1 Мамыр: шығу тегі, саяси маңызы және әлемдегі мерекелеу формалары


Slide 1 Slide 2

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай - Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді.

Slide 3

1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

Slide 4

Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франсия, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

Slide 5

Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады.

Slide 6

Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады. Ал Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі партиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жатады.

Slide 7

Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Мамыр - демалыс күні. 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге соншалық ықыласты емес

Slide 8

Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Slide 9

1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.

Slide 10

ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр - жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

Slide 11

http://tema-info. ru - қазақша слайдтар және рефераттар сайты


Ұқсас жұмыстар
Пластидтер мен эргастикалық заттардың шығу тегі, түрлері және маңызы
Микробиология негіздері: шығу тегі, даму кезеңдері мен клиникалық маңызы
Жүгері: ботаникалық сипаттамасы, шығу тегі мен таралуы, өсіру технологиясы және халық шаруашылығындағы маңызы
Әлемдегі саяси ойлардың негізгі кезеңдері
Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуы
Оңтүстік Американың ауыл шаруашылығы: картоп, ананас, қызанақ және бұршақтың шығу тегі мен әлемдік маңызы
Адамның шығу тегі мен эволюциясының антропологиялық негіздері
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек дастаны: шығу тегі, құрылымы және әдеби маңызы
Сананың шығу тегі мен мәні: дамуы және қасиеттері
Көшпелілер өркениеті: шығу тегі, эволюциясы және зерттеу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz