Баланың логикалық ойлауын дамытудағы ойынның психологиялық феномені


Slide 1

СӨЖ №1 Тақырып: Ойын психологиялық феномен ретінде

Орындаған: Даулетбекова А. Ж

Тексерген: Кулмышева Н. А

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Семей, 2015ж

Slide 2

Жоспар

Ойын дегеніміз не?

Ойын туралы жалпы түсінік

Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның ролі

Ойынның түрлері

Қорытынды

Slide 3

Ойын дегеніміз?

Slide 4

Ойын - баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.

Slide 5

Ойын туралы жалпы түсінік

Slide 6

Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның ролі

Ойын - бала әрекетінің бір. , бір бөлігі.

Балалардың ойлауын, қиялың, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.

Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.

А. С. Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады.

Slide 7

Ойын түрлері

Slide 8

Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды.

Slide 9

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

Slide 10

Қорытынды

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Жұмысымды В. Сухомлинскийдің мына бір сөздерімен қорытындылағым келіп отыр. «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытудағы дидактикалық ойындардың теориясы мен әдістемесі
Ойынның психологиялық феномені: теориялық негіздері, есептеу аспектілері және түрлері
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста ойынның психологиялық-педагогикалық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ойынның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Баланың тұлғалық қалыптасуындағы ойынның рөлі және қазақ ұлттық ойындарының педагогикалық аспектілері
Мектепке дейінгі кезеңде ойынның психологиялық-педагогикалық маңызы және тіл дамытудың дидактикалық әдістері
Ерте балалық шақтағы баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға арналған логикалық есептер мен бөлшектер сабақ жоспары
Оқушылардың логикалық ойлауын және есеп дағдыларын дамытуға арналған математика сабақ-сайыс жоспары
1 жастағы баланың физикалық және психологиялық дамуын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz