Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері. Әдістердің анықтамасы




Презентация қосу
Тәрбие әдістері.
Тәрбие әдістерінің түрлері.
Әдістердің анықтамасы

Орындаған:Т-413 Математика
Молдабаева Азиза
Жоспар:

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті
ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма,
педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау,
оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
1. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерді ң өзара
байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балаларды ң жас ж әне
дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер т әрбие
мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге,
адамдармен қарым-қатынас жасау ға, олардың жа қсы тәжірибесін алу ға
көмектеседі.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты т әрбие
мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде
әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулеріні ң т әжірибелік,
ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру,
мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне
ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар,
түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич
тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету
әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін
әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалы қ
әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жатты қтыру, о қыту
әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам т үрлері бар. Соларды ң
ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие
әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау,
ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру
әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі.

Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға
жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну т әсілін
қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз
еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметті ң
мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін оларды ң
алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.

Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, е ңбек
белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту
жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс- қызметке
қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын д ұрыс
таңдап дамытады.

Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет
кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын
игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі а қпаратты топта, сыныпта,
мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, м ұғалімдер, ата-
аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.

Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін,
көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, о қу
мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері ба ғалау ға үйренеді. О қушы іс-
қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі
баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке
тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін
қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз
материалдар.

Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері ( ұғым,
байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия).
Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім
оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтыма қтаса
жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды б ұз ған
оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балаларды ң
теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылы қ
көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шы ғару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті т үрде
түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипатта ғы
сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып,
ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған к өзқарастарымен к үресуге
үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді.
Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның та қырыбын, с ұра қтарын
тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып,
оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды
құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу,
дөрекілік жасау теріс қылық екенін т үсіндіре беруді ң қажеті болма ғанды ңтан
басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланы ң пікірін
сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылы ғы
үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.

Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі т үрлі кейіпкерлерді
үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала бас қа
адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлы қ адамдар ға еліктейді.
Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.

Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді:
"Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің
ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдарды ң кешіккені ұнамайды,", - дейді.
3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене
қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің к өрсеткіші, дамуыны ң,
өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс- әрекетіні ң дамуына қарым-
қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс т әрбиені ң болуы м үмкін
емес.
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжым ға
пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру;
оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жа ғдай жасау.
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оны ң к өңілінен шы ғатын,
шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету
тәжірибесін кеңейтеді.
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты.
Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б.
міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін е ңбекте
көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында ке ңес беру, балаларды ң ынтасын
арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын
материалдың және моральдың жағдайды сақтау.
оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-ті ң н әтижесін
қорытындылау.
Педагогикалық талап әдісі іс-
әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір
түрін мадақтау тәрбиеленушінің
санасын дамытады. Л.Г.Макаренко:
"Егер жеке адамның басына тиісті
талаптар қойылмайтын болса, онда
ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп
құруға да болмайтындығы, әрине,
өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі
түрде талаптар қойылуын жақтайтын
адаммын", - деп педагогикалық талап
әдісінің басқа әдістерге қарағанда
ерекшелігін көрсеткен.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешіні ң әр
түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілерді ң орындайтын жатты ғулары -
тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне е ңбек ету, бас қалар ға қам қорлы қ
жасап, қуанышқа бөленуі.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жатты ғу
әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жатты ғулар мен әрекеттерді ң
баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланы ң ішкі м үмкіндігін,
күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін бас қару жалпы
адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына ж әне оның дұрыс іс- қимылы мен
мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланы ң мінез- құл қын
қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын -
балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлы қ, досты қ,
жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін
дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғат қа деген
сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйласты қ сия қты адамгершілік
сипатын қалыптастырады.
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров
"Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланы ң бір
затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары
мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру
қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-
әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылы қтарын ма қтау, ал
теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін
жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиені ң субъектісі
болып табылатындығы.
Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол
тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлы қтары мен іс-
әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сонды қтан,
тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.

Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және
көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен
көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау
әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді,
жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне
сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан
алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау.
Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін бала ға
үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау
шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс.
Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту,
намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып,
ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау.

Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына
сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып,
тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалауды ң т үрлері:
ескерту, сөгіс, т.б.
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спортта ғы, өнердегі табыстарын
көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жа ңа серпін, жа ңа
өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік ту ғызады.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау ж әне
талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамны ң өзін- өзі ба қылауы
және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдісті ң бірі -т әрбиелейтін
жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам е ң алдымен әр т үрлі
әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сонды қтан баланы ң өмірін, қорша ған
ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша
жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер б ұл
жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отыр ғанда
жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласы ң ба? - деген
мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына с үйеніп жауап
беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым- қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін,
өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады.
Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтау ға арналған. Ауызша ж әне
жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шы ғармалар, о қушыларды
өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау
қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялы қ
ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес
ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жа ғдаяттар ға т әуелді.

Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, о қу-т әрбие процесін бала
дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде
болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі т әрбие жұмысына игі
әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен да ғдысын тере ңдетеді, қо ғамды қ
өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге
мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Қолданылған әдебиет

1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
2. А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы,
1990.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.
-Алматы, 1994.
4. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-
тәрбиесі. -Алматы, 1995.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие әдістері
Қазақ этнопедогогикасының зерттеу әдістер
Оқыту әдістері мен құралжабдықтары
Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі және ғылыми дүниетаным негізі
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Тәрбие құралдары
Тәрбие әдістерінің түрлеріне анықтама беру, кесте түрінде көрсету
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Тәрбие әдістері жайлы
Пәндер