Бизнес-жоcпарАрнайы киімдер өндірісі цехы


Slide 1

Дайындаған: Жәнібеков Ғ. Ж СТ-409 тобы

Slide 2

Қазіргі заманғы тұтынушы арнайы киімдер, аяқ киім мен АҚҚ бағытын өздері айқындайды. Қызметкерлердің сыртқы келбетіне қойылатын жаңа талаптар көптеген компаниялар үшін жаңа қызметтер түрлерін - корпоративтік стильді әзірлеу түрін туғызды. Белгілі бір түстер гаммасы, бірыңғай стиль, міндетті логотиптің болуы - бүгінде қарапайым дәстүрлі түрден бастап (костюмдер, ашық комбинезондар, халаттар) арнайы бағыттағы (жол қызметі, автосервис, күзет құрылымдары қызметкерлері және т. б. ) кәсіби жинақталымдарға дейін қамтиды.

Slide 3

Арнайы киімнің негізгі мақсаты - түрлі бағыттағы кәсіпорындарда, апаттық-құтқару бөлімшелері мен іздестіру-құтқару қызметтері құрылымдарында, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігін кепілдендіру болып табылады.

Қызметкерлерді сапалы және сенімді арнайы киіммен қамтамасыз ету өндірістік қажеттілік болып табылады. Бұдан басқа, бүгінде арнайы киімдерді пайдаланбай сәтті орындалмайтын операциялар көптеп саналады.

Арнайы киім адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуін сақтай отырып қорғаныс функциясын да атқаруы тиіс.

Бұл арнайы киім адамды қорғап қана қоймай, сонымен бірге өндірістік процеске қосымша кедергі жасауы да тиіс. Барынша қорғаумен қатар ыңғайлы болудың оңтайлы арақатынасын табу үшін көптеген адамдар: технологтар, дизайнерлер, химиктер, тігіншілер мол күш-жігерлерін жұмсайды.

Арнайы киім - бұл адамды қоршаған ортадан қорғап қана қоймайды, сонымен бірге компанияның имиджін қалыптастырады.

Мысалы, медицина қызметкерлерінің киімі (медициналық халаттар), официанттар мен стюардессалардың киімдері - бұлар да арнайы киімдер болып табылады. Ол компанияның стилін көрсетеді, халықтың қалың тобынан олардың қызметкерлерін бірден тануға мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің тартымды киімдері компанияны танудың кепілі. Ал мұндай арнайы киімнің түрлі қасиеттері оны қорғаныс ретінде, адамдарды қандай да бір зиянды әсерлерден қорғауға пайдалануға мүмкіндік береді.

Slide 4

Медициналық халат. Ақ түс - тазалық пен ізгіліктің түсі. Ақ медициналық халат - бұл медицина қызметкері беделінің ажырамас бөлігі, оның деректеме карточкасы.

Медициналық халаттар орын-жайларда санитарлық-гигиеналық режимді сақтау үшін қажет, екінші жағынан - қызметкер мен оның киімін кірден және инфекциядан қорғайды, осылайша инфекцияның таралуының алдын алады.

Slide 5

Жұмысқа киетін ашық комбинезон. Ашық комбинезон - киімнің үстіңгі бөлігі мен шалбарды қосатын сыртқы киімнің түрі.

Ұзақ уақыт бойы тек жұмыс киімі деп саналып келді. Оның көптеген қалталары болады, адамның қимылына бөгет жасамайды. Өзінің осындай жұмысқа киілетін нұсқасына қарамастан оның әр түрлі үлгісі бар. Оның үстіңгі бөлігі біршама ашық болады. Комбинезонның формасы сәннің бағытына байланысты өзгеріп отырады - ол барлық жаңалықтарды тез қабылдайды.

Slide 6 Slide 7

Көрсеткіш

2 015

2 016

2 017

2 018

2 019

Қуаты, %

58%

78%

90%

95%

100%

Медициналық халат, дана

1 716

3 102

3 564

3 762

3 960

Ашық жұмыс комбинезоны, дана

572

1 034

1 188

1 254

1 320

Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулердің (тұтынушылардың арнайы киімінің дизайнына басымдығын айқындау мақсатында) нәтижелері негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылар кірісінің орташа деңгейімен анықталған сатып алу қабілеттілігі ескерілді.

Атауы

Мәні, теңге

Медициналық халат

3 500

Ашық жұмыс комбинезоны

3 000

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

Slide 8

ҚР-да тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінің нақты көлемінің индексі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда артты. Мәселен, тоқыма бұйымдары өндірісінің индексі 2009 жылы 83, 8%, 2010 жылы - 103, 1% (ұлғаюы 23% құрады) құрады. Киім өндірісі индексі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 23, 5%-ға артты

Slide 9

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:

Slide 10 Slide 11

Техникалық жоспарлау

Технологиялық процесс

Медициналық халатты тігу технологиясы

Медициналық халатты өңдеудің технологиялық дәйектілігін қарастырамыз.

1. Ұсақ бөлшектерін дайындау

1. 1. 5 мм. Ш тігіспен жағаның асты мен үстін ортасына жіп өткізіп біріктіріп көктеу.

1. 2. Жағаның ұшын кесіп, оны айналдыру. .

1. 3. 5 мм. Ш тігіспен жағаның жиегінен әдіптеу тігісін жүргізу.

1. 4. Өңірдің астының ішкі кесілген жерін көктеу.

1. 5. Өңірлердің екі жанындағы жырықтардың бүктелетін бөлігін көктеу.

1. 6. Ортасынан өткізілген жіппен қоса жабық кесіндімен бірге бүктей отырып қалтаны тігістің бойымен біріктіріп тігу.

1. 7. Өңірлердің асты мен үстін көктеу.

1. 8. Қалталарды бірден қабырға тігістерімен бірге бекіте отырып, өңірдің төменгі қабырға бөлігін қалтаның астыңғы бөлігінің бойымен тігу.

1. 9. Ортасынан өңдеу жібін өткізе отырып жеңнің астыңғы жағын жабық кесіндімен бүгіп тігу.

1. 10. Белбеуді ұзын бойымен екіге бүктеп екі жағынан тігу.

1. 11. Ілгегін орнату.

2. Бұйымды құрастыру.

2. 1. Өңірлерін тігу.

2. 2. Сол жағынан өңір қалтаны тігу.

2. 3. Арқа бөліктерін тігу.

2. 4. Жартылай белбеуді арқа қиықтарымен біріктіріп тігу.

2. 5. Иық тігістерін тігу.

2. 6. Жеңін орнату.

2. 7. Жағасын тігу.

2. 8. Қабырға тігістері мен жең қиықтарын тігу.

2. 9. Өңірдің астын айналдыру.

2. 10. Өңірдің бойымен өңдеу тігісін жүргізу, сонымен бірге ілгекті орната отырып мойын ойығына жағаны қосып тігу.

2. 11. Бұйымның етегін ішіне бүктеп жабық тігіспен тігу.

2. 12. Жырығын өңдей отырып өңірлері мен арқасына жіберілген бөлігін тігу.

2. 14. Оң жағынан ілгек орнату.

2. 15. Ілгектеріне сәйкес түймелерін тігу.

2. 16. Бұйымды ылғалды жылумен өңдеу.

Slide 12

Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей арнайы киім тігу цехынан тұрады.

irr. kz және satu. kz интернет-ресурстарының негізінде өндірістік орын-жайды жалдаудың орташа құны айына 950-1 000 тг. /м2 құрайтыны айқындалды. Осыған байланысты кәсіпорынның тұрақты шығыстарына айына 1 000 тг/м2 жалдау ставкасы салынды.

Slide 13

Атауы

Саны

Бағасы, мың теңге

Сомасы, мың теңге

Тігін машинкасы

5

40

200

Жөрмеу құралы

2

45

90

Пішу үстелі

1

25

25

Жұмыс үстелі

5

15

75

Орындық

5

8

40

Шкаф

1

30

30

Өндірістікинвентарь

1

70

70

Жиыны

530

Цех жабдықтарының тізбесі

Жобада орын-жайды жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда электр -, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай қажетінше бейімделетін болады.

Slide 14

Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.

Slide 15

Осы жобаның іске асуы (іске қосу) 2018 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы сәуірге дейінгі кезеңді алатын болады деп болжануда.

Іс-шаралар\Ай

2 019

1

2

3

4

Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу

Қаржыландыру мәселесін шешу

Кредит алу

Орын-жайды таңдау

Құрамды іздестіру

Жабдықты жеткізу құрастыру

Жарнаманы орналастыру

Жұмыстың басталуы

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Slide 16

Өлш.

бір.

баға, тг.

Медициналық халат

Жұмыс. ашық комбинезоны

Шығыс нормасы

1 м сомасы

Шығыс нормасы

1 м сомасы

Материал (м/м), ені 150 см.

м

600

2, 0

1 200

0

Қалың материа, ені 140 см.

м

700

0

2, 2

1 540

Түйме

шт.

8

6, 0

48

0

Молниялар

шт.

75

0

1

75

Қысқыш

шт.

15

0

2

30

Баспа түйме

шт.

2

0

4

8

Жиыны

1 248

1 653

.

Ауыспалы шығыстар өнім дайындауға арналған бұл мен фурнитурадан тұрады. Материалдың бағасы Алматы қаласының орталық базарындағы бағаға жасалған талдаудың нәтижесінде көрсетілген.

Slide 17

Несие берушінің атауы

Несиелік берешек сомасы

Құралған

күні

Жоспарланған өтеу күні


Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар: Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Игілік ӨК
Adidas компаниясы
ИГІЛІК ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ БИЗНЕС-ЖОСПАР
ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Шойын мен болат
Каучук және резеңке
Арнайы киімдер жасау цехы
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz