Транспорттық және тұтынушылық тара және қаптамалар



Транспорттық және тұтынушылық
тара және қаптамалар


Транспорттық тараның функциялары
Транспорттық тара мынадай функциялар атқарады:
1. Техникалық:
• өнімнің сақталуы, үйлесімділігі, формасының тұрақтылығы, ұзақ қызмет істеуі, соққыға беріктігі, соққы қайтаруы (амортизация), қысу және жырту кезіндегі беріктігі, рұқсатсыз ащудан қорғауды қамтамасыз етуі;
• логистика: автоматтандырылған түрде өңдеуге жарамдығы, дөрекі түрде өңдеуге жарамдығы, кеңістікті үнемдеуі, қолдану және утилизациялау үшін ыңғайлылығы;
• құны: қаптаманы зерттеп дайындауға жұмсалатын шығындардың оңтайлылығы, қаптама құнының экономикалық ақталуы. 2. Маркетингтік: • позициялану - өнімді кәсіпорын қандай бейнеде көрсеткісі келсе, сол бейнені тұтынушыға жеткізе алу, өнімнің дербес ерекшеліктері туралы ақпарат жеткізу; • сатып алуға жағдай жасау (мотивациялау) - тұтынушыға әсер ету әрекеттері (қаптаманың формасы, графикасы, құрылымы, түсі және т. с. ) ;

• ақпарат жеткізу - маркасы, өнім жағдайының сипаталуы, қолдану тәсілі, практикалық кеңестер, қажетті жағдайларда арнайы белгілердің болуы; • тауарды сату амалдары - тауарды көрмелерде көрсету, арнайы науқандар туралы жарнамалық ақпарат беру, сатып алуға ынталандыру; • сервис - ыңғайлы ашылуы және қайта жабылуы, тауардың ыңғайлы қолданылуы, тұтынушы үшін қосымша құндылықтардың туындауы. 3. Жекелшелендіруші (идентифицирующая) : қаптаманың сыртқы көрінісі, түстерінің үйлесімділігі, формасы, дизайны тұтыннушының көңілінде қалады және артынан сол тауармен ассоцияцияланады (рны еске түсіреді), сол жерде тұтынушы сол тауарды алғысы келеді. Транспорттық тараның функциялары тараға, оның жеке түріне қойылатын талаптарға байланысты өзгеріп отырады. Өткен уақытта тасымалдау тарасы тек қана тауарды бұзбай, бүлдірмей жектізу тұрғысынан қарастырылған болса, қазіргі кезде бұл көзғарас өзгеріп отыр.

Транспорттық қаптама және оның тауар өтуіне ықпалы. Сауданың дамуына байланысты транспорттық тараның мәні жоғарылап келеді. Қазіргі кезде транспорттық қаптама сату көлеміне ықпал етеді. Соған орай сатушы мекемелердің өнім шығарушыларға қоятын талаптары да жоғарылайды. Өйткені сатылатын тауарлардың ассортименті күннен күнге кеңейіп келеді, тауардың көлемі де көбейеді. Бұндай жағдайда тауардың қаптамасы ыңғайлы болуы керек, тауар қоймадан сауда залына жеңіл тасымалдануы керек, тауарды алу жеңіл болу керек. Сауда залына транспорттық қаптамамен қойылған тауарлар, тұтынушылық тара сияқты өндірушіні көрсетуі, оның имиджін көтеруі, бір өндірушіні екіншісінен ажыратуға мүмкіншілік беруі керек, тауарды танымал қалатындай сауда маркасы (тауыр белгісі) болуы керек. Транспорттыұ қаптама бір жағынан шығарушы кәсіпорынның мәдени деңгейін көрсетеді. Қазіргі заманғы тұтынушы қаптамаға ақша төлеуге дайын, себебі жақсы қаптама тауарды тасымалдау және сақтау кезінде максимум қолайлы жағдайлар тудырады, сонымен бірге тауар туралы қажетті ақпарат бере алады.

Транспорттық тараның түрлері. Транспорттық тараның негізгі түрлері төменде берілген. Жәшік - төрт бұрышты қақпағы бар немесе қақпақсыз транспорттық тара. Жасау тәсілдері: қысым қолданып құю, айландырып отырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. \ Лоток - төрт бұрышты биіктігі аласа транспорттық тара. Жасау үшін жәшік жасау тәсілдері қолданылады. Корзина - қабырғалары биік, қабырғалар ауданының жартысы тесіктерден құралатын транспорттық тара. Жасау тәсілі: қысым қолданып құю. Материалы: полиэтилен, полипропилен. \ Фляга - цилиндр формалы корпусы бар, ауыз жағы конус түрде орындалған, қолмен көтеру үшін тұтқасы бар, жабылатын қақпағы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Баллон - тамшы, шар немесе цилиндр формадаға корпусы, сфера формасындағы түбі және тар ауызы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен, полиэтилен-терфтолат, полиакрилат (ПА) . Бидон - жазық немесе гофрирленген цилиндр немесе конус формасындағы корпусы, жазық түбі және қақпағы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Бөшке - парабола немесе цилиндр формалы, өнімді құю үшін тесіктері бар немесе бүбінің біреуі алынатын транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Канистра - төртбұрышты қолмен көтері үшін тұтқасы бар, жабу үшін құрылғысы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Бак - үлкен өлшемді жоғарғы жағында құю үшін тесігі, төменгі жағында құйып алу үшін тесігі бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен.

Жәшік

Лоток

Корзина

Фляга

Транспорттық қаптама және оның тауар өтуіне ықпалы. Сауданың дамуына байланысты транспорттық тараның мәні жоғарылап келеді. Қазіргі кезде транспорттық қаптама сату көлеміне ықпал етеді. Соған орай сатушы мекемелердің өнім шығарушыларға қоятын талаптары да жоғарылайды. Өйткені сатылатын тауарлардың ассортименті күннен күнге кеңейіп келеді, тауардың көлемі де көбейеді. Бұндай жағдайда тауардың қаптамасы ыңғайлы болуы керек, тауар қоймадан сауда залына жеңіл тасымалдануы керек, тауарды алу жеңіл болу керек. Сауда залына транспорттық қаптамамен қойылған тауарлар, тұтынушылық тара сияқты өндірушіні көрсетуі, оның имиджін көтеруі, бір өндірушіні екіншісінен ажыратуға мүмкіншілік беруі керек, тауарды танымал қалатындай сауда маркасы (тауыр белгісі) болуы керек.

Тұтынушылық тара - тұтынушыға тауармен бірге келетін тара болып табылады.

Тұтынушылық тараның функциялары. Тұтынушылық тараның ерекшелігі - ол тауарды аз мөлшерде буып-түю және сол күйінде тұтынушыда сақтау үшін арналады. Қаптаманың бұл түрі тауарды шығарушының немесе сатушының алдын ала буып-түюін және тұтынушыға буып-түйілген күйінде, алдынан белгілі сапалық сипаттамаларымен (салмағы, көлемі немесе ұзындығы) босатуды қарастырады. Сұйық азық-түлік тауарлары үшін тұтынушылық қаптама қолдану оларда даралап (розничная) сату үшім міндетті ереже болып табылды.

Тұтынушылық тараның түрлері. Тұтынушылық тараның негізгі түрлері:
Бөтелке
Флакон
Банка (шыны)
Туба (тюбик)
Пробирка (трубка)
Ампула
Лоток
Пакет (кулек, мешочек)
Қорапша (коробка)
Пачка
Корзинка

Бөтелке - түбі жазық немесе аздап ішіне қарай майысқан, цилиндр түріндегі корпусы жайлап азуызына ауысқан сиымдылық. Аузының диаметрі түбінің диаметринен кішірек. Пайдалану кезінде колпачок немесе пробкамен жабылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz