Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі



Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

Алашақ қарыз - деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты занды және жеке тұлғалардың шаруашылық су-бъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінін оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшік қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйьшдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) алашақ қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:
ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
тапсырылған (берілген) шотгар бойынша алынуға тиісті борыштар;
вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серік тестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған алашақ қарыздар;
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) алашақ қарызы;
басқадай алашақ қарыздар.

Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлтгық комиссиясының 1996 жылғы №2 "Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы" -деп аталатын қаулысына сәйкес "Алашақ қарыз иелік ету құқықтарымен коса, занды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Яғни "алашақ қарыз" - дегеніміз, бұл - иелік ету хұқын қосқандағы заңды хұктармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады.

Алашақ қарыздар есебіне мына төмендегі аталған есептілік тіркелімдер (регистрлер, қаражаттар) пайдаланылады (қолданылады) :
№7 Журнал-ордер - 1250-"Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы" -деп аталатын шоттың кредиті бойынша;
№8 Журнал-ордер - 1420-"Алынуға тиісті қосылған құн салығы"-деп аталатын шоттың, 1270- "Есептелген проценттер"-деп аталатын шоттың, 1280-"Басқалары"-деп аталатын бөлім-ше шотының және 1610 - "Берілген аванстар" бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша;
№8 Журнал-ордерге қосымша ведомость - 35-"Берілген аванстар" бас шотындағы бөлімше шоттарының дебеті бойынша;
№10 Журнал-ордер - 1290-"Күдікті қарыздар бойынша резерв" бас шотының бөлімше шоттары жэне 1620-"Алдағы кезең шығындары" бас шотының бөлімше шоттарыньщ кредиті бойынша,
№11 Журнал-ордер - 1210-"Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" бас шотындағы бөлімше шоттарының
1220-"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ қарызы" бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай Дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен регистрлерден (тіркелімдерден) басқа алашақ қарыздардың есебіне аналитикалық есептің карточкаларын, ажырату парақшаларын (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамаларды және тағы да басқа құжатгарды қолданған дұрыс болып табылады. Жалпы есеп регистрлерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Контировка деп аталатын бұл процедура шоттардың мәнін ашатын корреспонденциялар құруды білдіреді және де бұл дұрыс көрсетіліп, бөлімдері бойынша топтастырулары тиіс.

Ведомостар біздің теориямызда да, практикамызда да белгісіз болып отыр. Біздің жағдайда қаржылық нәтижелерді есептеу барысында барлық жазулар айқын түрде көрініс табуы мүмкін, керісінше трансформациялық ведомость көп-теген көңіл бөліп отырған тұлғаларды мұндай мүмкіндіктен айырады немесе бухгалтер бұл жағдайда, егер алынған пайда (зиян) оны қанағаттандырмаса, онда құрылған ведомості жоққа шығарып, басқа ретгеу жұмыстарын жүргізіп, өзгеше нәтижелер алуы мүмкін. Алашақ қарыздардың шотта-рында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықгығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды шот-тармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстыған, толықтығын анықтау болып табылады. Соңғы жылдары бухгалтерлік ақпараттарды өңдеудің барлық техникалық-экономикалық параметрлерінің жақсарғавдығы байқалып отыр. Болып отырған ақша "дематерилизациясы", яғни ақшалардың электрондық формаларға ауысуы, әртүрлі есеп айырысулар бойынша (оның ішінде алашақ қарыз бойынша есеп айырысу) бухгалтерлік есепті енгізудің тәртіптерін түбейгелі қайта түсінуге мәжбүр етіп отыр. Сондықтан алашақ қарыздың әлемдік тәжірибесінде біршама жаксы тәжірибе жиналғандығы жайлы ұмытпаған дұрыс.

Алашақ қарыздар субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарындағы 3 - "Алашақ қарыздар" бөлімінін, келесідей бас шоттарында есептелінеді: 1210- "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы"; 1290- "Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резервтёр"; 1220-"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ қарызы"; 1421- "Басқадай алашақ қарыз" 1610- "Берілгвн аванстар".

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы бойынша есеп айырысу. 1210-"Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттары, сатып алушылармен тапсырыс берушілердің субъектіге деген әртүрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлім келесідей шоттар жайлы ақпаратгарды ашып көрсетеді: 1210- "Алынуға тиісті шоттар"; 1280- "Алынған вексельдер"; Бұлар активті шот болып табылады. Сондықган да бұл шоттардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азайуы көрсетіледі. 1210-"Алынуға тиісті шоттар" - деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызмет-тері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжатгары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептелінеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz