Бәдіздердегі жырлар ( Тастағы жазулар- «руна») туралы зерттеулер»


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология фкультеті. Қазақ тілі мен Әдебиеті кафедрасы.

Slide 2

Тақырыбы:

«Бәдіздердегі жырлар

( Тастағы жазулар- «руна») туралы зерттеулер».

Slide 3

Жоспар:

Руна жайыл алғашқы деректер.

Руна жазуы туралы түсінік.

Жазбалар табылған аумақтар.

Рунаны реттеуші ғалымдар.

Ескірткіштер

Қазақстан аумағындағы ескерткіштер.

Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы

Күлтегін ескерткіші.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Slide 4

Алғашқы мәліметер

Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда түріктер I V ғасырдың екінші жартысында өзі жазуларын кең ауқымды қолданған. Түріктер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда өзі жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліменттер бар. Мысалға алғанда Византия императорына түрік елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелегінде көрсеткен.

Slide 5

Руна жазуы

Жалпылама ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал көне түрік жазуы - руна немесе сына жазуы деп аталған.

«Руна» «әріп» және «белгі» дегенгі білдірмейді. Оны - «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі -латыннын «арканум» (мысалға «Таро арқаны») немесе грекше «мисmерион» (мистерия) сөздерінің аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Slide 6

Руна жазбалары:

http://rustimes. com/i/fut-001. jpg

https://upload. wikimedia. org/wikipedia/commons/thumb/e/ec/Kylverstenen_2. jpg/320px-Kylverstenen_2. jpg

Slide 7

Жазбалар табылған аумақтар:

Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған. Түріктің жазба ескеткіштерінің көп кездесетін жері - Сібір өлкесі Енесей өзені бойы.

Slide 8

Рунаны зерттеуші ғалымдар

Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И. Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н. М. Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В. Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В. В. Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-енисей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері /тілі және жазылу сипаты/ бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып кеткен.

Slide 9

Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты /689-744 жж. / және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты /745-840 жж. / дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері - Бірге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төныкөктің /716 жыл/ құрметіне Тоныкөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш.

Ескерткіштер:

Slide 10

Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің екі тобын - ферғаналық тобы мен жетісулық тобын бөліп қараған жөн. Бұларға үлкен-үлкен қой тастардағы, қабір басына қойылған тастардағы тоғыз жазу және Талас өзенінің аңғарындағы Терексай қойнауындағы жартас бетіндегі жазулар, Жамбыл қаласының маңынан табылған керамикадағы жазулар, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдардағы ұсақ жазулар мен жекелеген белгілер, ағаш таяқшадағы жазу /Талас өзені бойынан кен қазу жұмыстарында кездейсоқ табылған/, сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан табылған екі қола айнадағы руналық жазулар, Талғар қала жұртынан табылған қыш ұршықбастағы ұсақ жазулар жатады.

Қазақстан аумағындағы руналық ескерткішер:

Slide 11

Орхон-Енисей жазуы туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам қаласының бургомистрі Н. Бидзен.

Орхон-Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г. Спасский «сібір естеліктерінің жазбасы» деген еңбегінде жариялап шығарды.

Ж. Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.

Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы:

Slide 12

Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан, Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктерден тараған болу керек.

Орхон ескерткіштері:

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
Сақтардың әлеуметтік топтарын ата
Ежелгі дәуір әдебиеті
Археологиялы ескерткіштер
Көшпелілер мәдениеті
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Орталық Азияның өзіндік мәдениеті
Қазақстан Қызыл кітабы
Қарахан мемлекеті
Орхон ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz