Өндірістік қалдықтар



Өндірістік қалдықтар.

Өндіріс қалдықтары-құрамы және физикалық-химиялық қасиеті жағынан түрліше болатын қалдықтар. Қалдықтар мөлшері өндіріс техналогиясына, бастапқы шикізаттың сапасына, материалдық көлемділігіне, өндіріс процестерін ұйымдастыру барысына байланысты.

Өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т. б. кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.
Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмыста пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Көбіне металл қалдықтар балқытылып, қайтадан жаратуға келсе, пластмассадан жасаған бұйымдарды жоюға тура келеді.

Қазақстанда қалдықтарды өндеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудный, Жезқазған, Риддер, т. б. ) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнкәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өндеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр. Қалдықтарды өндеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқада қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз жатыр.

Өдірістік қалдықтарды жоюға бола ма?
Өркениетті дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған . Мысалы Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс істейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияаен жұмыс істейді. Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары. Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Алматы қаласында біраз зауыттар өндірістік қалдықтардан шлакты белоктар, құрылыс материалдары және жол төсемдерін жасауда. Қазақстан Республикасының табиғи ресуртар және қоршаған ортаны қорғау министірлігінің (өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға қолайсыз әсерін азайту жөніндегі шаралары туралы) және (қоршаған ортаны қорғау туралы) заңдары еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалынып жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз

Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық класын анықтау.
Қалдықтарда кездесетін улылық қасиеті бар заттектерге мысал реттінде ауыр металдарды, қышқылдық пен сілтілік көрсеткіштері РН 3, 5-тен төмен және 9-дан жоғары ертінділерді, пестициттерді келтіруге болады.
Уытты қалдықтардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар қазіргі кезде көп тараған шағын кәсіпорындар мен шеберханалар жатады. Уытты қалдықтардың 70-80%-ын шығарушыларға химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерін жатқызуға болады.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтары
Топтастыру
Тасымалдау
Специфика-
циялау
Сақтау
Талдау
Жинақтау
Топтастыру
Сорттау
Қалдықтарға қолданылатын техникалық әдістер
Пайдаға асыру
Жағу
Көму
Өңдеу
Қалдықтарды меңгеруге бағытталған жолдар

Өндіріс қалдықтарының қауіптілік класы заттектердің улылығын негізге ала отырып есептеу әдісі арқылы анықтылады. Әр заттың улылық индексін (К1) анықтау үшін оның топырағы шекті рауалы концентрациясы (ШРК) негізге алынып Кі=ШРКі(S+C3) формуласымен анықталады. Бұл жерде ШРКі - қалдықтың құрамындағы і - затының топырақтағы шектік рауалы мөлшері; S - і - заттың суда ерігіштігін сипаттайтын өлшемсіз коэффициент (ерігіштік шаманы 100% бөлу арқылы табылады), С3 - бұл компоненттің қалдықтағы мөлшері, тт.
бұл жерде п≤ 3.

Жалпы улылық индексті білгеннен кейін 1-ші кестедегі мәліметтерді пайдаланып қауіптілік класын табады. 1-ші кесте. Қалдықтар улылығының классификациясы
КΣ анықтағанда негізге алынатын шамалар
Улылық (қауіптілік) класы
Улылық дәреже
Топырақтағы ШРК
Өлімші мөлшер (ӨД50), мг/кг
<2
≥ 2≤ 16
≥ 16, 1≤ 30
>30
<1, 3
≥1, 3≤ 3, 3
≥3, 4≤ 10
>10
I
II
III
IV
Айрықша қауіпті
Жоғары қауіпті
Орташа қауіпті
Болымсыз қауіпті

Өнеркәсіп қалдықтары
Сұйық
Газ тәрізді
Қатты
Шығарынды
газдар
Түтін-
дер
Сулы ері-
тінділер
мен
шламдар
Сусыз
ерітін-
ділер
мен
шламдар
Шаң
Жанған-
нан
қалған
қалдық
Қалдықтарды агрегатты күйіне байланысты топтастыру

Барлық өндіріс қалдықтары төрт қауіптілік класынабөлінеді: бірінші - айрықша қауіпті (радиактивті заттектер, бенз(а) пирен, диметилтиофосфат, қорғасын, сынап металл түрінде және олардың бейорганикалық қосындылары) ; екінші - жоғары қауіпті (метилмеркаптан, азот оксидтері, никель, марганец, күкіртті сутек, формальдегид, фторлы сутек) ; үшінші - орташа қауіпті (қаракүйе, күкіртті көміртек, метил спирті, темекі) ; төртінші - болымсыз қауіпті (аммияк, аммиякты-карбамидты тыңайтқыштар, боксидтер, темір оксидтері, әк тастар) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz