Педагогикалық технология анықтамалары


Slide 1

Педагогикалық

технологиялар

Slide 2

“Педагогикалық технология” анықтамалары

В. П. Беспалько: "Педагогикалық технология - практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба”.

Б. Т. Лихачев: "Педагогикалық технология - оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі, ол үнемі өзгеріп отырады".

М. В. Кларин: "Педагогикалык технология - бұл педагогикалық максатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық кисынды ілім амалдары мен әдіснамалық кұралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті".

М. А. Чошановтың анықтамасы бойынша. "Оқытудың технологиялары - дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі".

М. Монахов : "Педагогикалық технологиялар -оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі”.

Slide 3

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Slide 4

Ынтымақтастық педагогикасы

Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:

мұғалім-оқушы, окушы-мұғалім, окушы-оқушы, окушы да - субъект, мұғалім де - субъект;

оқушының жеке басына ізгілік қарым- қатынас;

оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық карым-катынас.

Slide 5

Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили)

Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрнгіне жылылық ұялату.

Slide 6

Ойын арқылы оқыту технологиясы

Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-рекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Slide 7

Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы

Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:

оқушының белсенділігін арттыру;

оқу материалында баланы қызыктыратындай мәселе туғызу;

оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.

Slide 8

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (ШаталовВ. Ф. ) мынаны көздейді:

білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан) ;

оқытуды жеделдету;

Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен окыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-катынас, ықпал, ізгілік, еркімен окыту; әр окушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; окыту мен тәрбиенің бірлігі.

Slide 9

Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С. Н. Лысенкова)

Барлық баланы табысты оқыту.

Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар катыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымактастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

Slide 10

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы

Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;

Әр окушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау;

білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

Оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Slide 11

Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скинер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)

Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде окытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке касиеттерін ескере отырып оқыту.

Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі

Slide 12

Оқытудың компьютерлік технологиясы

Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты "ақпараттық қоғамға" даярлау.

Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т. б.

Slide 13

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту (Л. Джинна Стил, С. Куртик Мередит, Чарльз Тэмпл)

Аталмыш бағдарламаның ішкі кұрылымында ерекшелік бар. Бүл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйреіудің моделі.

Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын калыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинактай отырып, ішінен қажетгісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы кызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабактағы аса кажетті, мәнді, маңызды әрекет болып табылады.

Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмактап, оны қандай жағдайда, калай колдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

Slide 14

Өздігінен даму технологиясы (М. Монтессори)

Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.

Окыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады.

Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: "мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер" деуіне жету.


Ұқсас жұмыстар
Мақсат құру процесі
Педагогикалық технологияның негізгі деңгейлерімен танысу
Жоғары білім беру жүйесіндегі психология
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Педагогикалық өлшемдердің сапасын әдіснамалық тұрғыда негіздеу
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі
Инновациялық оқыту технологиялары
Педагогикалық құзыреттілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz