Геоэкология - экология және геграфия түйісіндегі кешенді ғылым



Геоэкология

Мазмұны
Геоэкология туралы жалпы түсінік
Геоэкология нысаны-экосфера
Географиялық қыртыс
Ландшафтық сфера, табиғи орта, технофера, әлеументтік сфера ұғымдары

Геоэкология -
экология және геграфия түйісіндегі кешенді ғылым.

Геоэкология
Құрлық экологиясы
Мұхит экологиясы
Тұщы су экологиясы
Жер геосферасына адам әрекетінің әсерін және т. б. зерттейтін ғылым.

Термин тарихы
Геоэкологияның пайда болуын неміс географы Карл Троллмен (нем. Carl Troll) (1899-1975) байланыстырады. Карл Тролл 1930 жылдардын өзінде экожүйені зерттеуде географиялық және экологиялық зертеулер бірігіп геоэкологияны түзетінін түсінген. Оның ойынша “геоэколгия” және “ландшафтты экология” терминдері синоним болып келеді.

Алайда бұл термин осы күнге дейін нақты және жалпыға түсінікті анықтамасы жоқ. Бірақ жалпы түсінік ретінде табиғи ортаға тигізетін зиянды антропогендік әсерлерді зерттеуді негізге алып отыр.

Карл Тролл
Неміс физико-географы, 1930 жылдан бастап Берлиндік университетінің орталық және “шетелдік” [Überseegeographie] жағрафия профессоры. 1938 жылдан бастап Географиялық институты Бондық университетінің(1960 - 1961 ж. Университет ректоры) жағрафия профессоры және директоры болған.
Ландшафттық экология (Troll, 1939) және геоэкологияны (Troll, 1968) ашқан адам. “Геоэкология” түсінігі толығымен “жаһандық экология” (Калесник, 1961; Будыко, 1977) түсінігіне сәйкес келеді және ғылымның “биосфералық класына” жатады.

Геоэкология өте күрделі жүйе “Экосфераға” бағытталған ғылым. Геоэкологияны жер туралы жаратылыстану ғылымдарынан тараған, яғни пайда болған деседе болады.
Экосфера деп геосфера мен қоғам нтеграциясының дүниежүзілік аумағын айтуға болады. Экосфера Геоэкологияның нысаны болып табылады. Геоэкология адам қызметі жердің қайта қалыптасуының қажетті факторы болғанда пайда болды.
Экосфера - геоэкология нысаны

Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Географиялық қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға тәуелді.

Литосфера - жердің қатты қабығы (грек. lithos- тас, sphaira - шар)

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Биосфера - тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Гидросфера (гр. һуdor - су, spһаіrа - шар) - 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы

Атмосфера (гр. ατμός - «ауа» және гр. σφαῖρα - «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы

Ұғымдарға түсінікеме:
Әлеуметтік сфера - кұрамына қазіргі даму сатысына тән өндірістік қатынастарымен қоса бүкіл адамзатты қамтитын географиялық қабықтың бөлігі, сондай-ақ табиғи ортаның адам игерген бөлігі. "Әлеуметтік сфера" терминін неміс географы Э. Неф енгізді (1967 ж. ), қосымша Ноосфера.
Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафт (нем. land - жер, schaft - өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л. С. Берг енгізген.

Қоршаған табиғи орта - адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Техносфера ( гр. techne - өнер, шеберлік, sphaira - шар ) -адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі. Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жуйесі (Дедю, 1989) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz