ЗӘР БӨЛУ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ




Презентация қосу
ЗӘР БӨЛУ МҮШЕЛЕР
ЖҮЙЕСІ
Бүйрек — ren, s. nephros — пішіні бүршақ
тәріздес, қызыл- қоңыр түсті, қомақгы жүп мүше. Ол
негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі қан
қьісымын және су-түз алмасуын реттеуге де
қатысады. Бүйрек қүрсақ қуысының бел аумағында,
бел омыртқалардың вентральды бүлшық еттерінің
төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол
сыртынан бүйрек майы қапшығымен (capsula adiposa)
қапталған. Оның төменгі беті қүрсақ қуысы сірлі
қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі
және екі бүйір беттері ғана кдпталған. Бүйректің ішкі
медиальды ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен
жүйкелер енетін жерін бүйрек қақпасы (hilus renalis)
— деп атайды.
Бүйректің жарып
көрсетілгендегі құрылысы:
1 – қыртысты қабат;
2 – милы қабат;
3 – пирамидалар;
4 – бүйрек емізікшелері;
5 – кіші тостағаншалар;
6 – бүйрек қақпасы;
7 – бүйрек астаушасы;
8 – несепағар
Тілімді көпемізікшелі бүйрек
бүйректің сыртқы жағы
бір-бірінен тілімделіп
бөлініп, қосыла
қоймаған, ал ішкі
жақтары толық қосылып
бірігіп кеткен
бүйрекшелерден
құралған. Сондықтан,
бүйректің сыртқы беті
тілімделіп тұрады.
Бұндай бүйрек сиырда
болады.
Көптік бүйрек
бір-бірімен зәр шығару
өзектері — бүйрек
сабақшалары арқылы
байланысып жатқан көптеген
майда жеке бүйрекшелерден
тұрады. Әр бір бүйрекше
сыртынан дәнекер ұлпалық
қапшықпен қапталған.
Бүйректің бұндай түрі теңіз
сүтқоректілерінде (китте,
түленде, дельфинде, ақ аюда,
моржда т.б.) болады.
Тегіс көпемізікшелі бүйрек
Шошқада, маймылдарда және
адамда болады. Бүйрек
сыртынан қарағанда тегіс
болғанымен, ішкі кескінінде
көптеген емізікшелерден тұрады.
Бұларда да, емізікшелер
түтіктері тостағаншаларға
ашылып, олардан шығатын
қысқа сабақшалар бірігіп,
бүйрек қақпасы маңындағы
қуыс мүше — бүйрек түбегіне
ашылады. Бүйрек түбегінен
несепағар шығады.
Тегіс біремізікшелі бүйрек

Барлық жыртқыш
жануарларда, қойда, ешкіде,
жылқыда, түйеде т.б.
көптеген жануарларда
болады. Бүйрекшелердің
барлық аймақтары бірігіп
кетеді де, бірыңғай
орналасқан қыртысты,
шекаралық және бозғылт
аймақтарды түзеді.
Бүйректің сырты тегіс, ішкі
кескінінде бір емізікше
көрінеді.
Нефрон (бүйрек өзекшесі) бүйрек
паренхимасының құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Жануарлардың түрлеріне байланысты бүйректе 2-8
миллиондай бүйрек өзекшелері болады. Нефронның
орташа ұзындығы 2-5 см. Нефрон құрылысы мен қызметі
әр түрлі бірнеше бөлімдерден құралған. Оларға:бүйрек
денешігі, жоғарғы (проксимальды), жіңішке және төменгі
(дистальды) бөлімдер жатады.
Несепағар — ureter — бүйрек түбегінен басталып, бел
аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған
түтікше мүше. Ол қүрсақ қуысындағы қысқа қатпарға
ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас
қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының қүрамында
қуықгың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала
еніп, 3-5 см -дей аралықга етті және кілегейлі кдбықгардың
арасымен әтіп барып, қуықкуысына ашылады. Несегіағардың
бүлай қуық қабырғасымен өтіп, куықтың қуысына ашылуы
зәрдің бүйректен куыққа тек бір бағытта ғана ағуына жағдай
тудырады. Зәр қуыққуысынан кері несепағарға өте алмайды.
Себебі, қуық зәрге толған сайын, оның етті қабығы
несепағарды сыртқы жағынан қысып, зәрдің кері
несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді.
Несепағар
Куық (мочевой пузырь) — vesica urinaria — пішіні алмүрт
тәрізді зәр уақытша жиналатын қуысты мүше. Оның құрсақ
қуысына қараған бөлігін қуық төбесі (vertex vesicae), үзынша
келген ортаңғы бөлігін қуық денесі (corpus vesicae) және
жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін қуық
мойны (cervix vesicae) — деп атайды. Іші бос қуықгың ішкі
кілегейлі қабағы қатпарланып түрады. Көпқабатты ауыспалы
эпителиймен астарланған кілегейлі қабықта бездер болмайды.
Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі бетінде
несепағар білеуліктері (columna ureteris), ал олардың қуық
қуысы жағында несепағардың тесіктері (ostium ureteris)
көрінеді. Осы тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар
қатпарлары (plica ureterica) бір-бірінс сүйір бұрыш жасай
үшкірлене жақындап, қуық үшбүрышын (trigonum vesicae)
құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де,
қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде
несепшығар қырын (crista urethralis) түзеді.
Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) — urethra —
қуық мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс
мүшелеріне жалғасып кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс
мүшесі езегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал ұрғашы
жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс
кіреберісін немесе несеп- жыныс қойнауын құрайды.
Аналық уретра (urethra feminina) жамбас қуысындағы
қынаптың вентральды бетінде қуық мойны мен несеп-жыныс
кіреберісі аралығында жатады. Оның сыртқы тесігі кынап пен
несеп-жыныс кіреберісінің шекарасына ашылады. Аналық
уретраның кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен
астарланған. Онда ұсақ кірмелер болады. Кілегейлі кабықтың
астында бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген етті қабығы
жатады. Уретраның соңғы бөлімінде етті қабық сыртынан
көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы қабатымен қапталып, оның
қысқыш бұлшық етін түзеді.
Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мүше жіне ішкі мүшелер туралы түсінік. Дене қуыстары
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Зәр шығару жүйесі туралы ақпарат
Зәрдің түзілуі
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Нерв жүйе ағзаларының дамуы
Иттердің анатомиясы мен физиологиясы
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Симпатикалық жүйке
Жүйке жүйесі жұлын
Пәндер