Кәсіптік білім беру және Қазақстан зиялыларының қалыптасуы


Презентация қосу



Кәсіптік білім беру
және Қазақстан
зиялыларының
қалыптасуы.
РКФСР-де жалпы алғанда
30 тиын, ал Қазақ АКСР-і
бойынша 68,9 тиын болды.
1930/31 оқу жылында —

отырықшы аудандарда,
1931 жылдың көктемінен
бастап көшпенді халқы
бар аудандарда жалпыға
бірдей оқу
енгізілді.
Қазақстан Үкіметі
халыққа білім беру ісіне
қаржы беруді едәуір
ұлғайтты; оқушыларға
интернаттар, жатақханалар
желісін кеңейту,
стипендиялар беру,
оқулықтар мен, оқу
құралдарымен, аяқ
киіммен,киім-кешекпен,
көлікпен және т. б. тегін
жабдықтау түрінде
материалдық көмек
көрсету көзделді. Барлық
жерде жалпыға бірдей
білім беру жөніндегі
қоғамдық қорлар құрылды.
Жалпыға бірдей білім беру
ісіне
қамқорлық жасауды
Қазақстан комсомолы
мойнына алды.
Мәдени құрылыс барысын

жеделдетуге ұлттык
зиялылар кауымының
көптеген қайраткерлері
елеулі ықпал жасады.
Олар ана тілінде бірегей
оқулықтармен оқу
құралдарын жасауға белсене
катысты. Ана тілі жөніндегі
оқу құралдары,
сауатсыздықты жою жүйесіне
арналған оқулықтар, 20-
жылдары бірнеше рет
басылып шыққан А.
Байтұрсынов құрастырған
суретті
әліппе,Ж. Аймауытов
және басқалардың
қостілділік, окушыларға
интернационалдық және
адамгершілік тәрбие беру
проблемаларын алға
койған ана тілін оқыту
әдістемесі кеңінен
танымал
болды.

20-жылдарда қазақ
мектептеріне арналған
окулықтар мен оқу-
әдістемелік әдебиетті
жасауға С. Сейфуллин, С.
Сәдуақасов, Ғ. Мүсірепов,
М. Дулатов, М. Жолдыбаев,
М. Жұмабаев,
Кемеңгеров және басқалар
да белсене қатысты. Қазақ
тіліндегі оқулықтарды
әзірлеу мен шығаруды
Қазақ АКСР Мемлекеттік
баспасы жанындағы
құрамына А. Байтұрсынов,
Ә. Бөкейханов, С.
Сәдуақасов, X.
Болғамбаев,Ж. Аймауытов
енген редакциялық
алкамүшелері
ұйымдастырып отырды.
Басуға ұсынылған алғашқы
кітаптар қатарында Абай
өлеңдері мен А.
Байтұрсыновтың мысал-
жұмбақтар жинақтары
болды,
оларды басып шығаруға
Қазан қаласына тапсырыс
берілді.
Сол кезде Томск
университетінің студенті
болған Қ. И. Сәтбаев орта
мектепке арналған қазақ
тіліндегі алғашқы алгебра
оқулығын,
Бөкейханов география
оқулығын құрастырды.
Мектеп желісі халықтың

көп ұлтты құрамына
сәйкес келді. 20-
жылдардьщ орта шенінде
республикада 73 татар, 40
өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс
және эстон бастауыш
мектептері жұмыс істеді,
оларда оқыту көп жағдайда
ана тілінде жүргізілді.
Сонымен бірге екі тілде —
орыс және өзбек, қазақ
және татар, орыс және
неміс тілдерінде т. б.
тілдерде оқытатын аралас
мек-тептерде болды.
Алайда Қазақстандағы
мектеп құрылысы елеулі
қиындықтарға да кездесті.
1931—1932 жылдардағы
аштық салдарынан
балалар саны күрт азайып,
жетім балалар саны
көбейді. 1932 жылдын,
күзінде балалар
үйлеріне 68 мың бала
орналастырылды, ал 1933
жылғы 1 каңтарда 45 мыңнан
астам панасыз балалар
есепке алынды. 1932 жылы
аштықтың бас кезінде тек
Шығыс Қазақстан облысында
ғана 1687 бала шетінеді.
Екінші бесжылдықта
мектеп күрылысы карқын
алып, жалпыға бірдей
бастауыш білім беруді
жүзеге асыруда бірсыпыра
ілгерілеу байқалды. Орта
буын мектептерді, орталау
мектептер мен орта
мектептердің, әсіресе ұлт
мектептерінін,
жоғары кластарын
нығайтуға мықтап көңіл
бөлінді. 30-жылдардың
екінші жартысында
колхоздар мен
совхоздардың каржысына
салынған интернаттар
желісі үлғайды. 1934/35 оқу
жылы ішінде интернаттар
саны 127
-ден221-ге дейін көбейді.
Республиканың мектеп

құрылысында партияның
Орталық Комитеті мен
КСРО Халық Комиссарлары
Кеңесінін Қазақстан үшін
кадрлар даярлау туралы
1933 жылғы 2 қыркүйектегі
каулысының маңызы
зор,онда орта оқу
орындарын тез дамыту,
жоғары оқу орындары үшін
кадрлар даярлау,
Қазақстанға мамандарды
көп мөлшерде жіберу және
басқа шаралар көзделді.
Республикада мұғалімдер
саны
артты.Соғыс қарсаңында
олардың саны 44 мыңнан
асып түсті. 1939 жылы 160
мұғалім ордендермен және
медальдармен наградталды,
мұғалімдердін едәуір
тобына «Қазақ КСР-інің
енбек сіңірген мұғалімі»
атағы берілді, олардың
ішінде С. Көбеев, Л. И.
Добранская, Н. В. Волков, С.
Ақышев, А. Ақатов, Ш.
Сарыбаев және басқалар
сияқты халық ағарту ісінін
көрнекті қайраткерлері
болды.
Ересек халык арасындағы

сауатсыздықты
жоюдың негізінен аяқталуы,
жалпыға бірдей міндетті
бастауыш білім берудің
енгізілуі, орта білімнің өсуі,
мектепке шығыс ұлттары
қыздарынын, тартылуы —
осының бәрі үлттык
зиялылардың, соның ішінде
техникалық
зиялылардың қалыптасуы
үшін, ауыл шаруашылығына
механизатор кадрлар және
өнеркәсіпке сауатты
жұмысшылар, жүз
мыңдаған жастар мен
ересектерді Қарулы Күштер
катарында қызмет етіп,
сұрапыл
соғысжылдарында Отан
корғауға даярлау үшін
қажетті алғышарттар
жасады.
1928жылы Қазақстанда
тұңғыш педагогика
институты ашылып, оған
кейіннен ұлы ақын
Абайдың есімі берілді.
1931—1932 жылдары Орал
және Қызылорда
пединституттары ашылды.
1925—1932 жылдар ішінде
педтехникумдар саны 14-
тен 29-ға жетіп, оларда
4821 оқушы оқыды. Алматы
зоотехникалық-
малдәрігерлік институты
(1929 ж.) ауыл
шаруашылық жоғары
оқу орындарының тұңғышы

болды. Оның ізінше
Қазақтыңауыл
шаруашылық институты
ашылды (1930 ж.). 1931
жылдьщ наурыз айында
Алматы медицина
институты алғашқы оқу жы-
лын бастады, ол кезде оны
Ленинград әскеримедицина
академиясы
қамқорлыққа алған еді.
1934 жылы С. М. Киров
атындағы Қазақ
мемлекеттік
университетінің ашылуы
республиканың мәдени
өміріндегі ірі оқиға болды.
1940 жылдың өзінде-ақ
онда 15 кафедра
жұмыс істеп, ғылыми-
зерттеу жұмысы жүргізілді.
Республикада
инженертехник кадрлар
даярлаудың негізін салған
Қазақ кен-металлургия
институты астанада
университетпен бір мезгілде
ашылды. Оралда, Семейде,
Петропавлда, Шымкентте,
Ақтөбеде, Қарағандыда,
Қостанайда мұғалімдер
институттары ашылып,
олар кейіннен педагогика
институттары болып
кайта құрылды.
Ұлы Отан соғысы
қарсаңында Қазақстанда
20 жоғары оқу орны, 118
орта арнаулы оқу орны
жұмыс істеп, оларда 40
мыңдай адам оқыды. Қысқа
мерзім ішінде жоғары
білімді 10 мындай және
орта білімді 20 мың маман
даярланды.
Қазақстанзиялыларының
қалыптасу процесіне
туысқан халықтардың
қосқан үлесі зор. 30-
жылдары елдін әр түрлі
аймақтарындағы жоғары
оқу орындары мен
техникумдарында 20
мыңдай қазақстандық
оқыды.Республиканың
жоғары оқу
орындарында орталық
жоғары оқу орындары
мен әскери мекемелердің
мыңдаған өкілдері
педагогтік жұмыс пен
ғылыми зерттеу жүргізді.
Олардың арасында Б.
Домбровский, Н. П. Орлов,
М. П. Иванов, И. С. Бахал,
К. П. Персидский және
басқа көптеген көрнекті
ғалымдар болды.
Республиканың жоғары
мектебіне С. Асфендияров,
Т. Жүргенов, С. Сейфуллин,
А.
Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ.
Жұбанов және қазақ
халқының басқа да ғылым
мен мәдениет қайраткерлері
зор үлес қосты.
Орта оқу орындарының

желісі едәуір кеңейді. Кен,
каржы, мұнай ауыл
шаруашылық,
тасымал техникумдары
ашылды. 1940 жылы
республикада 118 техникум
жұмыс істеді, ал 1928
жылы олардың саны 24
қана болатын. Екінші және
үшінші бесжылдықтар
кезінде, сыртгай
оқытатындарын қоса
алғанда, техникумдар жыл
сайын 400-ден 8000-ға
дейін мамандар әзірлеп
отырды. 12 жұмысшылар
факультетінде 2800-ден
астам студент оқыды.
1939 жылғы санақ

деректері бойынша
Қазақстанда ой
еңбегімен айналысатын
қызметкерлер саны 430
мыңға жуық (17,7%)
болды, олардың 27454-і
жоғары білімді еді. Ауыл
ша-руашылығында,
денсаулық сақтауда,
ағарту ісінде зиялылар,
соның
ішінде ұлттық зиялылар
өсіп калыптасты. Алайда
халық шаруашылығында
ғылыми-техникалық
кадрлардың жетіспеушілігі
әлі де айқын сезілді.
Жоғары оқу орындары мен
орта арнаулы оқу
орындарындағы оқыту
барысы республиканың
шикізаттық сипатын
бейнеледі. Орта мектептерді
бітірушілердің, әсіресе қазақ
жастарының жеткіліксіздігі
жоғары оқу орындарында да
аңғарылды.

Сонымен,соғысқа дейінгі
бесжылдықтар кезінде
Қазақстанда жұмысшылар
мен колхозшы шаруалардан
шыққан кеңестік ұлттық
зиялылардьщ берік негізі
қаланды. Бірақ Сталиннін
тоталитарлықрежимі
салдарынан инженер-
техник, ғылыми және
шығармашылық зиялылар
қатары қатты сиреп калды.
Шынына келгенде ол
жылдарда революцияға
дейін қалыптасқан
зиялылардың азын-аулақ
тобы жойылып
жіберілді.Жазалау
шараларынан жоғары
мектепті ұйымдастырушылар,
әдебиет пен өнердің көрнекті
қайраткерлері зардап шекті.
20—30-жылдар — Қазакстан
ғылымының қалыптасқан
кезеңі,
Қазақстанды зерттеу
қоғамы (1920 жылы
құрылған) өлкенің
тарихын, этнографиясын,
экономикасын зерттеудің
және жаратылыс тану
ғылымының ірі
орталығына айналды.
Қоғамньң жаратылыстану,
география, этнография
және тарих-археология
секцияларының жұмысына
С. Асфендияров, А. В. Затае-
вич, Ә. Диваев, Қ. Жұбанов,
А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, М. Жолдыбаев,
А. П. Чулошников, А. Ю.
Якубовский және басқалар
сияқты көрнекті ғалымдар
белсене қатысты.
Петропавл және Көкшетау,
Орал және Орда қалаларында
Қоғамның филиалдары жүмыс
істеді. Қазақ АКСР Халық ағарту
комиссариатының кейіннен
оқу-әдістеме кеңесі болып
қайта қүрылған
Академиялык, орталығы
қазақ тілі мен әдебиеті
саласында кыруар істер
тындырды. Онда қазақша
жазуды жетілдіру, қазақ
тіліндегі
алғашқы
окулықтарды калыптастыру
жөнінде жұмыс жүргізілді.
Қазақ халқының тарихы мен
этнографиясы, археология
жөнінде еңбектер басып
шығарылды. 1926 жылы М.
Е. Массон Әулиеатада,
ежелгі
Таразқаласының орнында
қазба жұмыстарын жүргізді.
Қазақ КСР Денсаулық сақтау
халық комиссариаты
жанындағы санитарлық-
бактериологиялық институт
денсаулык сақтау саласында
едәуір ғылыми-
зерттеу жұмысын өрістетті.
КСРО Ғылым академиясының
А. Е. Ферсман, Н. Г. Кассин,
М. П. Русаков, С. С. Неус-
троев, И. М. Крашенников, Р.
А. Борукаев, А. А. Гапеев
сияқты аса көрнекті кеңес
Ғалымдары қатысқан
геологиялык, экспедициялары
жер койнауы мен пайдалы
қазбаларды зерттеуге сүбелі
үлес қосты. Ащысай қорғасын
кеніші, Қарағанды және
Екібастүз көмір кеніші, Ембі
мұнай аймағы зерттелді. 1926—
1927
жылдарда КСРО Ғылым
академиясының кешенді
экспедициясы бүкіл
Қазақстан территориясында
статистикалық-
экономикалық, топырақ-
ботаникалық, геологиялық,
гидогеологиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізді.
Сөйтіп, КСРО Ғылым

академиясының
Қазақстандағы базасын
кұруға (1932 ж.) біртіндеп
жағдай әзірленді, ал бастапқы
кезде оның құрамында екі
сектор-зоология және
ботаника сек-торлары
мен Алматыдағы Ботаника
бағы болған еді. 1935 жылы
геология және тарих
секторлары құрылды. 1935
жылы оған құрамында қазақ
тілі мен әдебиеті және халық
шығармашылығы
секторлары бар Қазақ
ұлттық өнер ғылыми-
зерттеу институты қосылды.
Кеңестік Қазақстан
ғылымының тарихында
КСРО Ғылым академиясы
Ғылыми Кеңесінің Алтай-
Ертіс, Жезқазған-Ұлытау
аудандарының табиғи
байлығын кешенді
зерттеуге арналған
сессиясыдеген КСРО Ғылым
академиясының Орал-Ембі
ауданын барлау
проблемаларына арналған
сессиясы (1935 жылғы
қараша) елеулі із қалдырды.
Геолог-ғалымдар табиғи
ресурстарының нашар
зерттелгеніне қарамастан,
сол кездің өзінде-ақ
республиканың елімізде
түсті металдар, барит пен
сурьма қоры жөнінен —
бірінші, мұнай жөнінен —
екінші, көмір жөнінен
-үшінші орын алғанын
атап өтті. Одан кейінгі
жылдарда хромиттің мол
қоры, фосфориттің қуатты
кеніші ашылды. .
Қазақстанда ғылымның
негізгі бағыттарын
дамытуды белгілеуге КСРО
Ғылым академиясының
Президенттері С. Н.
Вавилов, В. Л. Комаров,
Қазақстан ғылымының
штабын басқарған кеңестік
ірі түрколог, академик А. Н.
Самойлович пен аса көрнекті
геолог-ғалым, академик А. Д.
Архангельскийлер белсене
катысты. Қазақ ғалымдары
орыс ғалымдарымен
қоянқолтық жұмыс істеді.
Қазақстанда ғылымның
дамуына Қ. И. Сәтбаев зор
үлес қосты. Ғылыми
қызметкерлер, соның ішінде
үлттык зиялылар
кадрларының саны едәуір
артты.
1935 жылы
профессор С. Асфендияров
жазған «Қазақстанның көне
заманнан бергі тарихы» (1
бөлім) басып шығарылды, 20—
30-жылдардағы қазақ тіл білімі
мен әдебиеттану
проблемалары жөнінде С.
Сейфуллин, С.
Мұқанов,А. Байтұрсынов,
Қ. Жұбановтар
жинақталған еңбек жазды.
Ұлы Отан соғысының
қарсаңында Қазақстанның
57 ғылыми мекемесінде
(жоғары оқу орындарын
коса алғанда) 1700-ден
астам ғалым еңбек етті.
Республика бойынша
ғылыми-зерттеу
мекемелеріне мемлекеттік
бюджет бойынша жұмсалған
шығын 12 есе өсіп, 1933
жылғы 1,2 миллион сомнан
1939 жылы 14,4 миллион
сомға жетті.
Базаның КСРО
Ғылым академиясының
Қазақ филиалы болып
қайта құрылуы Қазақстан
ғылымы өміріндегі айтулы
оқиға болды.
Соғыс жылдары жоғары

мектеп жүйесі кеңейе
түсті: Алматы шет тілдері
институты, Шымкент
технологиялық институты,
қазақтың педагогикалық
қыздар институты,
Құрманғазы атындағы
қазақтың мемлекеттік
консерваториясы,
физкультура институты
ашылды. Қазақстанда
студенттердің саны
1941 жылғы 10,4 мыңнан
1945 ж. 15,1 мыңға жетті.
Осыған қарамай республика
халық шаруашылығының
барлық саласында соғыстан
кейінгі алғашқы жылдары
маман кадрлардың
жеткіліксіздігі қатты
байқалды. 50-
жылдары 13 институт:
Семейде малдәрігерлік-
зоотехникалық және
медициналық, Қарағандыда
медициналық,
политехникалық және
педагогикалық, Атырауда,
Қостанайда, Шымкентте
және
басқа жерлерде
педагогикалық институттар
ашылды.
60—80 жж. арасында тағы
да 27 жоғары және 100-ден
астам орта арнаулы оқу
орындары, яғни бұрын
қаншаболса, сонша дерлік
оқу орындары ашылды.
Кадрлар даярланатын
мамандықтардың саны да
көбейді. 1986 ж. 55 жогары
оқу орындары мен 246
техникумдар мен
училищелерде 550 мың
студент пен оқушы 200-ден
астам
мамандық бойынша оқыды.
Болган өзгерістердің көлемі
мына салыстырудан жақсы
көрінеді: жоғары оқу
орындары мен техникумдар
екі жыл (1978—1979 жж.)
ішінде ғана 50-жж. қанша
маман даярланса, сонша
маман даярлап шығарды.
Бүкіл соғыстан кейінгі
дәуірде жоғары
мектептердің өміріндегі
неғүрлым осал буын оқу-
материалдық базаның
нашарлығы болды. Ұзақ
уақыт бойы бәр-бәрі: оқу үйі,
жатақхана,
оқулықтар, стипендиялық
қор, парта, орындық,
тумбочка, тесек-орын
жетіспеді. Оқу
орындарында моральдық
және материалдық
жағынан да ескірген
жабдықтар, приборлар,
механизмдер, оқыту
құралдары пайдаланылды.
Профессор-оқытушы

кадрлардың мамандық
қүрамы талапқа сай
болмады. 1960 ж. жоғары
оқу орындарьшың
штатындағы
оқытушылардын, ішінен 99
адамның,
яғни2,2 проц. ғана
профессорлық атағы
немесе ғылыми докторлық
дәрежесі болды. Доценттер
мен ғылым кандидаттары
921 адам — жоғары оқу
орны профессор-
оқытушылар қүрамының
20,3 проц. еді20. Жағдай
өзгерді.
90-жж. қарай
жоғары оқу орындары
профессор-оқытушылар
құрамы ның жартысынан
астамының ғылыми атағы
мен дәрежесі болмады. Алты
жоғары оқу орнында ғылым
докторлары мүлде болмады.
Жоғары
мектептердегі

материалдық-техникалық
база мен кадрлар
құрамындагы кемшіліктер
мамандарды даярлаудың
сапасына теріс өсер етті.
Партиялық-мемлекеттік
құрылымның идео-
логияландырылған саясаты
профессионалдық оқу
орындарындағы істің
жағдайына бәрінен де көп
зиян келтірді. Ғалымдарды,
жоғары оқу орындары
қызметкерлерін қудалау
мен жазалау шаралары 20-
жж.
басталып, Сталин өлгенге
дейін жүргізілді. Мұнан кейін
де жоғарьі оқу орындарының
өмірі партиялық және таптық
принцитер негізіне құрылды.
Сондықтан
университеттердің,
институттардың және
техникумдардың
социалистікемес елдердің
өздері сияқты оқу
орындарымен байланысы,
символикалық сипатта ғана
болды. Көптеген оқу
программаларының,
көмекші қүралдар мен
оқулықтардың мазмүны
өзбетіндік
шығармашылықпен

ойлауды қалыптастыруға,
ғылымның техника мен
технологияның жаңа
жетістіктерін зерттеп
білуте бағытталмаған еді.
Кадрлар және студенттер
құрамын толықтыруда
пара алушылыққа,
жершілдікке және
элеуметтік
әділетсіздіктің басқа
түрлеріне жол берілді.
Ғылым
Қазантөңкерісінен кейінгі
Қазақстандағы ғылымның
жағдайы мен дәрежесі мұнда
ғылыми-интеллигенция
санының аздығы және
қалыптасқан ғылыми-зерттеу
орталықтарының
болмағандығы
сияқты объективті
себептерге байланысты
болды. Қазақ әскери
комиссариатының
жанындағы тарихи-
статистика бөлімі (1919
ж.), қазак революциялық
комитеті ағарту бөлімінің
ғылыми комиссиясы (1920
ж.),
халық ағарту
комиссариатының
академиялық орталығы
(1921 ж.) өлкетану көмекші
сипаттағы жұмыстармен
ғана шектелді.Б ірте - бірте
Ресей географиялық
қоғамының Орынбор,
Түркістан бөл
імдері,Семей және Алматы
бөлімдері өз қызметін
жандандыра
20-жж. Қазақстанда табиғи
өндіргіш күштерді зерттеу
жөніндегі комиссияның
(КИЕПС), КСРО Ғылым
академиясының Одақтық
және
автономиялық

республикаларды зерттеу
жөніндегі айрықша
комитетінің (ОКИСАР) және
басқалардың көптеген
орнықты және кешіп жүретін
топтары жүмыс істеді.
Олардың қызметше ірі
ғалымдар:
академиктер И. М. Губкин,
А. Н. Самойлович, А. Е.
Ферсман, профессорлар А.
А. Григорьев, С. И. Руденко
және басқалар басшылық
етті. Бұл ғалымдар
Қазақстаннын, жер
байлығын, жануарлары мен
өсімдіктерін,қазақ
халқының тарихы мен
этнографиясын зерттеуге
зор үлес қосты.
1920-ж. өлкетанушы ғалым
А. П. Чулошников бастаған
бір топ тынымсыз жандар
Қазақстанды зерттеу
қоғамын құрып, ездерінін,
мақсаты Қазақстан мен оған
сыбайлас жатқан облыстарды
тарихи-археологиялық, табиғи-
географиялық, этнографиялық
және экономикалық тұрғыдан
зерттеу деп жариялады. Қоғам
А. Ф. Рязановтың, Ә.
Диваевтың, М.
Тынышпаевтың, М.
Дулатовтың, А. П.
Чулошниковтың еңбектерін
жариялады. Бүл еңбектер
күні бүгінге дейін маңызын
жойған жоқ.
Түңғыш ғылыми-зерттеу
мекемелері: 1922 ж. ҚАКСР
Денсаулық сақтау
комиссариатының жанынан
Әлкелік химия-
бактериілогиялық
лаборатория, 1924 ж.
Денсаулық сақтау халық
комиссариаты жанынан
санитарлық-
бактериологиялық
институты және жер халық
комиссариаты
жанынан малдәрігерлік-
бактериологиялық институт,
1926 ж. тыңайтқыш және
агротопырак, зерттеу
институты пайда болды.
1932 ж. қарай Қазақстанда
12 ғылыми-зерттеу
институты, 15 тәжірибе
станциясы,
186тірек пункті, лабо-
ратория, гидрометстанция,
бірсыпыра кен барлау
үйымдары қызмет істеді.
Осы кезде КСРО Ғылым
академиясының
Қазақстандық базасы
құрылды, ол 1938 ж. КСРО
Ғылым академиясының
Қазақстанфилиалы болып
қайта құрылды. Бірсыпыра
жоғары оқу орындарында
ғылыми орталықтар
қалыптасты. Геология және
биология ғылымдарының
зерттеу нәтижелері,
тарихшы С. Ж.
Асфендиаровтың, филолог
Қ, Қ. Жұбановтың
жарияланған еңбектері,
сондай-ақ профессор А. Н.
Сызгановтың без ауруын
зерттеу және емдеу
жөніндегі еңбектері бүкіл
Одаққа танылды.
Казақстанның
ғыльми потенциалы Үлы
Отан соғысы жылдарында
онан сайын өсті, Бүл ең
алдымен көшіріп әкелінген
аса ірі; ғалымдар мен
ғылыми мекемелердің
республикада уақытша
тұруымен байланысты еді.
Соғысжылдары республика
жоғары оқу орындарының
130-дай оқытушысы ғылым
кандидаты және ғылым
докторы ғылыми
дәрежелерін алды, КСРО
Ғылым академиясы
Қазфилиалының жеті жаңа
институгы құрылды. 1945 ж.
Қазфилиалдың құрамында
15 институт, 7 сектор, КСРО
Ғылым академиясының 6
академигі, мүше-
корреспонденті, 60 ғылым
докторы мен профессор,
140-тан астам ғылым
кандидаты болды.
Қазфилиал 350-ден
астам экспедициялық топтар
ұйымдастырды, олар Қазақ-
станның табиғи
байлықтарын майдан
мұқтажына жұмылдыруга
лайықты үлес қосты.
Қазақстан Ғылым

академиясының ашылуы
соғыстан кейінгі аса ірі оқиға
болды:ол 1946 ж. 1
маусымда ұйымдасты.
ҚазҚСР Ғьміым
академиясының толық
мүшелері (академиктері)
болып аса көрнекті
ғалымдар М. О. Әуезов, Ә.
Б. Бектүров, М. И. Горяев, А.
Қ.
Жүбанов, Н. Г. Кассин, Н
Т. Сауранбаев, мүше-
корреспонденттері болып
Н. 0. Базанова, Р. А.
Борукаев, Ә. X. Марғүлан,
М. И. Усанович және
басқалар сайланды.
Тұңгыш президенті болып
Қ. И. Сәтпаев сайланды.
Академияның бірсыпыра
гылыми зерттеулерін
дүние жүзі таныды. 1958
ж. Орталық Казақстаннын,
комплексті металлогендік
әрі болжалдық картасын
жасағаны және оның
методикасын зерттеп
жасағаны үшін
ғалымдар И. И. Бок, Р. А.
Борукаев, Г. Ц. Медоев, Д.
Н. Казанли, К. Й. Сәтпаев
және басқалар Лениндік
сыйлыққа ие болды.
Информосон-клетканың
ішкі бөлшектерінің жаңа
класын ашу және
зерттеу жөніндсгі жүмыстар
цикль Шындаған бір топ
ғалымдарға, оның ішінде
биология ғылымының
кандидаты М. Ә. Айтқожин
бар, 1976 ж. Лениндік
сыйлық берілді.
Ғалымдардың зерттеулері
оңтүстік
Маңғыстауда және Орал-
Ембі бассейінінде мұнай
мен газдың ірі кендерін
игеруге, Ертіс-Қарағанды
каналын салуға, егін
шаруашылығында топырақ
қорғау жүйесін енгізуге
көмектесті. Биология жөне
ауылшаруашылық

ғылымдарының
қызметкерлері күздік және
жаздық бидайдың, жүгерінің,
тарының, беденің, картоптың
жаңа сорттарын өсіріп
шығарды. Зоо-ветеринар
ғалымдар ауылшаруашылық
малдарының: биязы
жүнді қазақы қойды, архар-
мериносты, ақбас қазақы
сиырын, етті- сүтті Алатау
сиырын, мініс-көліктік
Қостанай жылқысын және
басқа малдың бірнеше жаңа
түқымын өсіріп шығарды.
70—80 жж. бес
томдық «Қазақ КСР тарихы»,
он томдық «Қазақ тілінің
түсіндірме сездігі», он бір
томдық монографиялық
жұмыс — «Қазақстанның
металлогениясы», тоғыз
кітаптан түратын «Қазақ
станның сүт қөректілері»,
тоғыз томдық
«Қазақстанның өсімдіктері»
және диалектикалық логика
женінде бірсыпыра іргелі
монографиялар жарық көрді.
Аль-Фарабидің, Ш. Ш.

Уәлихановтын,
Ы. Алтынсариннің
мұраларының зерттеліп
басылып шығарылуы
қоғамдық ғылымдағы
елеулі оқиға болды.
90 жж. қарай Қазақстан
Ғылым академиясының 32
ғылыми мекемесі
төмендегідей алты
бөлімшеге
топтасты:Физика-
математика ғалымдары,
жер туралы ғылымдар,
химия-технологиялық,
биологаялық, қоғамдық
ғылымдар және Орталық
Қазақстан ғылыми
бөлімшесі. Қызметкерлерінің
жалпы саны 10994,
оның ішінде ғылыми
қызметкер 4475, олардың
244-і ғылым докторы, 1798-і
ғылым кандидаты болды.
Алайда Қазақстан
ғыльшының табыстарымен
бірге оның жүмысында
шешілмеген ірі проблемалар
болды.Машина жасау,
радиоэлектроника,
радиотехника, автоматика
сияқты ғылыми-техникалық
прогрестің аса маңызды
салалары бойынша ғылыми
кадрларды даярлау және
ғылыми мекемелерді
ұйымдастыру кенже қалып
келді. Академиялық,
жоғары оқу орындарындагы
және салалық ғылымды
нашар ұштастыру көп
тақырыптылыққа, ғылыми
күштердің шашырап
кетуіне, олардың аса
маңызды
бағыттарды зерттеуге
тиісінше
шоғырландырылмауына,
ғылыми жүмыстардың
бірін-бірі қайталануына,
қатарласуына әкеп соқты.
зерттеулердін, тиімділігі
қүрт төмендеді. Мәселен,
1985 ж енгізілген бір
зерттеудің экономикалық
тиімділігі 1980 ж
салыстырғанда
Ғылыми екі есе төмендеді.
Республиканың бірде-бір
ғылыми мекемесі елде
құрылған ғылыми-өндірістік
комплекстердің құрамына
кіре алмады.



Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь