БЫЛҒАРЫНЫҢ БЕТІН БОЯУ



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ТАҚЫРЫБЫ:
БЫЛҒАРЫНЫҢ БЕТІН БОЯУ

ЖОСПАРЫ:
1. Бояу
2. Беткі бояудың құрамы
3. Түрленген былғарының бетін бояу
4. Анилиндеп және жартылай анилиндеп әрлеу

МАҚСАТЫ:
Былғары бетіне сыртқы түрі әдемі, сонымен бірге осы сыртқы әсерден қорғайтын, боялған немесе түссіз пленка қондыру. Бұрын аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары, бетінде ақаулы аз ұсақ шикізаттан жасалды. Сондықтан былғарының бетіне аз ғана мөлшерде беткі бояу қондырылса жеткілікті болды және ол былғарының табиғи бедерін сақтап қалуға мүмкіндік берді.


Аяқ киімнің былғарысына бетінде ақаулы көп ірі қараның терісі қолданылады. Сондықтан беткі бояу техникасына деген талап мүлде өзгереді. Одан жақсы әсем былғары алу үшін оның бетін түрлендіру қажет болады. Былғарының түрлендіру механикалық жолмен оның беткі қабатының бір бөлігін алып тастау және жасанды бет жасау арқылы жүргізіледі. Бұл кезде оның сыртқы түрі, сапасы, сорты жақсарады. Шошқа терісін өңдеу кезінде көбіне беткі қабатын 0, 3 мм-ге дейін сылып, шлифтеп тегістейді де беткі бояу жағады. Осы жолмен шошқа терісіне тән тұрпайлы бұдыры бар бет алынып, ол басқа былғарыға ұқсас бедермен әрленеді. Бұл мақсатта қолданылатын жаңа материалдар мен тәсілдер былғары бетінің ақауын байқатпайды және табиғи бедерін сақтайды. Қай кезде де болмасын беткі бояу былғарыға жоғары эстетикалық қасиет беруі және әрлеуден соңғы операциялар кезінде, одан бұйым жасау кезінде сыртқы әсерге тұрақты болуы керек.
1. БОЯУ


Беткі бояуға мынадай талаптар қойылады:
1. Беткі бояу былғарыға әдемі сыртқы түр беріп тұруы қажет.
2. Оның қалындығы мейлінше аз, сонымен қатар біркелкі түс болуын қамтамасыз етуі керек.
3. Беткі пленка былғарыға жақсы адгезиялануы керек.
4. Ол созылуға мықты, икемді-иілгіш қасиетті, соққыға, жырғанға, көп майысқанға және сызылғанға шыдамды болуы керек. Пленканың созылуы былғарыдан гөрі көбірек болуы керек.

5. Суға, органикалық ортаға жоғары немесе төмеңгі температураға мықты болуы керек.
6. Көнеруге тұрақты болуы, сыртқы әсерлерден, мысалы күн сәулесінен жылудан, суықтан, шаңнан, ластан бұзылмауы керек.
7. Бұйымның гигиеналық қасиетін қамтамасыз етуі үшін су мен ауа өткізгіш болуы керек.
8. Беткі бояу бұйымды күтуді қиындатпау керек.
Бұлардың бәрін қанағаттандыру үшін бояудың құрамын дұрыс таңдап, жартылай фабрикатты бояуға дайындап және бояу процесінің өзін дұрыс жүргізген жөн.


2. БЕТКІ БОЯУДЫҢ ҚҰРАМЫ.
, еріткіштерден және кейбір көмекші заттардан (диспергаторлар, стабилизаторлар, көбік сөндіргіш)
1. Пленкатүзгіштер
2. Пигменттерден
3. Полимерден
3.
1. Пленкатүзгіш-тер
2. Полиакрилат-тар.
3. Полуретан-дар.
4. Пигменттер
6.
Көмекші заттар
5.
Еріткіштер



Пленкатүзгіштер. Боялған беттің түрін, оның қасиетің анықтайтын беткі бояудың негізін пленкатүзгіштер құрайды. Былғары өндірісінде пленкатүзгіштер 4 топқа бөлінеді:
1) Полимеризациялы немесе эмульсиялы, латексті пленкақұрағыштар: а) акрилатты; б) акрилаттардың сополимерлері негізінде диен және винил туындылары.
2) Нитроцеллюлозды пленкатүзгіштер: а) органикалық еріткіштердегі нитроэмальдар; б) судағы нитроэмульсиялар.
3) Полиуретанды пленкатүзгіштер: а) таза түрдегі пленкауретандар; б) полиуретанның акрилаттармен қоспалары; в) нитроцеллюлоза қосылған полиуретандар; г) полиуретандардың судағы эмульсиясы.
4) Белокты пленкатүзгіштер: а) казеин; б) казеинді модификациялау өнімдері; в) коллагенді ерітуден алған өнімдер. Пленкатүзгіштер ретінде полиакрилаттар былғары өнеркәсібінде кең түрде қолданылып жүр. Соңғы кезде полиуретандар да жиі қолданылуда.

Краска для меха- фуразол спрей, 0, 5л, производство Германия
Крема для пропитки и смягчения кожи

Полиакрилаттар. Олар СН2 = CH - COOR және метакрил СН2 = C - COOR қышқылы эфирлері негізінде түзілетін эмульсиялы СН3 түзілетін эмульсиялы сополимеризация өнімдері, мұндағы R-алкил тобы ( СН3, С2Н5, С4Н9)
Полиалкилакрилат негізіндегі пленкалар түссіз, мөлдір, былғарыға өте мықты адгезиясымен ерекшеленеді, өте майысқақ, суға және ескіруге төзімді. Кемшілігі термошыдамдылығы төмен, суыққа төзімсіз және органикалық еріткіштердің әсеріне тұрақсыз.
Полиалкилакрилаттар термопластикалы, сондықтан олар қолданылған жапқыш қабат тек белгілі бір температура аралығында ғана эластикалық қасиеттерін сақтайды. Температура жоғарылағанда жұмсарып, жабысқақ болады. Бұл аяқ киімді әрлеу барысында, ыстық престеу кезінде кейде пленканың ығысып кетуіне әкеліп соғады. Сондықтан 120С - дейін жапқыш қабат жұмсармауы, ал суықта сынғыш болмауы керек.


Полуретандар. Кейінгі кезде былғарыны әрлеуде полиурендар кең қолданылуда. Бұлар құрамында уретан топтары-NH- С-О бар жоғары молекулалық қосылысқа жатады. Поликретан негізіндегі беткі бояу мына қасиеттерімен ерекшелінеді: мықты, иілгіш, майысуға, соққыға үйкеліске, органикалық ертікіштерге, суға төзімді, төменгі және жоғары температураға тұрақты. Олардың былғары бетіне адгезиясы күшті болады, оған жылтыр және әдемі сыртқы түр береді. Былғары әрлеуде қолданылатын полиуретандар негізінен екі немесе монфункциянальды изоцианаттар мен бос гидроксил топтары бар күрделі және жай ашық тізбегі, полиэфирлердің сатылы полимеризациялық өнімі. Әдетте изоцианаттардан қолданылатыны:


Пигменттер. Беткі бояуға пленкаға керекті түс беру үшін суда ерімейтін нәзік дисперсиялы ұнтақ пигменттер қолданылады. Пигменттер органикалық және бейорганикалық, табиғи немесе синтетикалық болады. Органикалық пигменттер - ерімейтін бояғыштар. Беткі бояуды дайындау үшін фталоцианин, кубты тиоиндигиод бояулары қолданылады. Пигменттің сапасы оның бөлшектерінің өлшеміне байланысты болады. Пигменттер жабатын және түссіз болып бөлінеді. 0, 8-1, 5 мкм болуы керек. Оларды сипаттайтын маңызды көрсеткішке жапқыштық қасиеті жатады. Оның өлшемі казеинге араласқан пигменттің ауданы 1м2 шын пластиканың бетін көрінбейтіндей жабу үшін кететін пигменттің граммен алғандағы мөлшері. Егер бөлшектің өлшемі 0, 5 МКМ кем болса, онда пигмент түссіз, оны анилиндеп әрлеуде қолданады.


Көмекші заттар. Көмекші заттар беткі бояу құрамына кіреді. Олар өзінің химиялық табиғаты жағынан беткі актив заттарға жатады. Диспергаторлар пигменттен паста дайындауда араластырғанға қажетті зат. Олар пигмент бөлшектерін бояудың құрамында тұрақты етуіне мүмкіндік жасайды.
Эмульгаторлар пленкатүзгіштердің дисперсиясына тұрақты береді. Көбіксөндіргіштер пленкатүзгіштің көбіктенуіне жол бермейді. Пенетраторлар полимер дисперсияның былғары бетіне өту тереңдігін реттейді.

3. ТҮРЛЕНГЕН БЫЛҒАРЫНЫҢ БЕТІН БОЯУ.
Түрленген былғары өндіруде оның беткі бояуы бірнеше рет жығылады. Бұл композицияның төмеңгі қабаты грунт деп аталады. Жоғары қабаты бекітуші, ал ортаңғысы - аралық қабат. Грун тұүрамы бойынша пигменттелген және пигменттелмеген болып бөлінеді. Әр қабаттың атқаратын міндеті болғандықтан, соған сәйкес пленкатүзгіш қоданылуы қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz