Қазақстан Республикасының экспорт және импорт жағдайы туралы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасының экспорт және импорт жағдайы.

Дайындаған: Ильясова Ж. Д.

Тексерген: Темірғалиева А. С.

Тобы: ГУ - 307

Семей, 2015

Slide 2

«Бізге ауқымды міндет - бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Экспорт (лат. exportare - шығару‚ әкету) - тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету.

Импорт (латынша: іmportare - әкелу) - ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елден тауарлар, технологиялар әкелу. Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады.

Slide 4

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2012 жылы елдің сыртқы сауда айналымы көлемі 132, 7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6, 5% жоғарырық. Сыртқы сауда айналымының серпіні соңғы 20 жыл бойы өсу үрдісін көрсетіп тұр. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан сыртқы сауда айналымының көлемі 34% төмендеген 2009 жылды ғана қоспағанда. 2010 жылдан бастап сыртқы сауда айналымының көлемі қайтадан өсе бастады. Көбінесе бұл еліміздің басшылары қолданған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесі еді.

Slide 5

Сыртқы сауда айналымы көлемінің және импорт үлесінің серпіні

Slide 6

Сыртқы сауда айналымының ішіндегі импорт үлесінің серпінінде соңғы 15 жыл ішінде қысқару үрдісі байқалады. 1998 жылы импорт үлесі 45% құраса, 2012 жылы оның деңгейі 35% дейін төмендеді. Осыған сәйкес сыртқы сауда айналымындағы экспорт үлесі өсті. Осы оң серпін сыртқы әлемдік жағдаяттың (шикізат қорларының әлемдік бағаларының өсуі) әсер ету нәтижесі. Экспорттың жалпы көлемінің 75% минералдық өнімдер құрайды.

Slide 7

Сонымен катар, ел Үкіметінің де экономиканың өңдеуші саласындағы экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуды қолдау бойынша әрекеттерді жандандыруын атап өтуіміз жөн. Осылайша, «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің деректері бойынша Үдемелі индустриалдық инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен «Экспорт-2020» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда соңғы жылдары өңделген өнімдердің экспорты едәуір өсті.

Соңғы 15 жыл ішіндегі импорт пен экспорт көлемінің серпінінде өсу үрдісі байқалады. 1998 жылмен салыстырғанда импорт көлемі 11, 5 есе, экспорт көлемі 17, 2 есе өсті. Сонымен қатар, 2009 дағдарыс жылымен салыстырғанда импорт деңгейі 1, 6 есе, экспорт деңгейі 2 есе өсті.

Slide 8

Импорт және экспорт көлемінің серпіні, млрд. теңге

Slide 9

Қазақстанның 2007 жылғы және 2012 жылғы импортының құрылымы

Slide 10

Қазақстанның ТМД елдерінен импортының құрылымы, 2007 және 2012 жылдар.

Slide 11

Басқа әлем елдерінен импорт құрамы, 2007 және 2012 жылдар.

Slide 12

ТМД елдерінен өнім импорты

2012 жылы Қазақстан нарығына тауарды басты жеткізушілер болғандар: Ресей (мұнай, бензин, құбыр өнімдері және т. б. ), оның үлесі Қазақстанның жалпы импортының 38% құрады; Қытай (электроника, вагондар, телефондық аппараттар және т. б. ) - оның үлесі 17% құрады.

2012 жылғы Қазақстан импортының құрылымында «машиналар, жабдықтар, көліктік құралдар, аспаптар мен аппараттар» тауарлық тобы басым, оның үлесі 39% құрады. Минералдық өнімдер 15%, химиялық және онымен байланысты салалардың өнімдерінің импорты 13% құрады.

Slide 13

Қазақстанның басты тауарлық топтар бойынша импортының құрылымы, 2013 жыл.

Slide 14

Сауда державалары

Реті

Мемлекет

Экспорт+импорт

Мәлімет уақыты

1.

АҚШ

$3, 173, 000, 000, 000

2012 жыл

2.

Қытай

$2, 813, 000, 000, 000

2012 жыл

3.

Германия

$2, 457, 000, 000, 000

2012 жыл

4.

Жапония

$1, 402, 000, 000, 000

2012 жыл

5.

Франция

$1, 086, 400, 000, 000

2012 жыл

6.

Ұлыбритания

$952, 100, 000, 000

2012 жыл

7.

Италия

$918, 100, 000, 000

2012 жыл

8.

Оңтүстiк Корея

$884, 200, 000, 000

2012 жыл

Slide 15

9.

Нидерланды

$859, 700, 000, 000

2012 жыл

10

Гонконг

$820, 000, 000, 000

2012 жыл

11

Канада

$813, 200, 000, 000

2012 жыл

12

Сингапур

$666, 800, 000, 000

2012 жыл

13

Ресей

$614, 000, 000, 000

2012жыл

14

Мексика

$609, 000, 000, 000

2012 жыл

15

Испания

$592, 900, 000, 000

2012 жыл

16

Бельгия

$560, 900, 000, 000

2012 жыл

17

Тайван (Кытай Республикасы)

$524, 800, 000, 000

2012 жыл

18

Швейцария

$453, 000, 000, 000

2012 жыл

19

Австралия

$411, 100, 000, 000

2012 жыл

20

Бразилия

$387, 400, 000, 000

2012 жыл

21

Үндістан

$606, 700, 000, 000

2012 жыл

Slide 16

Қазақстан Республикасының жалпы импорттың тауар топтарының үлесі 2014 жыл

Slide 17

Қазақстан импорты мен экспорты 2014 жыл бойынша

Slide 18

2014 жылғы Импорттаушы елдердің үлесі

Slide 19

2014 жылдың 9 айында Қазақстан экспортының көлемі 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5, 7%-ға өсіп, шамамен 70 млрд. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде дайын тауарлар экспорты 18%-ға артып, 18, 3 млрд. АҚШ долларын құрады (бұл жалпы көлемнің 26, 3%-ы) . Жалпы алғанда дайын өнім экспорты бойынша бұл мәліметтер келесі экспорттардан алынды: аралық тұтыну тауарлары - 14, 8 млрд. АҚШ доллары, тұтынушылар тауарлары - 2, 8 млрд. АҚШ доллары және өндіріс құралдары - 754 млн. АҚШ доллары. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанда экспорт көлемі 46, 8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10 пайызға көп.

Slide 20

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының экспорт және импорт жағдайы.»
ҚР Экспорты мен Импорты
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ
Қазақстан Республикасындағы экономика
Салық салынатын айналым
Қазақстандағы экспорт және импорт жағдайы
ЛАТВИЯ МЕМЛЕКЕТІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
Валюталық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz