«ХХІ ғасыр педагогының портреті»


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Жаратылыстану және Математика Ғылымдары Факультеті

Математика Кафедрасы

Орындаған:Спатай Меруерт

Т- 411 топ

Slide 2 Slide 3

Жас ерекшеліктер психологиясы психологияның басқа салаларымен:

Жалпы психологиямен

Тұлға психологиясымен

Әлеуметтік педагогикалық және дифференциялдық психологиясымен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер -қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттеледі.

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев

Slide 4

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге көтерілуді көздейтін жаңа бағыт қалыптасып отырған қазіргі таңда «мұғалім» деген атаудың орнына «жаңашыл мұғалім», «жаңа тұрпатты мұғалім» деген атауларды қолданғанымыз жөн секілді. Білімін шыңдауға, өзінің кәсіби деңгейін көрсетуге және жиі білімін көтеруге талпынған мұғалім ол тек қана күнделікті өзіне жүктелген сабақты өткізуші ғана емес, ол нағыз еңбек етіп, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл ұстаз.

Slide 5

Жаңа формациядағы педагог даярлау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтар туындай бастайды:

Кейбір оқытушылардың өзіне қолайлы педагогикалық технологияны пайдалануда қиындықтарға тап болуы;

Педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге колледж басшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;

Педагогикалық технология негіздерін болашақ оқытушының жоғары оқу орнында толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;

Оқытушылардың қысқа арнайы курстардада оқып келген технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіруде білім алушының даярлық деңгейін ескермеуі.

Slide 6

Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әдістері

Жаңа формация мұғалімі:

1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.

2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.

3. Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі.

4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.

5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.

6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады.

Slide 7

Кесінділер әдісі - Балалардың айтарлықтай үлкен топтарында нақты әдістемелердің көмегімен дамудың белгілі бір аспектісі, мысалы, ақыл-парасаттың даму деңгейі зерттеледі. Нәтижесінде балалардың осы тобына-бір жастағы балаларға немесе бір оқу бағдарламасыбойынша оқытылып жатқан мектеп оқушыларына тән мәліметтер алынады.

Салыстырмалы әдіс - Әр топ бойынша мәліметтер өзара салыстырылып, бұд жерде дамудың қандай үрдістері байқалатындығы және олардың немен байланысты екендігі туралы қорытындылар жасалады.

Slide 8

Лонгитюдтік әдісі көбінесе «бойлық зерттеу» деп атайды. Бұл жерде сол бір баланың ұзақ уақыт бойына дамуы қадағаланады. Мұндай зерттеу дамудың дәйектірек үрдістерін, «көлденең» кесінділермен қамтылмайтын аралықтардағы кішігірімөзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау - кез келген жастағы балалардың дамуын зерттеу кезінде қолданыла алатын болса да, кішкентай балалармен жұмыс істеу кезінде таптырмайтын әдіс. Бақылау күрделі әдіс, оны қолдану бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс.

Әділетті

Жоғары білімді

Өз құқығын, бала құқығын қорғай алатын

Өнерлі

Ізденімпаз

Әртістік қабілеті жоғары

Жан-жақты

Жаңа технологияны жетік меңгерген

Өзін сыйлата білетін, өзгені сыйлай білетін

Өзге тілдерді білетін

Ұстаз

Slide 9 Slide 10

Қорыта айтқанда, балалар жұмысының этикалық аспектін атап өткен жөн. Оған ақыл-ой тұрғысынан жеткіліксіз дамыған баланың тағдыры байланысты болуы мүмкін. Бала интеллектуалдық тұрғыдан сенімді, бірақ педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған - онымен үйінде аз қарым-қатынас жасалған, жеткіліксіз жұмыс жүргізілген, және оның өздігінен сынама тапсырмаларын шешуге шамасы келмейтін болуы мүмкін.

Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.

Slide 11

Н. Ә. Назарбаев

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»


Ұқсас жұмыстар
Портреттін функциясы
Мұғалімнің әлеуметтікПедагогикалық портреті
Леонардо да Винчи кескіндемесі
Сайысқа оқушылардың дайындығы
Білімнің бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
Технология жаршысы мультимедиялық жоба
ҚАЗАҚСТАН ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ
Ондай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейтін амалды тұңғыш Елбасымыз істеп, барлық елге
ҚАЗІРГІ ХХІ ҒАСЫР БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ҒАСЫРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz