ЖЕРДІҢ ПІШІНІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ
Презентация қосу
ЖЕРДІҢ ПІШІНІ
МЕН ӨЛШЕМДЕРІ
ГК-407с тобы: Меңдыбаева Маржан
Болатқызы
ЖЕР ФИГУРАСЫ ТУРАЛЫ
АЛҒАШҚЫ ҚАЛЫПТАСҚАН
КӨЗҚАРАСТАР
Ежелде Жер туралы
түсініктің дөңесті диск
ретінде кеңінен таралуы
адамдардың көргенімен
түсіндіріледі, олар горизонт
сызығының дөңгеленіп
тұрғанын көрген, одан
барып кемелердің біртіндеп
горизонт сыртына
жоғалғанын, немесе
керісінше горизонт сыртынан
шығып келе жатқанын
байқаған.
Біздің эрамыздан жеті ғасыр бұрын Жердің
дөңгелек екені белгілі болған, сол кездің өзінде-а қ
оны өлшеуге әрекет жасалған. Біздің эрамызға дейінгі
IV ғасырда Аристотель сол кезде Жердің шар т әрізді
екендігі жөніндегі деректерді жинақтап, негізін
қалаған.
Ал біздің эрамызға дейінгі II ғасырда
Эратосфен Киренский Асуан (Сиена)
мен Александрия аралығындағы
меридианның кесіндісін (доғасын)
градусын (бұрыштық қашықтығы)
жергілікті жерде өлшеп, меридианның
бір градусының ұзындығы 110,6км тең
екендігін есептеп шығарған. Мұның өзі
шын орташа өлшеміне (111,2км) жақын
келеді.
Содан бері Жердің шар тәрізді екендігі жөнінде жаңа
деректер шықты, мәселен, жер шарын айнала жүзулерде
бұрыштарды анықтау методтары жетілдіріліп, жер
қашықтығын өлшеудің жаңа методтары қолданылған.
Француз ғалымы Жан Пикардің 1669—1670 жылдары
өте жетілдірілген приборлармен триангуляция методын
қолдануы меридианның градусының мөлшерін соған
дейінгі өлшегендердің барлығынан дәл анықтауға
жағдай жасаған. Жердің радиусы 6371,7 км тең. Алайда
Жан Пикар
көп ұзамай Жердің шар еместігі дәлелденді, И.
Ныотонның айналып тұрған дененің фигурасы міндетті
түрде шардан ауытқиды дегені дұрыс болды. Бұл
жайында Ришенің сағатпен (1672 ж.) жүргізген белгілі
тәжірибесі анықтады,
Парижде (48°51' с. е) оның маятнигі Кайендегіге (4°56' с.
е.) қарағанда тезірек жүрді. Кайендегі сағат
Париждегідей жүруі үшін маятникті қысқарту керек
болды. Қоңыржай ендіктен экваторлыққа ауыстырған
кезде маятниктің жүруінің бәсеңдеуі осы бағытта оның
Жердің центрінен қашықтығының артуынан екендігі
анықталды.
Исак Ньютон
Геоид дегеніміз - материк астынан
ойша жалғасатын тыныш жатқан
мұхит пен теңіздердің деңгейлік беті
Геоидті неміс ғалымы И. Листинг
1873 ж. ұсынған. Жер фигурасының
нақты шартты аты Ньютон Жердің
сығылу себебін түсіндіріп қана қойған
жоқ, ол оны есептеп шығарды.
Ньютонның есебіне қарағанда Жердің
полярлық жартылай осі экваторлыққа
И. Листинг қарағанда 24 км қысқа болып шықты.
Жер беті Геоид Эллипсоид
Геоидтің беті Мұхиттың тыныш жатқан бетіне сай келеді, ал
материктерде ол ауырлық күшін өлшеу нәтижесіне қарай шамалас
анықталуы мүмкін. Біз көретін жердің беті сыртқы және ішкі
процестердің әрекетімен күрделенген ж әне ол Жердің нақты
физикалық бетін құрайды. Ол эллипсоидтың бетінен кейбір жерлерде
бірнеше километр ауытқиды.
Геодезияда жердің пішіні үшін жер эллипсоиды деп
аталатын сфероид алынды. Жер эллипсоиды өзіні ң үлкен ж әне кіші
жарты осьтерімен (а, b) және полярлық сығылушылығымен
сипатталады (α) a = (a-b)/a а, b және α шамалары градустық өлшеулер
арқылы анықталады, ол үшін меридиан до ғасыны ң ұзынды ғын әр 1°
сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жерлеріндегі градусты ң
үзындығын біле отырып, жердің пішіні мен к өлемі аны қталады. Жер
эллипсоидының көлемдерін әр елдің ғалымдары бірнеше рет
анықтады.
Жер эллипсоидының көлемін әр
елдің ғалымдары бірнеше рет
анықтады. 1946 жылға дейін
бұрынғы Одақта неміс ғалымы Ф.
В. Бессель 1841 жылы есептеп
шығарған жер эллипсоидының
Ф. В. Бессель көлемі қолданылды (а=6377397
м, Ь = 6356079 м, а=1:299,2).
1940 жылы жер эллипсоидының
көлемін Ф. Н. Красовский мен
А.А.Изотовтардың басқаруымен
орыс ғалымдары үлкен дәлдікпен
анықтады. (а=6378245 м, 6 =
А.А.Изотов 6356863 м, а = 1298,3).
Алынған бұл өлшемдер 1946 жылы Кеңес
Үкіметінің қаулысы бойынша, еліміздің барлық
геодезиялық және картографиялық жұмыстары
үшін қабылданып алынып, Красовский
эллипсоиды деп аталатын болды.Осы орайда
айта кететін бір жай, кейбір елдерде
геодезиялық өлшеулер нәтижесінде
шығарылған өз эллипсоидтары
қолданылады.Олар сол немесе бірнеше елдің
территориясын толық не ішінара
қамтиды.Мұндай эллипсоид референц-
Ф. Н. Красовскийэллипсоид деп аталады.Сонымен, референц-
эллипсоид дегеніміз – нақты бір елде
геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін
қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде
бағдарланған, нақты көлемі анықталған
эллипсоид.
Қазіргі кезде Красовскийдің референц-эллипсоиды тек
Ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және Батыс Еуропаның
бірнеше елдерінде қолданылады.Бұрынғы Кеңестер
Одағы, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың гравиметриялық
және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған
жер эллипсоидының көлемі, басқа елдердегі
анықтамаларға қарағанда, қолданылған
материалдардың аумағы жағынан да, оларды өңдеудің
дәлдігі жағынан да әлдеқайда нақты.
1960 жылы Жердің үш жасанды серігін бақылаудың
нәтижесінде жер сфероидының қысыңқылығы =1/298,2,
ал АҚШ-та ұшырылған Жердің 13 жасанды серігін
бақылау арқылы =1/298,31 екендігінің анықталуы –
Красовский өлшеулерінің дүниежүзілік маңызы бар
екендігінің айқын дәлелі.
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz