ХЕОПС ПИРАМИДАСЫ. СЕМИРАМИДА АСПАЛЫ БАҒЫ. АРТЕМИДАНЫҢ ҒИБАДАТХАНАСЫ. ЗЕВС МҮСІНІ. ГАЛИКАРНАС МАВЗОЛЕЙІ. РОДОС АЛЫБЫ. АЛЕКСАНДРИЯ МАЯГЫ. Александрия маягы
Презентация қосу
Мазмұны:
1. ХЕОПС ПИРАМИДАСЫ.
2. СЕМИРАМИДА АСПАЛЫ БАҒЫ.
3. АРТЕМИДАНЫҢ ҒИБАДАТХАНАСЫ.
4. ЗЕВС МҮСІНІ.
5. ГАЛИКАРНАС МАВЗОЛЕЙІ.
6. РОДОС АЛЫБЫ.
7. АЛЕКСАНДРИЯ МАЯГЫ.
Хеопс пирамидасы.
Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан а қшаңқан ж әне
сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар-пирамидалар.
Ең үлкені-Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147метрдей, біздің
заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған. Хефрен
пирамидасы бұдан екі-ақ метр аласа.
Бұл перғаунға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен
жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлы қ еткен.Оны ң
басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол “Сфинкс” деп аталады. Адамдай
данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың
зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.
Семирамида аспалы
бағы.
Әлемнің ендігі бір «кереметі» -Семирамиданы ң аспалы ба ғы. Ол Ежелгі Шы ғысты ң е ң
үлкен әрі дәулетті қаласы-Вавилонда болған. Ел аузында қал ған а ңыз ға қара ғанда б ұл
бақты патша ханым Семирамида салдырса керек.
Ал шындығында ол жаңа заманға дейінгі 6 ғасырда Навуходоносор патшаны ң жарлы ғы
бойынша салынған.
Бұл патша өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан к өтерген жасанды ала ң
үстіне салдырды. Cарай алаңына көтерілген алты текпішек айнала кірпіштен өрілген
аркалар тізбегімен ﴾аркада﴾ көмкеріліп, топырақ төселген әр текпішекке
жайқалған бақ орнатылған.
Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шы ғырды ж үздеген құл к үні-түні
айналдырып,аспалы баққа Ефрат өзенінен су жеткізген.
Грек әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы
ғибадатханасы әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген.
Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып,жаңа заманға
дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхананы көз
тартарлық әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады.
Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді.
Біздің заманымызда бұрынғы 356ж. Герострат деген біреу
атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның
есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі-бейнесі болып
мәңгілікке ел аузында қалады.
Зевс мүсіні.
Грецияның оңтүстүгінде, Олимпиялық ойындардың орталығы
Олимпиядағы ғибадатханадағы ежелгі гректердің сыйынатын
жоғары пірі - Зевстің мүсін бейнесі болған.Олимпиа Зевстің б ұл
мүсінін бұдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5
ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл - төртінші «керемет».
Биіктігі он төрт метрлік Зевс мүсіні піл сүйегі , қара емен, асыл
тастармен әшекейленген алтын тақта отырғызылған. Басында осынау
құдіретті тәңірдің рақымшылығын білдіретін зәйтүн ағашының
өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы,
иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған.Зевстің сол жақ
иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған.
Фидий Зевске адамға тән кескін-кейіп берген. Оның бет бейнесінен
сұстылықпен қатар мейірімділік те аңғарылатын болған. Мүсін енді
болмаса жымия езу тартып , орнынан кең кеудесін кере
түрегелетіндей әсер тудырған.
Галикарнас мавзолейі.
Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы –
Галикарнаста ﴾қазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴾ бесінші «керемет» Мавсол патшаның
мавзолейі болған.Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде
патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған.
Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр,
бағаналармен тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған. Оның т өбесі с үиірленіп
келген. Мәрмәрден пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында т өрт
арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мүсіндері
болған ﴾ Мавсол мен оның әйелі Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің
басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. ﴾
Міне, «мавзолей» деген сөз Мавсол есімімен байланысты шыққан.
Родос алыбы.
Жаңа заманға дейін 3 ғасырда Родос аралына ата қты қолбасшы Деметрий шабуыл
жасайды. Алайда Дметрий еркіндік с үйгіш родосты қтарды же ңе алмайды. Аралды
жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетінде е ң үлкен
мүсін-ескерткіш орнатады.
Бұл - алтыншы «керемет» Родос алыбы деп аталады. Те ңіз бен қала қа қпасыны ң
аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 метр жас жігітті ң қола м үсіні бол ған.
Осынау алып ескерткіш екі алшайта басып, қала ға жау жолатпас қа һарлы
сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген т әжі бол ған.
Арал тұрғындары күн тәңірі Гейлосты өзендердің қамқорлығы деп білген,
Александрия маягы.
Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам) атауы әлемнің жетінші
«кереметінен»шыққан.Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында,
Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан б ұрынғы 280
жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягы ﴾шырақ﴾ орнатылған.
Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оны ң үстінде
жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол
кемелерге жол көрсеткен...
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz