Жануарлардың Тыныс алу жүйелері



О рындаған: Жумабекова А. С
Рымғазықызы Е
БЛ-309
Тақырыбы: Жануарлардың Тыныс алу жүйелері
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университет

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Жануарларда сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады



Жануарлардың газ алмасу мүшесі - өкпе, - құрылысы жағынан түтікшелі - көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0, 004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.




Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланып және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.
Жылқының қаңсары болмайды. Мұрын тесігінің пішіні жарты ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танаулық шеміршек, шеміршек пластинкасы мен мүйізшесі түзеді. Шеміршек пластинкасы танаудың алдыңғы қабырғасында ғана болады. Танаудың бүйірлік бетінде тереңдігі 6-7 см мұрын буылтығы (дивертикулы) болады. Мұрын кеуілжірлері ішкі пердесі арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен жалғасып жатады. Дорсальдік кеуілжірдің артқы бөлімі маңдайлық қойнаумен қатысып, маңдай-кеуілжірлік қойнау, ал вентральдік кеуілжірдің артқы бөлімі жоғарғы жақтық қойнаумен жалғасып, кеуілжір жоғарғы жақтық тесігін түзеді.
Түзу қатпар қосарланып жатады. Күрек тістік ауыз қуысына ашылмайды. Кілегей астылық веноздық өрім жақсы жетілген.
Ірі қара малда қаңсар жоғарғы ерінге дейін үлкейіп кеңейеді. Мұрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральдік жиегінде танау сайы болады. Мұрынның танауы қалың болып келеді. Оның дорсальдік қабырғасын танау шеміршегінің пластинкасы, ал вентральдік қабырғасының негізін якорша шеміршек түзеді. Дорсальдік және вентральдік бүйірлік шеміршектер бір-бірімен жалғасып, мұрынның бүйірлік қабырғасының негізін құрайды.
Дорсальдік кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральдік кеуілжір жалпақ болып келеді. Вентральдік кеуілжір ұзынша ішкі пердемен дорсальдік және вентральдік бөлімдерге бөлінеді. Оның дорсальдік бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен, ал вентральдік бөлімі вентральдік мұрындық өтіспен қатысады. Веноздық өрім мұрындық перденің және мұрын түбі қабықтарында болады. Қойда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады. Шошқа мұрынның ұшында жалпақ тұмсық орналасады. Оның пішіні диск сияқты, қозғалмалы келеді, сыртқы бетінде жалпақ тұмсық қаңсары болады. Шошқаның мұрын қуысы ұзын, жіңішке келеді. Оның артқы жағына қарай вентральдік мұрындық өтістер бірігіп кетеді. Дорсальдік кеуілжір жалпақ болады. Өз кезегінде вентральдік кеуілжір дорсальдік және вентральдік оралымдардан тұрады. Олар ортаңғы және вентральдік мұрындық өтістермен қатысады.




Көмекей - арқаны кеңірдекпен жалғастыратын кеңірдектің алдыңғы бөлігі. Көптеген қызметтер атқарады: тыныс алуды қамтамасыз ететін тыныс жолдарының құрамына кіреді, азықты жұту кезінде тыныс жолын азық жолынан бөледі, кеңірдекті тіл асты сүйегіне бекітеді, жұтқыншақ еттірінің негізін түзеді. Бұлармен ол дыбыс шығару мүшесі.
Сақинаша шеміршек (кольцевидный хрящ) - cartilago cricoidea - тақ гиалинді шеміршек. Оның жоғарғы жағыңда сақшіаіпа шеміршектің жалпақтақгашасы (lamina cartilaginis cricoidea) мен төмен қарай оның иілген доғасы (arcus cartilaginis cricoidea) болғандықган, пішіні сақинаға үқсайды. Шеміршек тақгашасыньщ сыртында орталыққыры, алдыңғы жиегінде ожауша шеміршекке арналған буын беті болады. Шеміршек доғасының латеральды бетінде қалқанша шеміршектің артқы мүйіздіктерімен байланысатын буын ойыстары орналасқан. Сақинаша шеміршек каудальды бағытта кеңірдекпен жалғасады.
Қалқанша иіеміршек (щитовидный хрящ) - cartilago thyroidea - пішіні иілген қалқанға үқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң және сол тақгашаларымен көмекейдің екі бүйірінің және табанының негізін күрайды. Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы және артқы мүйіздіктер шығып түрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіластысүиектщ үлкен мүиіздігімен, ал артқы мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады.
Ожауша шеміршек (черпаловидный хрящ) - cartilago arytaenoi- dea - жүп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізінен және одан алға қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тәрізді иілген мүйізше өсіндіден түрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде кетеріңкі ет өсіндісі байқалады. Ожауша шеміршектің төменгі үшында дыбыс сіңірі мен дыбыс бүлшық еті бекитін дыбыс өсіндісі (processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бір-бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы байланысады.
Бөбешік шеміршек (надгортанный хрящ) - cartilago epiglotti- dis - пішіні бүгілген жапырақ тәрізді серпімді (эластинді) шемір- шек. Ол комекей қақпағы бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің сабақшасы, екі бүйір жиегі, тіл және жүтқыншақ беттері болады. Бөбешік негізі қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегімен байлам арқылы байланысады.
Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара буын арқылы қозғалмалы байланысады. Ал қалқанша шеміршек тіласты сүйектің үлкен мүйіздіктерімен және бөбешікпен қасымша байламдар арқылы жалғасады. Сөйтіп, көмекей шеміршектері көмекей қуысының шеміршектік негізін қүрайды.
Көмекей қуысы (cavum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабық астарлайды. Көмекейге кіреберіс тесікті (aditus laryngis) төменгі жағынан кәмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарлары жиектеп жатады. Бөбешіктің негізін бобешік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйізше осінділері түзеді. Бөбешік көмекей қуысын жүтыну кезінде жауып түрады.
Көмекейдің бүйір қабырғасының оң және сол жағындағы кілегейлі қабықта қатарынан орналасқан кіреберіс және дыбыс қатпарлары болады. Осы қатпарлардың аралығында көмекей қарыншасы (ventriculus laryngis) орналасады. Кіреберіс кдтпарының (plica vestibularis) негізін көмекей қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бүлшық еті (m. ventricularis) түзеді. Дыбыс қатпарының (plica vocalis) негізін қалқанша шеміршек денесіне қарай бағытталған ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі қүрайды. Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бүлшықеті (m. vocalis) жатады. Бүлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады.


Жылқыда көмекейдің сақинаша шеміршегінің тақташасы, оның доғасымен тік бүрыш жасай орналасады. Қалқанша шеміршектің каудальды бетінде терең каудальды ойық болады. Шеміршек тақташасының сыртқы бетінде бүлшық еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Ожауша шеміршектің негізі көлемді келеді. Бөбешік шеміршектің пішіні жапырақ тәрізді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген.
Сиырда сақинаша шеміршек тақгашасы доғасымен сүйір бүрыш түзеді. Қалқанша шеміршектің артқа мүйіздігі ілмек тәрізді иілген. Ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешік шеміршектің пішіні сопакдіа келген. Дыбыс қатпарлары кемекей түбіне тік бүрыш жасай орналасады. Көмекей қуысында орталық қалта мен қарынша болмайды.
Үсақ малдар көмекейінің қүрылысы сиыр комекейі қүрылысына үқсас. Бірақ, оларда орталық қалта жақсы жетілген.
Шошқа көмекейі басқа жануарларға қарағанда үзындау келеді. Сақинаша шеміршектің доғасы, оның тақташасына қйғаш орналасқан. Үзынша келген қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегі қалың болады, мүйіздігі болмайды. Ожауша шеміршектердің мүйізше өсінділерінің үшы екіге бөлініп кеткен. Бүл өсінділер мен сақинаша шеміршектің тақташасы арасында кішкентей аралық шеміршек болады. Дыбыс қатпарлары томенгі бағытта артқа қарай қиғаш орналасады. Олар алдыңғы жөне артқы бөліктерге бөлінген. Бүл бөліктердің аралығына көмекей қарыншасының тесіктері ашылады.
Ит көмекейінің түрқы қысқа, кіреберіс тесігі кең болады. Онша көлемді емес ожауша шеміршектер мен сақинаша шеміршек тақташасының арасында қосымша шеміршек болады. Бөбешік шеміршектің пішіні төртбүрышты болып келеді. Оның негізінен ожауша шеміршекпен байлам арқылы жалғасқан сынаша осінді шығып түрады. Комекей қарыншасы жақсы жетілген. Дыбыс қатпарлары алға және төмен қарай қиғаш орналасады.

Көмекей аймағында 16 бұлшық ет бар. Олардың бәрі көлденең салалы бұлшық еттер.


Бронхтар орналасу орындарына, құрылысына және арнасының диаметріне байланысты кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей бронхтарға ажырайды. Олар: негізгі бронхтар, ірі бронхтар, орта бронхтар, кіші бронхтар. Кіші бронхтардан бронхиолалар таралып, бронхтар тарамы соңғы (терминальды) бронхиоламен аяқталады.
Негізгі бронхтың қүрылысы кеңірдек қабырғасының қүрылы- сына үқсас, яғни кеңірдек қабырғасындағы қабықтар мен қабаттардан түрады. Айырмашылығы: кеңірдекке қарағанда оның арнасының диаметрі кішілеу келеді және шеміршек сақиналары түйықталған. Оң негізгі бронхтың арнасы сол негізгі бронхтың арнасына қарағанда кендеу келеді.
Ірі бронхтар аркылы ауа өкпе бөліктеріне өтеді. Сондықтан, олардың саны өкпе бөліктерінің санына сәйкес келеді. Ірі бронхтың қабырғасы да, ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан түрады. Кеңірдек пен негізгі бронхтардың кілегейлі қабықтары үш қабаттан: эпителийден, өзіндік тақташадан және кілгейліасты негізден түратындығы белгілі. Ал ірі бронхтың кілегейлі қабығында, өзіндік тақташа мен кілегейліасты негіз қабаттарының аралығында бірыңғай салалы ет үлпасынан қүралған етті тақгаша пайда болады. Демек, бүлардың кілегейлі қабығы терт қабаттан: эпителий, өзіндік тақгаша, етті тақташа және кілегейліасты негіз қабаттарынан тұрады. Ортаңғы талшықтышеміршекті қабықты (кеңірдек пен негізгі бронхта шеміршек сақаналары қүрайды) гиалинді шеміршек тақташалары қүрайды. Түтас шеміршек сақиналары болмайды. Сыртқы қабығы - адвентиция.
Орта бронхтар өкпе бөліктерінің паренхимасы ішінде орналасады. Олардың қабырғаларының қүрылысы ірі бронхтар қабырғалар қүрылысына үқсас. Тек, кілегейлі қабығының етті қабаты тым жақсы жетілген, ортаңғы қабығында шеміршек тақташаларының саны азаяды. Соңғы орта бронхтардың ортаңғы қабығындағы шеміршек тақташалары эластин шеміршегінен қүралған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz