Меншік ұғымы, түрлері, және ҚР меншік қатынастың дамуы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:Өтегенова Ж. А

Тобы: ПХ-415

Тексерген:Габдуллина . Л. Б

Slide 2

Меншік ұғымы, түрлері, және ҚР меншік қатынастың дамуы.

Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы.

Сұраныс және ұсыныс икемділігі түрлері.

Ақша жүйесінің даму кезеңдері.

Бәсекеле модельдері, жетілген және жетілмеген бәсеке.

Slide 3 Slide 4

«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі) » деуге болады. Екінші жағдайда- «меншік иемдендім (бердім) » дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік- экономикалық, ал меншік құқығы- заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді

Slide 5

Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кэне, А. Смит, Д. Рикадо с, П. ПРудон сияқты ғалымдар қосты.

Маркс бойынша Меншік бұл өндіріс құрал жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Козудың пікірінше, кез келген ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтау. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізі ретінде мемлекеттік және муниципалдық меншікті жекешелендіру өзінің мақсаттары мен міндеттері бойынша экономиканы тұрақтандыру және оның одан әрі қарқынды түрде дамуын жүзеге асыратын тиімді шаруашылық жүйесін жасаудың негізгі шарты ретінде анықталған. . Бұл ретте ҚР-ның “Меншік туралы заңының” респуликадағы меншік қатынастарына қатысты жайттарды реттеудегі басты құжаттарының бірі екендігің ескеру қажет.

Slide 6

Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік,

Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының бірлестіктерінің /, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.

Slide 7

К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік - бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес - құралдар, заттар және т. б. меншіктің заттық мазмұның құрайды. Алайда “меншік” ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәсені - қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес.

Slide 8

Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.

Экономикалық жүйе- халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оны құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.

Slide 9

Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша) :

Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

Slide 10

Экономикалық жүйелер

Жабық

Дәстүрлі

Нарықтық

Аралас

Әміршіл -әкімшіл

Slide 11

Жабық экономикалық жүйе-бұл барлық іскерлік белсенділік операцияларының ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.

Ашық экономикалық жүйе-бұл экономиканың халықарылық экономикалық қатынастар жайындағы белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қолданылады.

Дәстүрлі экономикалық жүйе- ғасырлар бойы сақталған салт дәстүрлерге негізделген қатынастар.

Әміршіл әкімшіл экономикалық жүйе - орталықтандырылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.

Нарықтық экономикалық жүйе - жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.

Аралас экономикалық жүйе - нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.

Slide 12

Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.

Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат жөне қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады, т. б.

Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы ендіруге мақсатталады.

Slide 13

Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;

меншік құрылымы;

ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;

мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Slide 14

Игіліктің бағасы мен сол игіліктің сатып алу көлемі арасындағы кері байланыс сипаттайтын нарықтық ұстаным.

Slide 15

тұтынушылардың табысы

алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы

нарықтағы тұтынушылардың саны

Slide 16

Берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі мен оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кездегі орын алатын нарықтың қалыптасу жағдайы.

Артықшылық-нарықтағы бағ тепе теңдік бағадан жоғары болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.

Slide 17

Нарықтық баға тепе -теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен артып кетуі.

Slide 18

Нарықтағы баға тепе-теңдік бағадан жоғары болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.

Slide 19

Сатушылардың белгілі бір уақытта игіліктердің берілген көлемін белгілі бір баға бойынша, нарықта сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті.

Slide 20

Игіліктің бағасы мен сол игілікті сату көлемі арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Нарықта баға жоғары болса, сатушылардың игіліктерді сату көлемін парттырады.

Slide 21

Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз -нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға - рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.

Slide 22

Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.

Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

икемді сұраныс - сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;

бірлік икемділікті сұраныс - сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;

икемсіз сұраныс - сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;

өте икемді сұраныс - бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;

өте икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни

Slide 23

өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.

Slide 24

Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол дәуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим - б. дд. V-III ғғ. ), күміс (Ресей - 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан - XIX ғ. ), алтын (Англия - XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер - XIX ғасыр аяғынан) .

Slide 25

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

құн өлшемі,

айналыс құралы,

төлем құралы,

қор және қазына жинау құралы,

дүниежүзілік ақша.

Slide 26

Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

Алғашқы қағаз ақшалар б. з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды.

Slide 27

Бәсеке дегеніміз -бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Slide 28

Жетілген бәсеке.


Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық субьектілері
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқық қатынастары
Жеке кәсіпкерлік ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz