Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар туралы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ
атындағы МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік
вирустар.
Антивирустық
программалар

Орындаған: Қожабаева Т.С
Топ: БЛ-509
Тексерген: Жаксыгулова Д.Д
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған
шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол
өздігінен басқа программалар соңына
немесе алдына қосымша жазылады да,
оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай - ақ
компьютерде тағы басқа келеңсіз
әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай
вирус табылған программа "ауру жұққан"
немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай
программаны іске қосқанда алдымен вирус
жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы
орындалмайды немесе қате орындалады.
Вирус іске қосылған программаларға да
кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және
басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай
бастайды (мысалы, файлдарды немесе
дискідегі файлдардың орналасу кестесін
бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды
жайлап алады және т. с. с.).
Мекен ету
ортасына қарай
вирустар

Файлдық Макровирустар
Жүктейтін
Файлдық вирустар – .com,
.exe, .sys кеңейтпелеріне ие
бағдарламаларға зақым
келтіріп, компьютердің
өшуіне дейін алып келеді.
Заңсыз бағдарламаларды,
әсіресе, ойындарды көшіріп
алу арқылы компьютерге
кіреді.
Жүктелуші вирустар –
кейбір бағдарламаларды,
ақпараттарды жүктегенде
зақымдану пайда болады.
Қорғану жолдары: 1)
күмәнді сілтемелерге,
жүктеу көрсетілген
сілтемелерге басуға, кіруге
болмайды. 2) компьютер
жүктеуден зиян көрмеу үшін
BIOS (Setup) қорғаныс қою
керек.
Макровирустар –

Word және Excel құжаттарына зиян
келтіреді. Бұл вирустар
макрокомандалардан (макростардан)
тұрып, құжаттарға салынады және
құжаттардың стандартты шаблонына
зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды
ашқанда, онда макрос бар екендігі
туралы хабар келеді. Егер макростардың
жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз,
макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен
де мақрұм боласыз.
Вирустардың пайда болу тарихы.

Алғашқы компьютер вирусының пайда
болуы жөнінде пікірлер өте көп. Белгілісі
мынау ғана: компьютерді алғаш ойлап
тапқан Ч. Бэббидждің машинасында вирус
жоқ еді, ал 1970-ші жылдардың
орталарында Univax 1108 және IBM 360/370
ЭЕМ-да вирус болды. Вирустардың пайда
болуының алғы шарты ретінде Джон фон
Нейманның өздігінен көбеюші
математикалық автоматтар туралы 1940-
жылдардағы еңбектерін атауға болады.
1962 ж. америкалық компаниялар Bell
Telephone Laboratories инженерлері - В.А.
Высотский, Г.Д. Макилрой, Роберт Моррис
– «Дарвин» ойынын жасады. Оның ішінде
олар алғаш рет вирустық бағдарлама
принципін пайда болған.
Антивирустық
программа (Антивирусная программа;
antivirus programm) — компьютер
программаларына зақым келтіретін
вирустарды табатын әрі олардың кері
әсерін (залалын) жоятын программа. Егер
вирус жойылмаса, онда зақымданған
программа жұмыс істей алмайды,
сондықтан оны өшіріп тастау керек. Олар
екі режімде жұмыс істей алады, бірі - осы
уақытқа дейін тигізетін зияны анықталған
белгілі бір вирустың кері әсері болғанын
анықтау, ал екіншісі — сол кері әсерді
жою, яғни емдеуге талпыну, емдеуге
келмейтін файлдар жойыуы тиіс.
Антивирустық программалар

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Компьютерлік вирустар туралы ақпарат
Компьютерлік вирустардан қорғау туралы
Компьютерлік вирустар - антивирустық программалар туралы ақпарат
Компьютерлік вирустар және антивирустар
Вирустар және антивирустар
Компьютерлік вирустар жайлы ақпарат
Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар
Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар жайлы
Архиваторлар және антивирустық бағдарламалар
Пәндер