Э.Е.М -нің қызметі,құрамы және жіктелуі

Э.Е.М -нің қызметі,құрамы және жіктелуі

1936 г. – неміс инженер-кибернетигі К.Зюс әмбебап автоматты цифрлық машинасын жасау жұмыстарын бастады. 1938 ж. – американдық математик және инженер Клод Шеннон Бульдік алгебраны, екілік кодтауды және, релеліконтактылы схемаларды байланыстырып, қазіргі ЭЕМ-ң құрылысын жасады. 1939 ж. – Дж. Стибниц екілік-бестік жүйеде жұмыс істейтін «Белл» релелік машинасын толығымен аяқтады. Оның жұмысы бағдарламалық перфолентамен басқарылды.

1941 ж. – Германияда әлемдегі ең алғашқы «Зюс-2» және «Зюс-3» электромеханикалық элементтерден тұратын әмбебап цифрлық есептеуіш машиналары қолданысқа енгізілді. 1944 ж. – американдық математик Говард Айкен Гарвард университетінде релелік және механикалық элементтерден программалық басқарылатын АВМ «Марк-1» автоматты есептеуіш машинасын жасады. 1946 ж. – американдық инженер электроншы П. Эккерт және физик Д. У. Моучли Пенсильван университетінде ең алғашқы «ENIAC» (Electronic Numerical Integrator and Computer ЭЕМ) құрастырды. Ол 20000 электрондық шамнан құрылды.

1947 – 1948 жж. – бұрыңғы Советтер Одағында бірінші ЭЕМ осы жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтың басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малой Электронной Счётной Машины) деп атады.

1948 г. – американ математигі Норберт Винер «Кибернетика немесе Басқару және жануарлар байланысы» кітабын шығарды.

1952 ж. – Сергей Алексеевич Лебедевтың басшылығымен БЭСМ (Большая Электронная Счётная Машина) машинасы өндіріске қосылды, ол секундына 10000 амал орындайтын болды.

1958 ж. – СССР –де М-20 машинасы - 50-жылдардағы Еуропадағы ең қуатты ЭЕМ, ол секундына 20000 амал орындайтын болды.

1961 ж. – электрондық өндіріс орындары интегралдық схемалар (ИС) жасай бастады. ИС –да кішкентай жартылай өткізгішті кристаллға бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар орналастырылды.

1965 ж. –IBM/360 (США) үшінші буындағы машиналар өндіріске енді.

1970 ж. – төртінші буындағы кішкене ЭЕМ-дер өндіріске енді. Фотосуретте СМ-3 ЭЕМ-ы

“Тышқан тәрізді қол тетігі” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

1984 ж. – АҚШ-тың ІВМ фирмасы дербес компьютер жасау жолында дүние жүзі бойынша алдыңғы фирмалардың бірі болды. Ал 1990 жылдардың басынан бастап көрнекті фирмалардың бірі Apple Computer корпорациясы болды, ол Macintosh – маркалы компьютер шығара бастады.
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Ол машиналар адамды кәдімгі адам сөйлейтін тілде түсіну қажет. Яғни ЭЕМ “Жасанды интеллект” негізінде құрылуы қажет.

“Аналитикалық машинаға” арналған перфокарта.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есептеуші – перфорациялық машина құрастырды. Мұнда перфокарта программаны ғана емес, сандық информацияларды сақтауға да арналған. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген санақ құжаттарын өңдеуге пайдаланылды. Холлерит есептеуші-перфорациялық машиналарын жасау фирмасын құрды, ол қазір дүние жүзіне белгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер

Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.

Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды программалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары:

Алгоритмдерді талдаудың негізгі ә дістері

1.Сөздік-формулалық (табиғи тілдерде); 2.Құрылымды немесе блок-схемалар; 3.Арнайы алгоритмдік тілдерді қолдану; Граф-схемалар көмегімен (граф – әр сызық екі нүктені қосатын, нүктелер мен сызықтар жиынтығы). 4.Нүктелер шыңдар деп аталады, сызықтар – қабырғалар; 5.Петри торының көмегімен

Қазіргі замандық, жаңарған мектептердің оқу бағдарламаларында, сабақтарында, ғылыми талпыныстық ізденістері мен тәліми тағылымдық жұмыстары жүйесінде «алгоритм» деген ғылыми атаушылар және олардан туындап тараған: «алгоритм тіл» т.с.с әр алуан анықтамалық тіркестері жиі қолданылып жүр. Осы айтылғандармен байланысты «Алгоритмтану» деп аталатын жаңа ғылыми саласы өмірге келді. «Алгоритм» сөзінің ұғыми мағанасы, оның жасалуы мен жаңарып таралуы туралы тарихи деректер «Информатика және есептегіш техника негіздері» пәнінің сабақтарына кеңінен талданып оқытылады.


Пән: Информатика


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь