Жапырақ құрылысы



Жапырақ
құрылысы

Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі.
Тамыр мен сабақтан жапырақтың басты айырмашылығы - ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.
Қызметі: Жапырақ - өсімдіктерде фотосинтез жүретін, ауа алмасатын, көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын маңызды вегетативтік мүше. Сонымен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ қор заттарын жинау қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін атқарады.

Жапырақтың морфологиялық
құрылысы

Жапырақтың негізгі бөліктері:
1- жапырақ тақтасы
2- жапырақ негізі
3 - қынап
4 - қобы
5 - бөбе жапырақтар
6 - сағақ
7 - қолтық бүршік
8 - қыстырма бүршік
33
3
7
3
3
7

Жапырақ алақаны - жапырақтың негізгі бөлігі. Жапыраққа тән қызметтер негізінде осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.
Сағақ - жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі
Жапырақ негізі дегеніміз - жапырақ тақтасынаң сабаққа бекінетін төменгі бөлімі.
Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасынан сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма
меристемасын қолайсыз жағдайлардан қорғайды.
Бөбе жапырақ - жапырақ негізінен өсіп шығатын ерекше өскіншелер - кішкентай жапырақшалар, тікенек пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. Бөбе жапырақ негізгі жапырақ тақтасынан ертерек жетіліп, бүршік ашылған кезде түсіп қалады.

Жапырақ морфологиясы
Тегеурінгүл жапырағының
морфологиясы 1 - ұзын сағақты
2 - негізі жүрек тәрізді
3 - ұшы үшкірленген
4 - жиегі ара тісті

Жапырақ классификациясы

Жай жапырақтың негізі сағағында
тақта саны біреу болады. Жай жапырақ тақталарының пішініне байланысты: ромб, бүйрек, сопақ, эллипс және т. б. болып жүйеленеді.
Жапырақтар - жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір, сүйір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек, жүрек, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т. б. болып келеді.
Жай жапырақтар

Жай жапырақ пішіндері:
1-ине жапырақ
2-таспа жапырақ
3-сопақша жапырақ
4-қандауыр жапырақ
5-жалпақ жапырақ
6-дөңгелек жапырақ
7-жұмыртқа тәрізді жапырақ
8-теріс жұмыртқа тәрізді
9-ромб тәрізді
10-қалақ жапырақ
11-жүрек тәрізді
12-бүйрек тәрізді
13-стрелка тәрізді
14-жебе тәрізді
15- қалқан тәрізді жапырақ

Жапырақ тақтасының жиегінің ерекшелігіне байланысты:
Жапырақ
бүтін жиекті бүтін
жапырақтардың тақта жапырақ
жиегінде ешбір кедір - тақтасының
бұдырлары және тілік- жиегінде кедір-
тері жоқ. бұдырлары бар

Бүтін жапырақ тақтасының пішініне байланысты: үшкір тісті, ойыс жиекті, жұмыр тісті және т. б. болып келеді.
Үшкір тісті - жапырақ тақтасының жиегіндегі тісшелерінің ұшы үшкір.
Ара тісті - жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір, тіс-тісшелердің сыртқы қабырғасы ұзындау, тісшелер орталық жүйкеге біршама параллель болады.
Ойыс жиекті - жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір де, түп жағы ойыс болып келеді.

Жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай:
доғал, үшкір, сүйір, ойыс
Жапырақ тақтасының негізіне қарай:
сына тәрізді, дөңгелек, жүрек тәрізді, жебе тәрізді және т. б.
болып келеді.

Жапырақ тақтасының жиегіндегі тіліктердің аумағына қарай:
А - Телімді
Б - Тілімді
В - Бөлімді деп жүйелейді
1
А
1
Б
В
В
В
2
2
3
4
5
6
7

Жүйкелену - жапырақ тақтасында өткізгіш шоқтардың орналасу реті.
Жүйке жапырақ тақтасының астыңғы бетінен анық көрінеді және жапыраққа суда еріген минералдық заттарды жеткізіп, жапырақтан органикалық заттарды төмен қарай өсімдіктің мүшелеріне, сабағына, тамырына таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет беріп, жыртылудан сақтайды.

Жапырақ тақтасының жүйкеленуі.
Бұтақтанған жүйкелер орналасады.
Жапырақтың негізінен ұшына дейін созылған бір ғана жүйке өтеді.
Жапырақ негізінен жапырақ тақтасына доға тәрізді бұтақтанбаған бірнеше жүйкелер бағытталып, ұшында қосылады.
Өз ретінде саусақ салалы және қауырсын торлы жүйкелену болып бөлінеді.

Күрделі жапырақтың негізгі сағағында бірнеше жеке тақташалар болады. Соған байланысты ол қауырсын күрделі, саусақ салалы күрделі және үшқұлақ күрделі болып жүйеленеді.
Күрделі жапырақ.

Күрделі жапырақтың түрлері:
1 - қауырсын күрделі жапырақ
2 - саусақ салалы күрделі жапырақ
3 - үшқұлақ күрделі жапырақ
4 - төрт рет қауырсын күрделі жапырақ
1
2
3
4

Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
Төрт түрлі ұлпадан тұрады:
1- жабындық ұлпа- үстіңгі және астыңғы үлпекқабат
2 - ассимиляциялық қоректік ұлпа - мезофилл
3 - мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар
4 - механикалық ұлпа

Өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
1- үстіңгі үлпекқабат
2 - астыңғы үлпекқабат
3 -лептесік
4 - бағаналы мезофилл
5 - хлорофилл
6 - ксилема
7 - флоэма
8 - механикалық ұлпа

Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабындық ұлпа - үлпекқабат жауып тұрады.
Үлпекқабат жасушалары тірі, тығыз орналасқан. Негізгі қызметі - жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін кеуіп кетуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдердің енуінен сақтау. Үлпекқабат жасушаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауыз дақ жауып тұрады.

Мезофилл ұлпасы атқаратын қызметіне қарай екіге бөлінеді:
Бағаналы ұлпа жасушаларының пішіні бағана немесе діңгек тәрізді болып, үстіңгі эпидерма жасушаларына көлденең бағытта, өзара тығыз орналасады.
Борпылдақ ұлпа жасушалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай жасушааралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы үлпекқабатқа таяу орналасады. Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанды кем. Бұл ұлпа арқылы негізінен ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.

Өткізгіш шоқтар, әдетте жүйке аталып жапырақтың мезофилл бөлімінде тор түзіп орналасады. Жапырақтағы өткізгіш шоқ - тұйық коллатералды.
Кейде негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилемасының арасында камбий сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы астыңғы бетіне қарай орналасады. Бұл өткізгіш шоқтың сабақтан жапыраққа өту барысында тік қалыптан көлбеу қалыпқа ауысуынан.
Өткізгіш шоқтар қоректік заттарды жылжытып қана қоймай механикалық қызмет те атқарады. Флоэма мен ксилеманың сырт жағында, кейде шоқты қоршай склеренхима орналасады. Үлпекқабатты астарлай, шоқтың үстіңгі және астыңғы жақтарында колленхима жатады. Жапырақ құрамында тасты жасушалар - идиобластар да бар.

Жүйкелер жапырақ негізінен, оның ұшына қарай жақындаған сайын шоқтардың гистологиялық элементтерінің құрамы өзгеріске ұшырап жатады.
Алдымен механикалық ұлпалар, одан кейін сүзгілі түтіктер, соңында трахеялар жоғала бастайды. Жүйкенің жапырақ жиегнідегі ұсақ тармақтары тек қана трахеидтерден тұрады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz