Тікелей эфир 


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Р Е Ф Е Р А Т Тақырыбы: Т і к е л е й э ф и р Орындаған: журналистика мамандығының 2-курс студентi Рамазанов С. С Тексерген: Абдрахманова Ж. С Өскемен қаласы 2007 жыл

Slide 2

Жоспар Кіріспе 1. Тікелей эфир табиғаты 1. 1. Тікелей әуе толқынының тұңғыш қадамы 1. 2. Эфирдегі журналистің кәсіби шеберлігі 1. 3. Тікелей эфирдегі сұхбаттасу өнері Қорытынды Әдебиеттер тізімі

Slide 3

Тақырыптың өзектілігі: “Тікелей эфир” атауының мән-мағынасын аша отырып, оның алдына қойып отырған мақсаты жайында, сол мақсатқа жету жолдарындағы төртінші билік өкілдерінің іс-әрекеті туралы сөз қозғай отырып, тікелей эфирдің алғашқы қазақ журналистикасындағы тұңғыш қадамы туралы шағын зерттеу жұмысын жасау. Тікелей эфирдегі радио немесе телехабар жүргізушісіге қойылатын негізгі талаптар яғни, кәсіби шеберлік жайында сөз қозғау.

Slide 4

Мақсаты: Аудиторияға тікелей эфирдің пайда болу табиғатынан бастап, оның қазіргі таңдағы жетістіктері жайында толық қанды мәлімет бере отыра, жинақтаған материалдарымды саралап, бір жүйеге келтіре отырып, аудиториямен қорытынды жасау. Тікелей эфир жайында материалдар жинай отыра, білімімді толықтыру.

Slide 5

“Эфир” сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты, немесе жоғарғы ауа деген мағынаны береді. Ал ғылыми тұрғыда “эфир - радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы”.

Slide 6

Бұдан бір ғасыр бұрын пайда болған “көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін” бұл құбылыстың қазақ тілінде “әуе толқыны” деген әп-әдемі баламасы бар екенін, әсіресе төртінші билік өкілдері - журналистер қауымы жақсы біледі.

Slide 7

Қазақ тікелей эфир толқынының тұңғыш қадамы 1989 жылдың 1-ші қаңтарында эфирге шыққан Қазақ радиосының “Тәулік тыныс” - “Панорама дня” ақпаратты - сазды бағдарламасынан бастау алады.

Slide 8

Шерияздан Елеукенов: “Тікелей эфирге шығу - тәуелсіздік пен демократия заманының жаңалығы. Сол форманы батыл түрде қолданғандарыңызды құптаймын”

Slide 9

Ф. ғ. к Бауыржан Жақып: “Біздің радиожурналистикадағы ең жаңа үрдіс - тікелей эфирге шығу. Журналистің шеберлігі сол тікелей эфир кезінде байқалса керек”

Slide 10

Кәсіп - еңбек қызыметінің негізгі бір саласы. Ал шеберлік - белгілі бір кәсіп бойынша өз ісін жетік меңгеру, сол салада терең ізденіп, өзін жан-жақты дамыту арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға көтерілуі, биік белестерден көрінуі болып табылады.

Slide 11

Толқын Сейдоллақызы: «Кәсіби шеберлік дегеніміз - тынымсыз ізденіс. Аудиторияны сезініп, техниканы бір кісідей біліп тұрғанның өзінде сөйлеу мәдениетін толық меңгергенім үшін тікелей эфирде қатты қиналамын»

Slide 12

Дана Нұржігіт: «Өз мамандығыңның асқан шебері болу үшін еңбек етк керек, ешнәрседен қорықпау керек»

Slide 13

Назира Бердалы былай дейді: «Эфирде де, экранда да, алдымен адам, содан соң қазақ, содан кейін журналист, соның ішінде жүргізуші екенімді есепке ала отырып сөзімді сабақтаймын. Қозғайтын тақырыбым мен қамтитын мәселелеріме де сол тұрғыдан келемін. »

Slide 14

Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар ТІЛ ТӘРТІП тікелей эфирдің психологиялық аспектісін лингвистикалық қамтиды аспектісін айқындаса

Slide 15

“Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бір”, - деп дәріптейді қазақтың ірі лингвист ғалымы А. Байтұрсынов.

Slide 16

Нұртілеу Иманғалиұлы: “Мен алдымен тақырыпты, тақырып болғанда күрделі әрі актуалды мәселелерді қамтитын проблеманы аламын да, енді өзім осы төңіректегі материалдарға кеңінен қанығамын. Қанығу деген сөздің өзі де аз, ең мәндісі терең ізденіс пен азапты айқасқа түсемін. Айтылған ойлардың өзін, өзге сол төңіректегі пікірлермен салыстырамын. Мәнділерін түртіп аламын да сұрақ қою кезінде не бір ойдан екінші ойға өту кезінде пайдаланып отырамын”

Slide 17

Алдымен жеңіл, жауап беруге оңайырақ сұрақтарды қойып, күрделірек, ауыр сұрақтарды кейінірнекке қалдырған дұрыс. Сұрақты қайталап, түсіндіруді қажет етпейтіндей етіп, бірден айқын, қарапайым, ұғынықты құрастырған жөн. Екіншіден, халқымызда “Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз”, - деген қанатты тіркес бар. Журналист қолданатын әрбір сөз бен қойылатын сұрақ сөйлемде өз орнында тұруға тиіс.

Slide 18

Журналистика - шығармашылық ғылым. Журналист - ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай қайтадан айтпайды.

Slide 19

Әдебиеттер тізімі 1. Омашев Н. Радиожурналистика, оқулық / Алматы: 2005 2. Тұрсын Қ. Эфирдегі сұхбаттасу өнері. // Қазақ тілі мен әдебиеті. - №12. - 2005 3. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфирдегі тіл мәдениеті туралы // ҚазМУ хабаршысы, журналистика сериясы. - № 7. -2001. 4. Тұсын Қ. Табиғи әңгімелесу - теледидар шырайы. //ҚазҰУ хабаршысы, филология сериясы. - № 9. - 2001 5. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР заңы. -1999

Slide 20

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Күрделі липидтер
Құрамында эфир майлар бар өсімдіктер
ШАЙ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дәрілік түрлер
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің Жамбыл облыстарында кездесетін дәрілік өсімдіктер
Эфир майын өндіру технологиясы
Кумариндер негізіндегі препараттарды алудың технологиясы
Дәрілік өсімдіктерде эфир майларының түзілуі, жинақталуы
Эфир майлары
ОРМАН АҒАШТАРЫН ӨНДІРУДЕ Эфир майын қолдану Және өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz