Қашқаргүл тәрізділер (Asteraceae): морфологиясы, таралуы және шаруашылық-дәрілік маңызы; итошағанның сипаттамасы мен қолданылуы


Slide 1

Күрделігүлділер тұқымдасы

Slide 2

Қашқаргүл тәрізділер (латынша: Asteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер(латынша: Compósitae) - қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы

Slide 3

Таралуы

Дүние жүзінде кең тараған, 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта - шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте - шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік.

Slide 4

Сипаттамасы

Жапырақтары әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіні әр түрлі. Ұсақ гүлдері себет гүл шоғына топтанған. Бірнеше гүлі бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Гүлі қос не дара жынысты, жыныссыз түрі де болады. Тостағаншасы жойылып кеткен немесе айдарша тәрізді. Күлтесі біріккен, осыған орай гүлі түтік тәрізді, қос ерінді. Аталығы 5, аналығы 1, жемісі тұқымша, эндоспермсіз.

Slide 5

Шаруашылықтағы маңызы

К. г-дің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т. б. ), көкөніс түрінде пайдаланылатын (мыс., ассүттіген, бөрікгүл, шашыратқы, т. б. ), мал азықтық (мыс., жер алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т. б. ), әсемдік үшін өсірілетін (қошқаргүл, нарғызгүл, хризантема, қырмызыгүл, барқыт шөп, әсел, т. б. ), дәрілік маңызы бар (түймедагы, арника, дермене, андыз, итошаған, т. б. ) түрлері кездеседі.

К. г-дің арам шөп (шоңайна, қалуен, түйетікен, у кекіре, гүл кекіре, тікенқурай, ошаған, бақ-бақ, түйме-шетен, ақбас жусан, жусан, лаңса, т. б. ) түрлері де бар.

Slide 6 Slide 7

Итошаған (череда трехраздельная)

Итошаған-күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі-ұзынша дән. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі. Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар.

Slide 8

Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдік шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды. Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін тыныштандырады.


Ұқсас жұмыстар
Күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасының сипаттамасы, таралуы және шаруашылық маңызы
Күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасының жалпы сипаттамасы, құрылысы және шаруашылық маңызы
Түйетауықтәрізділер (Meleagris): морфологиясы, таралуы мен шаруашылық маңызы
Крестгүлділер тұқымдасының морфологиясы, таралуы және шаруашылық пен медицинадағы маңызы
Алмалар тұқымдасының өкілдері: морфологиясы, таралуы және шаруашылық маңызы
Ақ түлкі (Vulpes lagopus): морфологиясы, таралуы, экологиясы және шаруашылық маңызы
Астық тұқымдастар (Poaceae): морфологиясы, таралуы және шаруашылық маңызы
Қалампырлар тұқымдасы мен Жарықдәрі (Herniaria) туысының ботаникалық сипаттамасы, таралуы және дәрілік қолданылуы
Ащы ерменжапырақ (Artemisia absinthium): морфологиясы, биологиясы және таралуы мен маңызы
Өрмекші тәрізділер (Arachnida): морфологиясы, анатомиясы және физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz