Магниттік дискілік ақпарат жинақтағыштар: қатты дискілер, стримерлер және иілгіш дискеттер


Slide 1

Дискідегі информация жинақтауыш

Информация жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД - накопитель н магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (НЖМД накопитель на жестких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) .

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM РС-де қатқыл дискінің мәлімет сиымдылығы 20 - 40 Мб, 80386 SX, DX және 80486 SX (SX - бір процессорлы, DX - екі процессорлы) - 300 Мб-ға шейін, 80486 DX - 500 - 600 Мб, ал Pentuim - 6 Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.

Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.

Slide 2

Иілгіш диск

Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөрт бұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.

Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол 3, 5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

3, 5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1, 44 Мб және 720 Кб. 1, 44 Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады. Сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ - дерде 3, 5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып физика: Заттың магниттік қасиеттері және ақпараттың магниттік жазылуы
Ақпарат тасымалдаушылардың даму тарихы мен түрлері
Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары, ақпарат сақтау құралдары және құрылымы
Ақпарат ұғымының деңгейлері мен қасиеттері: ақпарат тасымалдаушылары, сигнал, таңба және символдар
Магниттік өріс және магниттік тізбектер: Ампер заңы, магниттік индукция және Био-Савар-Лаплас заңдары
Ақпаратты жазу және санау, ақпарат тасымалдаушылар
Ақпарат және компьютердің жадысы: ішкі, сыртқы және сақтау құрылғылары
Оптикалық дискілер: түрлері, жылдамдығы және даму тарихы
Ақпарат тасымалдаушы құрылғылар: түрлері, технологиялары және даму тарихы
Оптикалық дискілер: тарихы, түрлері және техникалық сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz