Абайдың табиғат лирикасы


Slide 1

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы

Қазақ тілі

9 “В” сынып

Мұғалім: Сералиева Мәдина Жүрсінқызы

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау, оның жасалу жолдарын бекіту;

2. а) Қазақстанның қорықтары жайлы білімін бекіте келе табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге шақыру, экологиялық тәрбие беру;

ә) Абайдың табиғат лирикасы туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту;

3. Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Slide 3

Құрмалас сөйлем

Slide 4

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Slide 5

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен?

Не еткенмен?

А) Есімшеге көмектес септік -мен жалғауы

қосылуы арқылы. Күн жарқырап тұрғанмен, қатты

аяз.

Ә) Шартты райлы етістікке да, де шылауы жалғас

келуі арқылы. Тез жүрсе де, пойызға үлгермей

қалды.

Б) -а, -е, -й жұрнақты көсемше түрінен болады.

Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды

жақсы тапсырды.

Slide 6

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. Ол сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

1. Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші

шешен болады.

2. Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып,

ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.

3. Маржан қатты шаршап келгендіктен, жөнді сөйлеспеді.

4. Көктем келгенімен, күн әлі де салқын.

5. Көпжасар кітап алмақ болып кітапханаға барды.

Slide 7

Алматы қорығы

Қазақстандағы ең бай қорықтардың бірі. Іле Алатауының орталығында 1931 жылы ұйымдастырылды. Жер көлемі - 71 мың гектар. Қорықта бұғы, елік, арқар, тауешкі, таутеке, жайран, қабан, жайра, суыр, барыс, ілбісін, аю, түлкі, борсық; құстан ұлар, шіл, кекілік, қырғауыл, тазқара, бүркіт және басқалары бар.

Slide 8

Қорғалжын қорығы

Теңіз-Қорғалжын ойпатының оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Бұл - еліміздегі ең ірі табиғи қорық, ол Астананың оңтүстік-батысынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Теңіз-Қорғалжын ойпаты дала мен шөл даланың түйісінде, Қазақ ұсақ шоқыларын Көкшетау қыраттарынан бөле-жара орналасқан.

Қазір қорыққа дүниежүзілік табиғи мұра аймағы мәртебесі берілген.

Slide 9

Марқакөл қорығы

Шығыс Қазақстан

облысында, Оңтүстік

Алтайдың шығысында

Марқакөл

қазаншұңқырында

орналасқан. Ол

солтүстігінде Күршім,

оңтүстігінде Азутау

жоталарының арасында

орналасқан Алтайға тән

тектоникалық ойпатты

алып жатыр. Көл 1 449, 3

метрлік абсолюттік

биіктікте жатыр. Ең биік

нүктесі - 3304, 5 метр.

Slide 10

Ақсу-Жабағылы қорығы

1927 жылы құрылған.

Атауы екі өзеннің атынан

құралған: Ақсу және

Жабағылы. Әсіресе

Ақсу өзені өзінің өтуге

ыңғайсыз тік жағасымен

ерекшеленеді. Жалпы

ауданы - 85, 3 мың га.

Мұнда Талас Алатау

солтүстік-батыс

шатқалы мен Өгем

шатқалының көркем биік

таулы ландшафты кіреді.

Қорықта өсімдіктің 1404

түрі, аңдардың 47 түрі,

құстың 239 түрі мекен етеді.

Slide 11

Наурызым қорығы

1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Наурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87, 7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрі, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстар кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.

Slide 12

Барсакелмес қорығы

Қызылорда облысында 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің

біратаулы аралында орналасқан. Аумағы - 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері - құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. Құстың 203 түрі бар.

Slide 13

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан бiлiм алды. Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең пәлсапалық ойлары - кейінгі ұрпаққа қалған өшпес мұра.

Slide 14

Табиғат лирикасы

Сыншы

Композитор

Философ

Махаббат лирикасы

Аудармашы

Ұлы ақын

Slide 15

Лирика

Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы

жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен

«лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық.

Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-

дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз

басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші.

Лириканың 4 түрі бар.

1. Философиялық

2. Саяси

3. Махаббат

4. Табиғат.

Slide 16

АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ

Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

Slide 17

Өлеңдерді оқыңдар, ақынның табиғат лирикасына назар аударыңдар

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Slide 18

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Slide 19

Сөздікпен жұмыс:

Жалаң - отдельный

Жамыраңқы - многогранный

Толы - полный


Ұқсас жұмыстар
Абайдың табиғат лирикасы жайлы
Абайдың лирика лирикасы
АБАЙ ЛИРИКАС
“Абай – дана, Абай – дара қазақта”. Ақпараттық жоба
Әдеби бағыт және ағым
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
Табиғатты жырлаған Абай өлеңдері
Етістіктің шақтарын қайталау
Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған өлеңдері
Әдебиет әлемінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz