Сайтқа презентация қосу

Үлпалар туралы түсінік. Эпителий ұлпасы

Үлпалар туралы түсінік. Эпителий ұлпасы
Орындаған: Иманхан С.Е Тобы: ОЗ-407 Тексерген: Сатиева К.Р

Ұлпа — морфологиялық белгілері мен атқаратын
қызметінің үқсастығына байланысты біріккен бір- текті жасушалар мен жасуша аралық заттардың тарихи (филогенездік түрғыдан) қалыптасқан жүйесі. Құрылысына, организмдегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне және шығу тегіне байланысты белгілерді толықтастырып, жануарлар организмі үлпаларын төрт түрге бөледі. Олар: эпителий (жабынды), дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта үлпалары), ет және жүйке (нерв) үлпалары. Бүл үлпалар жануарлар организмінің мүшелерін (ағзаларын), мүшелер жүйелерін қүрап, қүрылысы мен қызметтерін анықтайды.

Эпителий үлпасы — жануарлар филогенезінде
жабынды үлпа ретінде көпжасушалы организмдегі ең алғаш дамып жетілген қүрылым. Ол жануарлар организмін сыртынан қаптап, дене және сірлі қуыстар мен түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарының ішкі бетін астарлап, организмнің ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп, шекаралық орын алады. Сөйтіп, ол тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Бүған қоса эпителий үлпасы организмдегі көптеген бездердің паренхимасын түзіп, тірі организмдегі түрлі зат алмасудың жүруіне керекті бөлінділер (секрет, гормон т.б.) бөледі.

Организмдегі орналасу орны мен қызметтері әр түрлі болғанымен, эпителий үлпаларының жалпы қүрылысы бір-біріне үқсас. Олардың барлығына тән ортақ қүрылымдық белгілер: 1..Эпителий үлпалары тек эпителий торшалары — эпителиоциттерден ғана түрады. Эпителий үлпаларында торшааралық тірі зат болмайды. 2.Эпителий үлпаларын қүрайтын эпителиоциттер бір-бірімен өте тығыз жанаса байланысып, эпителий торшалары қабаттарын түзеді. З.Эпителий үлпаларын, олардың астында жатқан борпылдақ дәнекер үлпасынан, шекаралық қызмет атқаратын негіздік жарғақ (базальды мембрана) беліп түрады. Орташа қалындығы 100 нм - Імкм, гликолипопротеидті жіпшелер мен пішінсіз (аморфты) заттан қүралған негіздік жарғақты түзуге жоғарыда аталған шекаралас екі үлпа да (эпителий және борпылдақ дәнекер үлпасы) қатысады. Эпителий үлпасы сезімтал жүйке үштарына өте бай. 4.Эпителий үлпаларының жануарлар организмінде шекаралық орын алуына байланысты, олардың эпителиоциттерінде полярлық айырмашылық байқалады. Бірқабатты эпителий үлпасы эпителиоциттерінің негіздік жарғақпен жанасатын төменгі полюсін олардың негіздік (базальды) полюсі, ал эпителиоциттердің негіздік полюстерге қарама-қарсы жатқан екінші бос үшын төбелік немесе апикальды (лат. арех — тобе) полюсі — деп атайды. 5.Эпителий үлпасының қайтадан қалпына келу қабілеті (регенерациясы) жақсы жетілген. Олардың құрамында эпителиоциттердің көбеюін қамтамасыз ететін діңгекті (камбиальды) торшалар болады.

Денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты эпителий үлпасы үлкен екі топқа:

Жабынды эпителий
Теріні сыртынан қаптап, ішкі мүшелердің ішкі бетін астарлап, қоршаған орта мен организмнің арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етіп, қорғаныс, тітіркеніс, заттарды сору, сіңіру және бөліп сыртқа шығару қызметтерін іс жүзіне асырады.

Безді эпителий
Организмдегі бездердің бөлінділерді (секреттерді) бөлетін жүмысшы бөлігі — без паренхи- масын түзіп, денедегі зат алмасу процесіне қажет секреттерді бөліп шығарады.

А - однослойный плоский эпителий (мезотелий); Б - однослойный кубический эпителий; В - однослойный цилиндрический (столбчатый) эпителий; Г- однослойный многорядный Реснитчатый эпителий; Дмногослойный переходный эпителий; Е-многослойный плоский неороговевающий эпителий.

Эпителиоциттер қабаттарының санына байланысты жабынды эпителий үлпасы екі топқа бөлінеді.

Бірқабатты
негіздік жарғақта орналасқан бір қабат эпители жасушасы қабаттарынан қүралған. Бірқабатты эпителий үлпасы өз кезегінде бірқатарлы эпителий және көп қатарлы эпителий үлпалары болып екіге бөлінеді. Бір- қабатгы бір катарлы эпителий үлпасының эпителиоциттері мөлшері жағынан біркелкі болып келеді және эпителиоциттер ядроларының молшері де бірдей болып, бір қатарда орналасады. Ал, бірқабатты көпқатарлы эпителий үлпасы эпителиоциттерінің барлығы толығымен негіздік жарғақта орналасады. Бірақ, эпителий ұлпасын мөлшері мен қызметі түрліше әр түрлі эпителиоциттер кұрайды.

Көпқабатты
көп қабатта жатқан эпителиоциттер қабаттарынан қүралған. Негіздік жарғақпен эпителий үлпасының тек төменгі бір қабат эпителиоциттері (базальды қабат) ғана жанасады. Жоғарғы қабаттарындағы эпителиоциттерінің пішініне байланысты, көпқабатты эпителий ұлпасы: көпқабатты жалпақ эпителий және көпқабатты ауыспалы эпителий болып екі топқа бөлінеді.

Бірқабатты цилиндр тәрізді эпителия. 1 - микробүрлер; 2 - ядро; 3 - базальды мембрана; 4 - дәнекер тіні.

Көпқабатты жазық эпителий 1 - эпителий: 1.1 - базальды қабаты, 1.2 - Аралық қабаты, 1.3 – беткі кабат; 2 – базальды мембрана; 3 - Борпылдақ дәнекер тіні

Безді эпителий жануарлар организміндегі әр түрлі бөлінділер (секрет, инкрет гормон) бөлетін бездердің негізгі қызметін атқара- тын жүмысшы бөлігі — паренхимасын күрайды. Безді эпителийдің бөліндіні бөлу процесін секреция— деп атайды. Бездердің секрециясы аркышы жануарлар организмдерінде коптеген маңызды қызметтер, мысалы, сүттің, сілекейдің, кдрын мен ішектер сөлдерінің, үйқы безі сөлінің, өттің, терідегі тер мен тері майының, организмнің ішкі сүйық ортасына бөлінетін гормондардың және т.б. тіршілік үшін тым қажет заттардың түзілуі іс жүзіне асады. Боліндіні бөлудің мерокринді түрінде гландулоцит плазмолеммасының бүтіндігі бүзылмайды. Бөлінді гландулоцит плазмо- леммасы арқылы диффузды жолмен сүзіліп сыртқа шығарылады. Бөлінді бөлудің апокринді түрінде гландулоциттің бүтіндігі жартылай бүзылады. Оның апикальды ұшына жиналған бөлінді, торша плазмолеммасымен бірге үзіліп секрет тамшыларына айналады. Бөлінді бөлудің голокринді түрінде гландулоцит протоплазмасы толығымен бөліндіге толып жарылады да, безді торша толық бүзылып, ішіндегі жиналған бөлінді сыртқа шығарылады. Бездердің жіктелуі. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер бөліндісі - гормон деп аталады. Эндокринді бездер гормондарын организмнің ішкі сүйық ортасына (қанға, лимфаға, үлпа сүйығына) шығарады. Сондықтан, эндокринді бездер тек бөлінді бөлетін безді бөлімнен түрады. Олардың сыртқа шығару өзектері болмайды. Сыртқы еекреция бездері немесе экзокринді бездер бөліндісі секрет — деп аталады. Олар секреттерін сыртқы ортаға, мысалы, терінің сыртқы бетіне немесе қуысы сыртқы ортамен қатысатын мүшелер қуыстарына (түтікше ішкі мүшелер) бөледі.

Назарларыңызға рахмет!


Пән: Медицина



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь