Альдегидтер мен кетондар: құрылымы, физикалық қасиеттері және қосылу реакциялары


Slide 1

АЛЬДЕГИДТЕР ЖӘНЕ КЕТОНДАР

Slide 2

Альдегидтер. Альдегидтер дегеніміз - молекуласындағы карбонил тобы көмірсутек радикалымен және сутекпен байланысқан

органикалық заттар:

Альдегидтер молекуласына кіретін, көмірсутек радикалымен және сутекпен байланысқан карбонил тобын алъдегидтік топша деп атаймыз.

Slide 3

Физикалық қасиеттері. Құмырсқа альдегидінен басқасы

сұйық заттар, жоғары өкілдері қатты заттар.

Сондықтан қатар бойынша біртіндеп қайнау температуралары да артады. Төменгі өкілдері (С1 - С8-ге дейін) өткір иісті болады. Суда ерігіштіктері де біртіндеп радикалдағы көміртектің саны артқан сайын кемиді.

Альдегидтер тыныс жолдарын, көз қабықшаларын тітіркендіреді, жүйке жүйесіне зиянды әсерін тигізеді.

Slide 4

Кетондар. Кетондар дегеніміз - карбонил тобы арқылы байланысқан екі көмірсутек радикалынан тұратын органикалық заттар. Оларды құрамына кіретін радикалдар атына “кетон” сөзін қосып атайды, ал халықаралық атау бойынша құрамындағы көміртек атомына сәйкес алканның атына - он жұрнағын жалғау арқылы айтылады.

Кетондардың ең қарапайым өкілі - ацетон . Ол - өткір иісті, түссіз сұйықтық, судан жеңіл, бірақ суда жақсы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы, лакты, нитроцеллюлозаны, т. б. Ацетонды агашты құрғақ айдау арқылы, сондай-ак сірке қышқылы мен оның тұздарынан да алады:

Slide 5

Құрамында карбонил

С=0 тобы бар қосылыстарды екі топқа бөледі: алъдегидтер және кетондар. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы -альдегидтерде карбонил тобы радикалмен және сутек атомымен байланысқан, ал кетондар екі радикалмен байланысқан. Альдегидтер мен кетондарға қосылу реакциясы тән, қосылу реакциясы С=0 қос байланысты үзу арқылы жүреді.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Альдегидтер мен кетондар: құрылымы, қасиеттері және алу әдістері
Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері, негізгі реакциялары және алу әдістері
Альдегидтер мен кетондардың құрылымы, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Альдегидтер мен олардың туындылары және көмірсутектер: құрылымы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Арендер және бензол: құрылымы, қасиеттері, реакциялары мен қолданылуы
Альфа-аминқышқылдары: құрылымы, алыну жолдары, қасиеттері және биологиялық маңызды реакциялары
Кетондар: номенклатура, қасиеттер, реакциялық қабілеттілік және синтез әдістері
Карбон қышқылдары: анықтамасы, құрылымы, физикалық қасиеттері және жіктелуі
Спирттердің химиялық қасиеттері, реакциялары және қолданылуы
Алкиндер (ацетилен): құрылымы, алынуы, реакциялары және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz