Атом физикасы




Презентация қосу
9 класс

Атом физикасы
Конференция-сабақ

Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы
жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Қарауылкелді орта мектебі
Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру
Атом ядросы туралы ұғымды енгізген кім, қай
жылы?
Радиоактивтілік дегеніміз не?
Радиоактивтілікті ашқан кім?
Изотоптар дегеніміз не?
Нейтронды ашқан кім және қай жылы?
Атом ядросының құрлысы неден тұрады?
Уран ядроларының бөлінетіндігін кімдер
ашқан?
Тұңғыш ядролық реактор қай жылы іске
қосылды?
Мұғалім:

Бүгінгі баспасөз конференциясына
қатысушы жас физиктер! Бүгінгі
конференцияға тарихшы, физик,
медик, эколог, корреспонденттер
қатысқалы отыр.
Тарихшы – физик:

1942 жылы тұңғыш
ядролық реактор
АҚШ – та Энрико
Фермидің
басшылығымен
іске қосылды.
1945 жылы АҚШ – та алғашқы
атомдық бомбалар жасалып,
сол жылы Жапонияның
(6 – тамызда) Хиросима мен
(9 – тамызда) Нагасаки
қалаларына тасталған.
200000 адамның өмірі
қиылды. Реакция кезінде
бөлінген энергия 20000 тонна
тринитротолуол
жарылғандағы энергияға тең.
1945 жылы 1 – ші совет плутониі алынды.
1946 жылы КСРО – да
Обнинск қаласында
қуаты 5000 кВт
болатын тұңғыш
АЭС іске қосылды.
1971 жылы
Қазақстанда Ақтау
қаласында шапшаң
Нейтронды
реакторы бар АЭС
және теңіз суын
тұщыту қондырғысы
жұмыс істей
бастады.
1986 жылы
Чернобыль
АЭС - сында
апат болды.
1987 жылы қазан айының
3 – күні Ақтөбе облысында
1 – ші болып әлем тізіміне
іліккен Байғанин ауданын
дүр сілкінткен "Ақжар"
совхозы тұрғындарының
жанарына кірбің туғызған
ядролық жарылыс болды.
Физик – инженер:

Жарылыс болған аймаққа
жақын орналасқан
Жарқамыс, Қаражар,
Қалдайбек елді
мекендерінде
радиациялық гамма-фон
әсері 65 микро – сағатқа
дейін болған және
ядролық жарылыс 1020
метр тереңдікте
жүргізілген.
Жергілікті "Жем - Сағыз" газетінің
тілшісі:
"2001 жылы 29 – 30 тамызда
Алматы қаласында өткен
ХХІ ғасыр – ядролық қарудан
азат әлемге бет алу" атты
халықаралық конференцияда
жинақталған дерекке сүйенсек,
сынақтар түрлерін оның залал-
дарын айтпағанда, бұлардың
күре тамыры, орталық отауы
болған "Эмба - 5" полигонының
өзі айналаны, суды, ортаны
ластауы атмосфера мен ауаға
араласқан зиянды қалдықтар
қаншама зардап шектіріп отыр.
ТАСС хабары "Егеменді
Қазақстан" газетінің тілшісі:
3 қазанда Мәскеу уақыты
бойынша 18 сағат 15
минутта Совет Одағында,
Қазақ ССР-інің Ақтөбе
облысында жер асты қуаты
20 килотоннаға дейін
ядролық жарылыс
жасалды.
"Социалистік Қазақстан"
6 қазан 1987 жыл
Физик – медик:
Ядролық жарылыстан кейінгі кезеңдерде бұл
өңірде аналар мен балалардың жағдайы
қиындай бастады. Қанның қызыл
түйіршіктерінің азаюы көбейе түсуде, қан
тасуы жиіленді, ауруды анықтау күрделенді,
дәрімен емдеу аз нәтиже беруде рактың
бұрын кездеспеген түрлері байқалуда. Соңғы
кезде ядролық медицина кеңінен құлаш
жаюда. Радиацияның көмегімен қазір алдын
ала аурудың алдын алуға, диагноз қоюға
болады. Әсіресе рак ауруларын емдеуге
радиациалық әдіс кеңінен қолданылуда. Қазір
сәулелі терапия кеңінен өріс алды. Рак
ауруларының 50 – 60 % - і осы сәулелі терапия
әдісімен емделеді.
Физик – эколог:
Сұлулығы мен табиғи көркіне сай таза
ауасы, кәусар бұлақтары мен өзен көлдері
жарасқан қазақтың ұлы даласы 1950
жылдан бастап атомдық және басқа
жойқын қарулардың сынақ алаңына
айналды. Мемлекет басшысының "Жасыл
желек – жасыл ел" бастамасы да, белгілі
қоғам қайраткерлері құрған "Семей –
Невада","Табиғат " бірлестіктері де
еліміздегі экологиялық жағдайды
жаңартуға бағытталған. Экологиялық
зардаптардың көзін тауып, себеп –
салдарын ашып, оларды үнемі
сауықтырып отыру – қазақстандықтардың
алдында тұрған зор міндет.
Мұғалімнің қортынды
сөзі
Республикамыздың белгілі ақыны,
жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайұлының
жыр жолдарынан:
Ес жиып етек жапты ау бірақ, бірақ,
Көңілім қорқыныштан құрақ - құрақ.
Қасына ядролық қатер келді,
Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ.

Ұқсас жұмыстар
Атом ядросының физикасы
Атом ядросы
Зарядталған бөлшектердің үдеткіші
Тізбекті ядролық реакциялар
Физика концепциясы
Классикалық неміс
Наносымды электродтар
TFTR термоядролық реакторы
Қатты дене қасиеті
Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы - дүниежүз
Пәндер