Ертегі
Презентация қосу
Ертегі
142-18 тобының студенті
Есімханова Айжан
Бірде Алдар Көсе екі қоян ұстап
алды. Олар бұта түбінде отыр еді.
Екеуі де Алдарды көрді. Бірақ
екеуі де өзін емес, көршісін
аулайды деп ойлады. Онда не үшін
қашады ? Оның үстіне кім екі
қоянды қуса, біреуін де ұстай
алмайды. Қояндар осылай ойлап
отырып, жолы болған аңшының
қолына қалай түскендерін білмей
қалды.
Алдар Көсе қояндарды
үйіне алып келіп,
әйелінен:”Екі қоянды да
сатып, қанша алуға болады
?”- деп сұрады. “Мүмкін бес
жүз теңге беретін шығар”, -
деп жауап берді әйелі.
Алдар:” Мен екі қояннан
мың теңге аламын,
бәстесесің бе ?” – деді. “Сен
оны қалай істейсің ?” –деді
әйелі күліп.
“Самаурынға шай қой,
бауырсақ пісір, ал бір
қоянды торға салып,
оған шөп бер. Мен байға
екінші қоянды сатуға
апарамын”,-деді Алдар
Алдар байға келіп:” Менен
қоян сатып ал”,-деді. Бай:”
Қанша сұрайсың?”-деді. “Мың
теңге”,- деп жауап қатты Алдар.
“Есің дұрыс па? Қоян мұнша
тұрмайды”,- деп, бай ашуланды.
“Бұл жай қоян емес. Ол
тапсырмаңды орындайды”.
“Мүмкін емес !”- деп бай
таңғалды. Тексермек болды.
Алдар Көсе қоянның
құлағына сыбырлап:”
Қоян, үйге әйеліме
жүгіріп барып айт,
самаурынға шай қойып,
бауырсақ пісірсін және
бай екеумізді қонақ етіп
күтсін,”- деді. Бай сенбей
тұрды. Алдар оны жиі
алдайтын.
Алдар оған:”
Қонаққа жүр, мен
шын айттым ба,
тексерейік”,- деді. Бай
Алдар Көсенің осы
жолы тағы не
ойлағанын білгісі
келді. Оның артынан
күліп ере берді.
Алдар Көсенің үйіне
келді. Бай қараса,
Алдардың айтқанының
бәрі орындалып тұр. Ең
бастысы оқымысты
қоян тор ішінде, шөп
жеп отыр. Ал әйелі:”
Қоян жүгіріп келіп
қонақ келе жатыр, шай
қойып, бауырсақ пісір
дегені”,- деді. Бай
сенерін де білмей қалды.
Бай сенбей тұрғанын
білдірмеді.” Сенің
қояныңды тағы
тексерейік. Қоян, біздің
үйге барып, менің
бәйбішеме бауырсақ
пісңріп, бізге шай
дайындасын”-деп айт. Біз
Алдар екеуміз шай ішуге
келеміз”,- деді.
Бай қоянның жұмсақ
арқасынан сипап, жерге
түсірді. Қоян құлағын,
қозғап, бостандықты
сезді де, далаға қаша
жөнелді.
Олар біраз уқаттан соң байдың
үйіне келді. “Әй бәйбіше,
оқымысты қоян келіп,
бауырсақ пісіріп, бізге шай
дайындасын деп менен
сәлемдеме айтпады ма?” – деп
сұрады бай. Бәйбішесі:
“Ақылыңнан адастың ба?
Қандай оқымысты қоян,
қайдағы сәлемдеме! Сен
досыңды көп тыңда, мүмкін
сенің өгізің де сөйлеп кетер,”-
деп ұрысты.
Сенің қояның тексеруден
өтпеді,”- деді бай. “Сенің
оған бәйбішеме айт дедің
бе?”. Ал менің қояным
сенің әйеліңді сенің әйелің
екенін қайдан білсін. Ол
оны танымаған соң,
даладан іздеп кеткен ғой.
Мен сенің “
қайырымдылығыңнан”
бағалы жұмыскерімнен
айырылдым. Оны
Қайтарып бер немесе
құнын төле”,- деді Алдар
Көсе.
Алдар Көсенің
ойлағанындай
болды. Ол байдан екі
қоян үшін мың
теңге алды. Ал бай
болса, осы уақытқа
дейін оқымысты
қоянды іздеп жүр
дейді.
СОҢЫ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz