Меншіктеу операторы




Презентация қосу
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМТЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы барлық тілде
пайдаланылатын негізгі оператор болып
табылады. Математикадағы қарапайым
теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық мән
беру бұл жағдайда меншіктеу операторы
деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердін
мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу
үшін қолданылады.
Меншіктеу операторының жазылу ережесі:
<айнымалы атауы>:= <өрнек>;
мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы
идентификаторы;
:= - меншіктеу белгісі, яғни айнымалының
мәні өрнектің есептелген сан мәнін
қабылдайды; <өрнек> - арифметикалық
өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет
атқарады:

Айнымалылардың белгілі мәндері
бойынша арифметикалық өрнектін
сандық мәнін есептейді.
Табылған мән айнымалы атауына
меншіктеледі, яғни анықталған
мән сол айнымалыға сәйкес
компьютердің жады ұяшығына
орналасады. Мұнда әдеттегі теңдік
«=» белгісі мен программалау
тіліндегі меншіктеу «:=» белгісін
шатастырмау қажет. Олар ұқсас
болғанымен, мағынасы жағынан
өзгеше.
Меншіктеу операторының
синтаксистік диаграммасы

айнымалы := өрнек

функция атауы
Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер ғана үшін
емес логикалық және символдық өрнектер үшін де
қолданылады.Мысалы, К:=А AND В, мұндағы А – ақиқат, ал В –
жалған болса, онда К жалған мән қабылдайды. К ақиқат мән
қабылдау үшін А және В мәндері бірдей ақиқат болуы қажет,
өйткені AND сөзі ЖӘНЕ деген ұғымды білдіреді.
Символдық мән әрқашан апостроф ` ` ішіне алынып жазылады.
Мысалы, В:=`Т`; В5:=`9`.
Меншіктеу операторын пайдаланғанда айнымалы атауының
типі мен қабылдайтын мәннің типі бірдей болуы қажет.
Егер айнымалыны сипаттау бөлігінде
VAR M: REAL;
деген қатар болып, оператор бөлімінде
M:=`15`;
деп жазылса, онда ол дұрыс болмайды, себебі М типі
сипатталуы бойынша нақты, ал оған меншіктелетін мән
символдық шама болып отыр. Сол сияқты төмендегі оператор
да дұрыс жазылмаған
VAR A,B,C,D: REAL;
-----------------
A:= (BC);
------------------
Себебі оператордың оң жағындағы өрнек логикалық типте, ал
айнымалы сипатталуы бойынша нақты типте де көрсетіледі.
ЕСІҢДЕ БОЛСЫН:
Өрнек Түсініктеме
a:=b болады
a=c+1 болмайды, «:=» орнына «=»
a:b– алынған
sqr(4) болмайды, «:=» орнына «:»
a*x+b:= алынған
0 болмайды, сол жақта атау орнына
өрнек алынған
z:=0 болады
z:=z+5 болады
z:=z+1,4 болмайды, 1.4 орнына 1,4 алынған
z:=z болады
Көшу операторы
Көшу немесе шартсыз көшу операторы
операторлардың рет-ретімен
орналасуын бұзып, келесі атқарылуды,
яғни белгісі бар операторға көшуді
орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу)
түйінді сөзінен басталады да, одан
кейін LABEL бөлімінде сипатталған
белгі атауы жазылады.
Көшу операторының ережесі:
GOTO <белгі>;
мұндағы <белгі> - LABEL бөлімінде
сипатталған белгінің біреуі.
Көшу операторының
синтаксистік диаграммасы

GOTO БЕЛГІ
Бос оператор

Бос оператор ешқандай да әрекеттң
орындалмайтынын көрсетеді, ол программа
блогынан шықпай-ақ, бірнеше жолды орындамай
өткізіп жіберіп, блок соңына бірден көшетін кезде
пайдаланылады. Мұндайда END сөзінің алдына
белгі жазылып, соңына қос нүкте қойылады.
Мысалы,
label belgi;
--------
begin
-----------
goto belgi; {блок соңына көшу}
------------
belgi; end; {бос оператор белгісі}
Кейде бос оператор begin, end сөздерінен немесе
ешбір мәнді өзгертпейтін өрнектен тұрады,
мысалы:
A:=A;
10: BEGIN END; {мұндағы 10 белгі рөлін
атқарады}
WHILE A < > ` ` DO;

Бос оператор ешқандай да амал орындамайды.
Бос оператор қалдырылып кеткен (жоқ оператор)
оператордың орнына нүктелі үтір «;» қойып кетуге
болады. Мысалы,
S:=А;
;
R:=5;
Мұндағы екінші жолда орналасқан нүктелі үтір (;)
бос оператор мысалы болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Деректер түрлері
Паскаль программалау тілінде деректерді енгізу және шығару
Program программаның аты
Массивтер. Бірөлшемді массивтермен жұмыс
Турбо Паскаль программалау ортасы
Сиқырлы сандар сайысы
Айнымалы типтері
TP және Си подпрограммаларды пайдалануды салыстыру. Ішкі программаларды пайдаланатын программалар құру
Турбо Паскаль программалау ортасында қарапайым программа құру туралы ақпарат
Сызықтық бағдарлама құрылымы
Пәндер