Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық теориясы




Презентация қосу
ЖОСПАР 
І. Кіріспе 
І.
ІІ. Негізгі бөлім 
 1) Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық 
теориясы. 
2)  Экономикалық ілімінде қосымша құн теориясының 
алатын орны. 
3) «Гота программасына сын» деген е
3) ңбегінің маңызы. 
ІІІ. Қорытынды 
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 
.
К. Маркс Пруссияда (Германияда) Трир қаласында,
адвокаттың еврей отбасында 1818 жылғы 5 мамырда
дүниеге келген. Маркс Трир гимназиясында, одан соң
Бонн және Берлин университеттерінде оқыды.
Университетті бітіргеннен кейін «Демокриттің
натурфилософиясы мен Эпикурдың натурфилософиясы
арасындағы айырмашылық» деген тақырыпта
докторлық диссертацияны тамаша қорғап шығады.
Маркстің революциялық қызметі өте ерте басталды.
1842 жылы ол «Рейн газетін» (рейндік радикал
буржуазияның органы) шығаруға белсене қатысты
және оның редакторы болды. Редактор болып
жүргенінде ол экономикалық мәселелермен тереңірек
айналысты, мемлекет пен заң орындарын сынға алудан
саяси экономияны сынауға көшті. Осы жылдары
Маркс газеттің революциялық-демократиялық
бағытын едәуір күшейтті. 1848 жылғы наурызда
Пруссия үкіметі бұл газетті жапты. Бұдан кейін
Маркс Парижге көшіп, «Неміс-француз жылнамасы»
журналын шығаруғы кірісті. Бұл журналда ол
«Гегельдің право философиясына сын. Кіріспе» және
«Еврей мәселесіне» (1843-1844) деген мақалалар
жариялады.
 
Женни фон Вестфален
Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін көрсететін, 
кейіннен шығармалар жинағына енген еңбектеріне «Жалдамалы еңбек және 
капитал» (1849), «Экономико-философиялық қолжазбалар» (1857-1858, 1861-1863, 
1864-1865), «Саяси экономияға сын» (1859), «Гота программасына сын» (1875) 
жатады. 1848 жылғы революция басталғанда Маркс Бельгиядан қуылды. Ол 
Парижға, одан соң Кельнге көшіп, онда «Жаңа Рейн» газетінің бас редакторы 
болды. Газет бетінде Маркс ірі буржуазияның опасыздығын, ұсақ буржуазияның 
қорқақтығы мен дәйексіздігін аяусыз әшкерелеп, біртұтас демократиялық 
Герман республикасын құру жолында саяси және экономикалық тұрғыда күресті. 
Кельнде Коммунистер одағының мүшелерін соттағаннан кейін Маркс саяси 
үгітті қойып, саяси экономия саласында Британия мұражайының 
кітапханасында болған бай қазынаны он жыл бойына зерттеумен шұғылданды. 
Оның саяси экономиямен көп жыл айналысуының алғашқы жемісі 1859 жылы 
шыққан «Саяси экономия сынына» деген шығармасы еді. Бұл шығармада ақша 
туралы ілім қоса қамтылып, марксистік құн теориясы тұңғыш рет жүйелі 
түрде баяндалған. Маркстің негізгі экономикалық шығармасы – «Капитал», бұл 
еңбекке ол өзінің бүкіл ғұмырын арнады. Маркс жүргізген зерттеулеріні ң 
нәтижесі ретінде кітапты «Саяси экономияға сын» деген тақырыппен 6 томдық 
қылып шығаруды жоспарлады. Бірақ бірінші кітап шыққаннан соң (1859), ол 
өзінің еңбектерінкапиталистік қоғамның заңдылықтарын ашу мақсатында 
«Капитал» деген тақырыпқа біріктірді.  
Пролетариат пен буржуазияның экономикалық жағдайының диаметралдық 
қарама-қайшылығын көрсете келіп, К. Маркс буржуазиялық қоғамның негізгі 
таптары арасындағы антагонистік қайшылықтардың себебін ашты. 
Буржуазияға қарсы пролетариаттың таптық күресі – капитализмнің 
ажырамас белгісі. Оның себептері өндіріс әдісіні ң өзінде, капиталистерді ң 
жалдама жұмысшылардықанауында тамыр жайған. К Маркс былай деп 
көрсетті: «жалдама жұмысшыларды қанаудың өсуімен таптық 
қайшылықтар дамып тереңдейді. Жұмысшылардың таптық күресінің күшеюі 
буржуазиялық құрылыстың іргесін шайқалтуға сөзсіз әкеліп соқтырады. 
Буржуазияға қарсы пролетариаттың күресі «әр түрлі және мазмұнға 
неғұрлым бай формаларда көріне отырып, пролетариаттың саяси өкіметті 
(«пролетариат диктатурасы») жеңіп алуына бағытталған саяси күреске сөзсіз 
айналады». К. Маркс «Капиталда» буржуазиялық құрылыстың көрін қазушы 
және жаңа, коммунистік қоғамды жасаушы ретіндегі пролетариаттың 
тарихи ролін ғылыми негіздеп берді. «Маркстің «Капиталы» түгелімен мынадай 
ақиқатты – капиталистік қоғамның негізгі күштері тек буржуазия мен 
пролетариат қана болатындығын және бола алатындығын анықтауға 
арналған деп айтуға болады: - буржуазия сол капиталистік қоғамның 
құрушысы ретінде, оның қозғаушысы ретінде болады, - пролетариат 
капиталистік қоғамның көрін қазушы, оның орнын басуға қабілеті бар бірден-
бір күш ретінде болады». 
Бұл еңбек 1875 жылы жазылған және ол 
лассальшылдық көзқарас орын алған Германия 
социалистік жұмысшы партиясы программасының 
жобасын сынау тұрғысынан талдауға арналған 
еңбек болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. Ө. Қ. Шеденов. Экономикалық ілімдер тарихы.
Алматы - Ақтөбе, 2006ж. 
2. Саяси экономия. Оқулық. Алматы, 1982ж. 

http://www.referati.kz
http://www.altyn-orda.kz
http://ru.wikipedia.org

Ұқсас жұмыстар
Карл Маркс туралы
Марксизм теориясы
Европа философиясы
Карл Маркс концепциясы
Қ. Маркстың экономикалық ілімі
K. Маркстің экономикалық ілімі
Дюркгеймнің негізгі әлеуметтанулық еңбектері
Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік - саяси көзқарастар жүйесі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ
КАПИТАЛИЗМ СОЦИАЛИЗМ
Пәндер