Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар


Slide 1 Slide 2

КІРІСПЕ Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныққанына 15 жыл толып отыр. Қазақстан - зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет қойып отыр. Оның стратегиялық мақсаттары: экономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру және құқықтық мемлекет орнату. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтыры мен бостандықтары болып табылады. Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарым-қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта құқықтық реформаның бірінші кезеңінде ел өміріне қажетті көптеген маңызды заңдар қабылданды. 1994 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданып, оған Елбасы қол қойды. Бұл кодексте меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар жан-жақты қарастырылып, сараланған. Менің курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды теориялық және практикалық тұрғыдан таразылау. Осы мақсатқа орай өзіме төмендегідей міндеттер қойдым: Меншік құқығы ұғымының мәнін ашу, Меншік құқығының нысандары мен түрлерін айқындау, Қазақстан Республикасындағы меншікке байланысты шыққан заңдарды талқылау, “Пайдаланудың өкілеттік құқығы”, “билік ету құқығы”, “иелену құқығы” ұғымдарына анализ жасау, Меншік құқығының тоқтатылу жағдайларын қарастыру.

Slide 3

Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар 1. 1 Меншік құқығы ұғымы Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құкық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалык категория деп түсіну керек. Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы аркылы пайда болады. Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы кұқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. Әлемдік құқықтану доктринасы мен отаңдық заң ғылымы меншік кұқығын объективті жағдайдағы меншік құкығы және субъективті жағдайдағы меншік құкығы деп бөледі. Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, зандар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғаңда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік кұкығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары) . Меншік құкығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз калауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік кұқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы) . Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: “Меншік кұқығы” дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,

Slide 4

пайдалану және оған билік ету құқығы. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өндеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құкығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету кұқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінін өз өкілепігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туыңдайды. Мұндай құқықты немесе занды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айта-лық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК 11-бабының 3-тармағы) . Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап заңға енгізілді. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы) . 1. 2. Меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету құрамдас бөліктері Азаматық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құкығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген.

Slide 5

Мұндай құқық өзгенің кұқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақ-тауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан өрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға кұқылы. Азаматтық кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану жөне билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі больш қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді. Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандару үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айрылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған каржы алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігі қалпына келтіріледі. Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды. Заң иеленуді занды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену занды негізде жасалса, онда ол занды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, оңда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат

Slide 6

иеленуші адал алушы қатарьна жатады (АК-тің 261-бабы) . Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құкығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұнын екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруга құқьілы. Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3-тармағыңда ғана бөтеннің затына кұқық ретінде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге занда ерекше негіз бар "Иелену мерзіміне" жол беріледі (АК-тің 20-бабы) . Иеленудің мұндай кұқығы меншік құкығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл иеленудің зандық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тін 240-бабы, 2-тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізіңде өзінің иелігіндегі затты меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзімне мынадай белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; ө) осы тұлғаның затқа адал, ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерекшеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты иелену кұкығынан да ерекшеленеді, сонымен бір мезгілде затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді (мысалы, кепілдік шарты бойынша) . Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, соңдай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде камтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысаңдарында болуы мүжін (АК- тің 188-бабы 2-тармағы) . Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудын өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге асыру болып табылады, ягнн затты нақты пайдаланып немесе оны кашан кіріс алғанша тұтыну. Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығьн қалай жүзеге асыр

Slide 7

Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығьн қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке карсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғаңда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер меншік иесі ретінде бүлдірмеуге міндетті. Меншік иесі баска тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға, арендаға беру т. б. ) . Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу) . Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе бслгілі бір пайызды еншілейді. Заң негізіңде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы) . Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіңдегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабы 2-тармағы) . Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны больш табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі) . Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады. Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің құкығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқығын жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.

Slide 8

Әдетге меншік иесі өзінің билік өкілеттігін қалай да жүзеге асыруға міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді - оны бір өзі шешеді. Дей тұрғанмен, ол бұл арада заңды бұрмалауға жол беруге тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік ету құқығын қоғам мүдделі болғанда жүзеге асыруға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекеттің келісімімен жүзеге асады. Мысалы, әрекет ету қабілеті шектеулі адамдармен билік ету кұқығын асыру үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұқсаты талап етіледі. Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісім-шарт негізіңде (мысалы, теміржол жүкті иесіне беруге мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады) болады. Меншік иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай (мүлкін пайдаланудан пайда тауып, тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру), меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және т. б. Егер заңда қаралмаған болса, өзіне түсетін ауыртпалықты үшінші біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзгенің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесіне өтуге тиіс. Мысалы, оған қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға кеткен шығынды айтуға болады. Шартпен басқа да мәселелер қаралуы мүмкін. Мүлікті басқа біреуге уакытша пайдалануға берген кезде оны күтіп-сақтау пайдаланушыға жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз ұстаған адамға мүлікті күтіп ұстауға жұмсалған шығындары өтелмейді (АК-тің 189-бабы) . Ауыртпалық жағдайы деп заттардын кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң кұжаттарында немесе шартта ол өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған көшеді. Мүліктің бүлінуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң немесе шарт негізінде сол мүлікті алушының мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар ондай

Slide 9

қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу-сату), яғни зат берілмей тұрып, сатып алушыға меншік құқығы ауыспай тұрғаңда мәселенің басы ашылуы тиіс. Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланысты. Мәселен, егер иеліктен айырушы адам затгарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді . Меншік құқығының нысандары мен түрлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, " - деп жазылған. Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда-жеке(191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді. Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік кұқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкішілік-аумақтық бөліністер, занды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап) . Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген. Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік занды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.

Slide 10

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа оргаңдары өздерінің осы органдардының мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін кұзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндетгерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады. Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Казақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабын 1 және 2 тармақтары) . Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтарды және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді. Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жеке дара (өзіндік) (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет. Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктін мүддесі мен максатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады. Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының қорғалуы
Азаматтық құқық субьектілері
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтық құқық қатынастары
Кәсіпкер құқығының азаматтық құқықтық тәртібі
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жеке тұлға заңды тұлға
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz