Вирустар мен антивирустар


Slide 1 Slide 2

Компьютерлiк вирустар дегенiмiз - компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.

Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар:

Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi;

Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi;

Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады;

Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды;

Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады және т. б.

Slide 3

Вирустар орналасу орындарына қарай

желiлiк

файлдық

жүктелетiн

Slide 4

Вирустардың деструктивтi мүмкiндiктерiне қарай, яғни олардың атқаратын iс-әрекеттерiне байланысты оларды мынандай топтарға бөлуге болады:

Қауiпсiз вирустар

Қауiптi вирустар

Өте қауiптi вирустар

Әсерi дискiдегi бос орынның азаюымен және графикалық, дыбыстық, басқа да эффектiлердiң кемуiмен шектеледi (оның тарау нәтижесiнде тек дискiнiң бос жады кемидi) ;

Компьютердi жұмысынан жаңылыстыратын көңiл аударарлық зиянды әрекеттер туғызады;

Әсерiнен көптеген программалар, мәлiметтер, жедел жадының жүйелiк аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажеттi ақпараттар жойылып кетедi.

Slide 5

Компаньон-вирустар (companion) - файлдарды өзгертпейтiн вирустар, бiрақ олар осы атқарылатын . EXE-файлға ұқсас кеңейтілмесі . COM болып келетiн орындалатын файлдар жасап шығарады. Мысалы, XCOPY. EXE файлы үшiн XCOPY. COM атты тағы бiр файл пайда болады.

Құрттар (worm) - компьютерлiк желi арқылы таралатын және компаньон-вирустар сияқты файлдарды, дискiдегi секторларды өзгертпейтiн вирустар. Бұлар желi арқылы компьютердiң жадына орнығып алады да, басқа компьютерлердiң желiлiк адрестерi бойынша өз көшiрмелерiн таратады.

"паразиттiк" топқа кiретiн вирустардың әсерi тиген дискiлiк секторлар мен файлдардың мазмұндары өзгерiп кетедi. Құрт немесе компаньон-вирустарға жатпайтын басқа вирустар паразиттiк топқа кiредi;

"студенттiк" - вирустарға болар болмас әсер ететiн, резиденттi емес, қателер саны өте көп вирустар тобы кiредi;

"стелс"- вирустары (көрiнбейтiн вирустар, stealth) дамыған программалар тобына жатады, зақымдалған файлдар өңделуге тиiс сәттерде олардың орнына мәлiметтердiң ауру жұқпаған бөлiктерiн орналастырып, оларды да зақымдай бастайды.

Slide 6 Slide 7

Антивирус (латын тілінен анти - қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) - антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырмайға арналған программа. Оның жұмыс істеу (сканирование) принципы: Компьютерді (C; D) толық сканированиеден өткізіп, вирутарды табу. Компьютердегі (C; D) өзіне сәйкес қимыл орындамайтын немесе вирустанған файл-программаларды табу, олардың қауіптілік дәрежесін анықтау. Жалпы негізгі жұмыс ерекшеліктеріне тоқталайық:

1. Вирустанған (инфицированный) файлды жою;

2. Вирустанған файлдың басқа барлық файлға байланысын жою;

3. Карантинға енгізу(Антивирустың критериясы бойынша вирустың таралуы қауіпінен оны қолдануға мүмкіншілк бермейді) ;

4. Файлды тазарту, яғни енген вирусты жою;

5. Ешқай бұйрық орындалмайтын жағдайда оны операциялық жүйенің келесі перезагрузкасында ғана вирусты толығымен жоюға болады.

Slide 8

Детектор

Доктор

Ревизорлар

Бағдарлама детекторлар жедел жады мен файлдарда белгілі вирусқа сай келетін байттар тізбегін (вирус сигнатурасын) іздесіреді, тапқан жағдайда мәлімет береді.

Бағдарлама докторлар немесе фагтар және бағдарлама вакциналарвирусталған файлдарды тауып қана қоймайды, солнымен бірге оларды “емдейді.

Бағдарлама ревизорлар вирустардан қорғанудың ең сенімді құралы болып табылады. Ревизорлар бағдарламалардың, тізімшелердің және дисктің жүйелік аумағының вирусталмаған кезіндегі бастапқы жағдайларын есте сақтап, онымен периодты түрде немесе қолданушының талабы бойынша ағымды жағдайды салыстырып отырады

Slide 9

Антивирус Dr. Web Доктор Веб - белгілі және әйгілі антивирустық бағдарламалардың бірі болып табылады. Белгісіз вирустарды анықтау ықтималдылығын жоғары дәрежеге жеткізетін эвристический талдағышы (анализатор) бар. Бағдарлама Интернеттен автоматты түрде вирустар деректері қорын жүктеуге және бағдарламаның өзін автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді. Осылардың нәтижесінде жаңа вирустардың пайда болуын жедел сезінеді.

Slide 10

Касперский антивирусы (ағыл. Kaspersky Antivirus, KAV) - вирусқа қарсы программалық қамтамасыз ету, Касперский лабораториясында жасалынған. Қорғауды қолданушыға iлiгетін вирусқа қарсы, трояндық программаға, шпиондық программаға, руткитке, adware және белгісіз байбаламдарға қарсы программа.

Вирустан, трояндық программадан және құрттардан қорғайды;

Шпиондық және жарнамалық программалардан қорғайды;

Файларды тексеру автомат режимінде және талап бойынша;

Интернет трафикті тексеру (кез келген интернет браузерге) ;

Интернет-пейджерден қорғайды (ICQ, MSN) ;

Жаңа зиян келтiретiн программаларды проактив қорғауды;

Slide 11

Norton AntiVirus Norton AntiVirus - дүние жүзіне белгілі антивирустық бағдарлама. Оны американдық Symantec компаниясы құрған. Бұл антивирус вирустарды және бағдарлама-шпиондарды табады және жояды, вирустарды, бағдарлама-шпиондарды және трояндық компоненттерді автоматты түрде анықтайды және қоршауға алады, вирусталған хаттарды жіберткізбейді, операциялық жүйеде жасырынған қатерлерді табады, интернет-құрттардан қорғау және электрондық поштаны тексеру функциясын атқарады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Вирустардан қорғайтын программа
Вирустар және антивирустар
Вирустар. Антивирустар
Компьютерлік вирустар жайлы
Компьютерлік вирустар - антивирустық программалар туралы ақпарат
Вирус түрлері
Компьютерлік вирустар, антивирустар
Компьютерлік вирустар және антивирустар
КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР ТУРАЛЫ
ВИРУСТАР КОМПЬЮТЕРДІ ВИРУСТАРДАН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz