ҚҰстардың тіршілігіндегі маусымдық өзгерістері. Жабайы аңдарды есептеу әдістері
Презентация қосу
Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті.
Құстардың тіршілігі басқа
жануарлардың тіршілігі сияқты белгілі
биологиялық ритмге байланысты.
Билогиялық ритмі – тіршілік
жағдайының маусымды өзгеруіне және
түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым
қуалаушылық сипатына байланысты.
Қорытна келгенде құстардың жылдық
тіршілік циклі көптеген билогиялық
құбылыс басымырақ болады. Мысалы:
су, жұмыртқа басу, түлеу.т.б.
Көбеюге дайындық – құстардың тіршілік жағдайларының күрделі
жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын,туа пайда болған
инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда «сигналдық» сипатта болады. Жыныстық
инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығының заңды
өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері, әтештерінің болуы және
олардың мінез-құлқындағы өзгерістер, ұя салған ландшафтаның ерекшелігі,
ұяның өзі т.б.факторлар.
Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв системасыны ң әрекеті
шешуші роль атқарады. И.П.Павлов оны; «физиологияның үлкен бөлімі – нерв
системасы, негізінен организмнің жеке органымен емес б үтін организммен
ортаның арасындағы қарым – қатынасын қалыптастырады» деп жазған
болатын. Көбеюге дайындық жасау,жұп құрау, ұя салу үшін белгілі
территорияға ие болудан басталады. Бұл дайындық мерзімінің ұзақтығы
түрлі құстарда түрліше болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі ұя салмаған
уақытта бірнешеуі бірігіп, топтанып жүреді де, көбею алдында, көктемде ж ұп
құрайды. Бұл жағдайда ұялайтын жеріне алғаш әтештері ғана ие болады да,
оған кейін мекиендері қосылады. Қаз тәрізділер мен жыртқыш құстар қыс
ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ түрінде келеді.
Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені бірге ие болып,
балапандары ұшқанша жұбын жазбайды. Мұндай жағдайды қаз тәрізділерде
де кездестіругеболады.
Балапан шығару кезеңі – құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа
салу, жұмыртқа басу және балапандарын қоректендіру сияқты бірінен
соң бірі келіп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды
қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының маңында болады, тек қана
балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.
Құстардың түлеу кезеңі – түрлі құстарда түрліше болады.
Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын
жұмыртқадан тек қана мекиендері, немесе көпшілік жағдайда мекиендері
басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар құстар
біртіндеп ұзақ уақыт түлейді,ол кезде олардың активтігі азадап та болса
да бәсеңдейді. Мекен еткен жерін өзгертпей, тасалау жерді тауып, сол
жерде болады.оған торғай тәрізділер мысал болады. Ал тауық
тәрізділердің түлеуі өте тез орындалады, сондықтан олар түлеу кезінде
таса жерде жасырынып тіршілік етеді. Қаз тәрізділердің де түлеуі өте тез
орындалғандықтан, олар уақытша ұшу қабілетін жояды, соған сәйкес су
жағасының меңіреу түкпірлеріне ауысады.Құстардың түлейтін орны
қоректік заттарының шамасымен емес, құстардың қорғану, жасырына
алу ерекшелігіне сәйкес
таңдалып алынады. Құстар түлеу кезінде өте арықтап кетеді.
Маусымдық түлеу. Түлеудің негізгі механизмі гормон
әсерінен басталады. Оның алдында қанға қалқанша без
гормондары қарқынды түсе бастайды. Ол әдетте
гипофизбен жыныс бездерінің белсенділігі басылғаннан
кейін жүреді. Құстардың түлеуі және көбеюі бір-
бірімен байланысты, әдетте бір-бірінсіз жүретін
құбылыс. Түлей бастаған құс, қосымша жұмыртқа
салуға қабылетсіз болады. Піштіргенде түлеу кезеңі
бұзылады. Кейбір құстарда түлеу мен көбею мерзімі
жартылай бірге келеді. Орман аумағындағы құстардың
негізгі түлеуі 07, 08, 09 айлардың соңына келеді. Жыл
бойында көптеген құстар бір (күзгі), кейде 2 (үйректер,
торғай тәрізділер, басқа), тіпті 3 рет (ақ шілдер)
түлейді.
Өте актив қоректенумен сипатталады. Бұл кезде құстардың
арнаулы, тұрақты орны болмайды. Олардың бірнешеуі бірігіп,
жем іздеп, орын ауыстырып отырады. Мысалы,үйректер,қаздар
топтанып егістік далаларға ұшып барады. Қара торғайлар мен
көгершіндер ұя салған ағашты жерлерінен далаларға ұшып
барады. Бұл кезде құстар тамақтық зат көп жерлерді мекен етіп,
актив қоректеніп, семіреді. Құстардың майлануы қыстан аман
шығуына, ал жыл құстары үшін қыстайтын жерлеріне ұшып
болуына жағдай жасайды.
Кейбір құстар қысқа қарай тамақтық қор жинайды.
Мысалы,самырсын құс – самырсын ағашының жаңғағын жинап,
оларды ауыз қалтасына толтырып, ұшып барып топыраққа көміп
қояды. Осы тәсілмен жорға торғай да емен жаңғағынан қор
жинайды. Бірақ, осы қорының тек қана 20-30 проценттерін ғана
пайдаланады. Қалғаны пайдаланылмай топырақтың астында
қалып қойып, өсіп шығады.
Қыс кезінде құстардың тіршілік жағдайы,кенет қиындайды да, керекті
заттардың мөлшері азайып,қажет тамақты табу ауырлайды. Құстарға жем
болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қала ғанынша
табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уақыты қысқарады,
жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып – құстарға қорек табу
қиыншылыққа түседі.
Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін, құстар қорек іздеп бір жерден екінші
жерге орын ауыстырады. Орын ауыстырудың ең қарапайым түрі ұя маңынан
жем іздеуден басталып, ең күрделі түріне, ұялаған жерінен мыңда ған км
қашық облыстарға ұшып кетуімен алмасады.
Дәнмен қоректенетін орман құстары: мысалы, свиристелдер мен боз
шымшықтар қыс кезінде қоректік зат іздеп,тіршілік еткен ортасын жиі
алмастырып отырады. Оның белгілі географиялық бағыты болмайды.
Отырықшы орман құстары – ақ кекілік, бұлдырықтар және «меңіреу құрлар»
жазда тіршілік еткен ауданының территориясында қоректік заттың шамасына
қарай мекен еткен орындарын ғана өзгертеді.
Тундрада және орта Азияда лашын – жыл құсы болып есептелсе, Қырымда,
Кавказда отырықшы, немесе мекенін жиі ауыстыратын құс болып саналады.
Нағыз жыл құсы дегеніміз – қысқа қарай
жазғы ұя салған жерлерін тастап,одан қашық
жерлерге барып қыстап шығатын құстарды
айтады. Мысалы,қасқа қаздар ұясын тундраға
салады,ал Жерорта теңізіне, Каспий теңізіне,сол
сияқты Қытайға, Индияға барып қыстайды.
Каспий теңізінің оңтүстігіне көпшілігінде суда
және батпақта тіршілік ететін құстар қыстап
шығады.
Жыл құстары ұшып кеткенде өздерінің тіршілік
еткен ортасының ыңғайына қарай ұшады.
Мысалы, су құстары қайтқан кезде үлкен
өзендердің бойын жағалай ұшады, сондықтан да
олардың ұшатын жолы жіңішке болады. Теңіз
құстары теңіз жағалауын қуалай ұшады.
Құрлықтағы құстар қайтқанда кең бағытта
ұшады. Әйткенмен олардың да арнаулы «жолы»
болады.
ҚР жабайы жануарлардың мекендеуі (орнығуы), жіктелуі,
есептеу әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына орай,
мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран
дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу)
тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі
бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар)
санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га
немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін,
құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша:
көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті
бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын
жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа
бойынша жүргізеді.
Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу
зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті
өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен,
сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың
табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп,
абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын
алаңда) жүргізіледі.
Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут,
сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда),
жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің
саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы
орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен
әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік
(балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары
бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша,
кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі
есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы.
ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-
22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді
аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян,
сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін,
қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан,
үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар).
Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ
және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-
вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене),
батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек,
бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек,
қасқалдақ және басқалар).
Пайдаланылған әдебиеттер.
“Омыртқалылар зоологиясы” С.П. Наумов.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің
биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.-
Алматы, 2007ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz