мәдениеттілігі теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz